2. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы бойынша дереккөздер мен тарихнама



Дата13.01.2022
өлшемі17,4 Kb.
#111786
Байланысты:
гос


2. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» бойынша дереккөздер мен тарихнама.

Тарихнама ежелгі грек тілінен аударғанда “история” - тарих және “графия” - тарихты сипаттап жазу дегенді білдіреді. Тарихнаманы ең алдымен адамзат қоғамын танудың аса маңызды түрлерінің бірі болып табылатын тарих ғылымының тарихы деп түсінген жөн. Сондай-ақ тарихнама деп белгілі бір тақырыпқа немесе тарихи дәуірге арналған зерттеулердің жиынтығын атайды.

Тарихнама тарихи білімнің мазмұны мен түрін ашады, тарих ғылымындағы қозғалысты анықтауға мүмкіндік береді, негізгі кезеңдерді анықтайды. Тарихи танымның әртүрлі әдістерінің жетілу процесін, баламалы тарихи ағымдардың мәні мен мазмұнын бақылайды. Тарихнама тарих ғылымының пәнінен өзгеше өзінің ерекше мәніне ие бола отырып, сонымен бірге тарих ғылымымен бірдей әдістемелік әдістік қағидаларға жүгінеді. Тарихнама тарих ғылымының пайда болу, қалыптасу, өзгеру және даму процестерін қарастырады. Өткен мен болашақты тарихи зерделеу жүйесінде Қазақстан тарихнамасы жеке пән ретінде ерекше орын алады және маман-тарихшылардың кәсіптік-ғылыми дайындықтарын қалыптастыратын іргелі пәндер қатарына жатады. Кеңестік тарихи мектептің дағдарысына байланысты Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі даму кезеңі бүгінгі күн талаптары тұрғысынан тарихшылардың түбегейлі тұжырымдарын бүгінгі күн талаптары тұрғысынан қайта зерделеп, олардың еңбектеріне принциптік және обьективтік баға береді. Тарихнаманың міндеті - тарихи таным мен ойдың әртүрлі сатыларының заңдылықтарын ашу, ғылымда әлеуметтік тарихи ақиқаттың терең әрі жан- жақты көрініс табу үрдістерінің негізгі мазмұнын және әдістерін зерттеу.

Тарихнама - тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы. Тарихнама тарихтың тарихын зерттейтін ғылым саласы ретінде өзінің алдына нақты мақсат-міндеттерді қояды.

Тарихнама ғылымының мақсаты - белгілі бір ғылыми мәселенің зерттелу деңгейін анықтап, тарихнамалық деректердің мән-мазмұнын, зерттелу бағыттары мен үрдістерін айқындау, объективті түрде зерттелмеген тұстарын тану.

Ғылымның міндеттері:

-тарихнамалық деректерді жинақтау, жүйелеу ;

-тарихнамалық фактілерді жинап, оларға талдау жасау;

-тарихнамалық фактілердің тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерттеуінің деңгейін сараптау, ұтымды тұстары мен олқылықтарын айқындау;

-тарихнамалық талдау арқылы ғылыми еңбектерге баға беру;

-тарихнамалық деректердің саяси-әлеуметтік жүйелер мен идеологияларға тәуелділігін анықтау;

-белгілі бір мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындап, келешек ізденушілерге тың тақырыптар ұсыну.

Тарихнама ғылымының өзіндік методологиялық негіздері мен ұстанымдары бар. Солардың негізгілері болып ғылыми принциптер мен әдістер саналады.

Тарихнамада объективті әрі терең зерттеулер жүргізуде, сондай-ақ талдаулар жасауда ғылыми әдістер қолданылады. Әдістер - бұл тарихнамашының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына жетудегі саналы тәсілдер мен жолдар. Әдіс - тарихи заңдылықтарды оның нақты көріністері тарихи фактілер, фактілерден жаңа білімді шығару жолдарын зерттеудің тәсілі.

