1. Жалпы ережелер 6D020300–Тарих мамандығы бойынша PhD докторантураға түсуге арналған емтиханының мақсаты – үміткердің кәсіби білімінің тереңдігін және дербес ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге дайындығының деңгейін анықтау.
Мемлекеттік талаптарға сәйкес 6D020300–Тарих мамандығы бойынша PhD докторантураға түсу емтиханының бағдарламасы Отан тарихы мен әлем тарихының өзекті мәселелерін, тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістерін қамтиды.
Әрбір емтихан билеті Отан тарихы мен әлем тарихының, тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістерінің бөлімдері бойынша құрастырылады.
Емтиханда үміткер тарих ғылымының категориялық аппаратын, Отан тарихы мен әлем тарихының, тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістерінің негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын терең меңгергендігін көрсетуі тиіс.
Үміткер тарих ғылымының қазіргі мәселелерін талдауда зерттеу теориялары мен әдістерін қолдануға қабілеттілігін көрсетуі тиіс.
Үміткерден теориялық материалды дәл әрі нақты баяндау, дәлелді түрде өзіндік ұстанымын білдіру, тарихи терминологияны жетік меңгеру, оны жауабында айқын көрсету және Отан тарихы мен әлем тарихының өзекті мәселелеріне, тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістеріне қатысты өзіндік көзқарасын білдіру талап етіледі.
Бағдарлама мазмұны І-бөлім. Отан тарихының өзекті мәселелерін теориялық-әдіснамалық тұрғыда қарастыру Отан тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелері.
Ежелгі дүниедегі Қазақстан. Антропогенез. Адамзаттың даму эволюциясының жалпы сипаттамасы. Отан тарихын кезеңдерге бөлу мәселелері. Қазақстан аумағындағы өркениеттің негізгі ошақтары. Дала өркениетінің дамуындағы ортақ және ерекше белгілері.
Еуразия аумағындағы этномәдени және этносаяси үдерістер. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтардың саяси және этникалық тарихына қатысты тарихи тұжырымдар.
Орта ғасырлардағы Қазақстанның өркениеттік ерекшеліктері. Түрік мемлекеттілігінің тарихи бастаулары. Түрік мемлекеттілігінің дамуындағы негізгі кезеңдер. Қазақ халқының этногенезіндегі түрік тайпаларының рөлі. Еуразия халықтарының этномәдени тұрғыдағы өзара ықпалдастығы.
Түрік дәуіріндегі ойшылдардың еңбектері тарихи дерек ретінде. Түрік өркениеті әлем тарихы контексінде.
Ежелгі түркі жазбалары және түрік мәдениетінің ескерткіштері. Ежелгі түрік және түрік жазба ескерткіштерін зерттеу тарихы.
Қазақстан тарихындағы моңғол дәуіріне қатысты деректерді сыныптау және зерттеу мәселелері. Моңғол ұлыстары, орта ғасырлық мемлекеттер мен Қазақ хандығы арасындағы этникалық және саяси сабақтастық мәселелері.
Қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасуы. Қазақ хандығының көрші халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы. Қазақ халқының этногенезінің соңғы кезеңі мәселелері. Тарихнама. Деректер.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мұсылман руханиятының рөлі. Көшпенділер өркениеті және оның даму ерекшеліктері. Шаруашылық-мәдени қатынастар. Тарихнама. Деректер.
Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. XVIII-XIX ғғ. қазақ-ресей және қазақ-қытай қарым-қатынастары. Теориялық-әдіснамалық мәселелер. Тарихнама. Деректер.
Қазақстан Ресей империясының отарлық жүйесінде. Қазақ мемлекеттілігін жою бағытындағы саясат. Мәселені зерттеудің теориялық-әдіснамалық бағыттары. Тарихнама. Деректер.
XVII-XIX ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуының ерекшеліктері мен қорытындылары. Қазақ халқының отарлық жағдайға бейімделуі. Теориялық-әдіснамалық мәселелер. Тарихнама. Деректер.
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының кезеңдері, ерекшелігі және тарихи маңызы. Тарихнама. Деректер. Теориялық-әдіснамалық зерттеулер. Алаш қозғалысы: тарихнамасы және деректік негіздері.
Қазақстанның жаңа заман тарихына қатысты шет елдік жазба ескерткіштерін дерекнамалық тұрғыда талдау мәселелері.
Кеңестік билік пен әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптасуы мен нығаюының тарихи тәжірибесі мен мәселелері. Қазақстан мен Орта Азияның мемлекеттік-территориялық межеленуі. ХХ ғ. тоталитаризм құбылысы. Тарихнама. Деректер. Теориялық-әдіснамалық мәселелері.
Социалистік модернизация. Кеңес билігінің Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық саясаты: нәтижесі мен салдары. Аштық пен саяси репессиялар – қазақ халқының қасіреті. Тарихнама. Деректер. Мәселені теориялық-әдіснамалық тұрғыда зерттеу.
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту. Тың игеру. Жаңа деректер мен тың зерттеулер.
Қазақстандағы кеңестік ғылым мен мәдениеттің дамуы. Қазақстандағы тарих ғылымының кеңестік кәсіби мектебінің қалыптасуы мен дамуы.
Кеңестік социалистік жүйенің дағдарысы және оның Қазақстандағы көрінісі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қайта қалпына келуі. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыс. Нарық экономикасына көшудің кезеңдері. Әлеуметтік-экономикалық модернизация. Халықтың күнделікті өмір тарихы. Тарихнама. Деректер. Теориялық-әдіснамалық мәселелер.
Тәуелсіз Қазақстан және әлемдік қауымдастық. Қазақстан жаңа қауіптер мен жаңа талаптар жағдайында. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша бастамалары.
Қазіргі тарих ғылымының әдіснамалық негіздері. Отан тарихының өзекті мәселелерін зерттеудің соны әдістері. Отан тарихы және ұлттық идея. Н.Ә. Назарбаев еңбектеріндегі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының маңызы. «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы.
Ғаламдық тарих контексіндегі Қазақстан тарихы.