Тарихнамада қазіргі кезеңдегі әдістер жүйесі қолданылады. Тарих ғылымының тарихындағы әдістер гуманитарлық пәндердегі ғылыми зерттеу тәсілдеріне ұқсайды. Осыған орай оларды мынадай етіп жіктеуге болады: тарихнаманың ерекшеліктері мен міндеттері ескерілген барлық гуманитарлық немесе қоғамдық ғылымдарға ортақ әдістер; тарихнамалық танымның өзіне тән әдістер; басқа да, соның ішінде аралас ғылымдардан алынған, яғни пәнаралық әдістер. Басты тарихнамалық әдістер ретінде талдау, компоративті талдау, нақты талдау, логикалық талдау, жүйелеу, синтездеу, салыстырмалы тарихи, мерзімдемелік, мерзімдемелік проблемалық, проблемалық, проблемалық мерзімдемелік, ретроспективті, өзектілік, перспективтілік саналады.

Тарихнама ғылымында әдістерден өзге принциптер ерекше рөл атқарады. Принциптер дегеніміз ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар тарихтың объективті заңдарын оқып-үйренуден туындайды, соның нәтижесі ретінде саналады және осы мағынада заңдылықтар іспеттес болады. Әйтсе де олардың арасында айырмашылық бар: заңдылықтар объективті түрде зерттеушіден тыс әрекет етеді, ал принциптер логикалық категория, олар табиғатта емес, адамдардың санасында өмір сүреді. Тарихнамалық зерттеулер методологиясында басты орынды тарихилық, объективтілік, әлеуметтік принциптер алады. Тарихилық және объективтілік, әлеуметтік принциптерінің тарихнамалық зерттеулер жүргізудегі маңызы зор.

5. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Патшалық құрылыстың қоныс аудару саясаты белсенділігінің артуы.

ХХ ғ. басында Қазақстанның шаруашылық құрылысы екі фактормен анықталады: капитализмнің кең көлемде дамуы және қазақ жерлерін отарлау.

Ресей империясының отаршылдық саясаты барлық әлеуметтік қарама-қайшылықты, аграрлық сұрақта жаппай көшіру қозғалысы белсенді жүргізілді. Ресей империясының жаппай көшуінің жаңа курсы Дала облысы, Түркістан аймағының жергілікті билік органдары жағынан қандай да құқық регламентациясыз этникалық және әлеуметтік топқа қарамай, барлығын көшіруге еркіндігін қабылдады. Қазақ халқының қатігездікпен және заңсыз түрде жерлерін тартып алу нәтижесінде казактардың жер иеленуі күшейіп, сол жерлердің көлемі үлкейе берді.

Ресейдің Қазақстандағы аграрлық саясатының жаңа кезеңі «Столыпин реформасын» жүзеге асыру болып табылады, ал ол орыс шаруаларының дайындауымен қауышынан шығу және жаппай көшіру саясатын күшейту жолымен ауыл шаруашылығының қайта өзгеруіне негізделген. Көшірілгендер үшін көмек жүйе құрылған. Бастапқыда көшірілген орыс шаруалары отбасының әрбір мүшесіне 30 десятина жер алды, сосын 15 десятинадан, ал ХХ ғ. басында 10 десятина жер.

Орыс шаруаларын Қазақстанға көшіру жергілікті халықтың жерін тартып алу жолымен жүргізілді. Егер 1906-1912 жж. қазақтардан 17 млн десятинадан астам жер тартып алынса, 1917ж.-45 млн. десятинадан астам алынды, яғни бұл аймақтық жалпы жердің ауданының 20% -ын құрды. Осыдан көшірілмелі жердік фондтар құрыла бастады.

Н.Е. Бекмаханованың есептеуінше ХХ ғ. басында проваславиелік халықтың жылдық өсімі 2,7 % құрады, ал қазақтарда–1,5%. Жалпы алғанда, Қазақстанда табиғи өсім деңгейі төмен болып қала берді (1907-1916 жж.-15,3%.) және империя бойынша орташа өсімге орын берді -15,6%. Біріннші дүниежүзілік соғыстың алдында Қазақстан халқының жалпы саны 1897 ж. салыстырғанда біраз өсті және демографтардың берген мәліметтері бойынша 5,4 млн адамды құрады.

ХХ ғ. басында капитализмнің дамуы тауарлы-ақшалық қатынасты күшейтумен және банктік капиталды құрумен байланысты. Қазақстанда кредиттік жүйе, кредиттік жаңа формалары және капиталистік кредит құртыла бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында, қазыналықты санамағанда қарапайым банктік операцияларды және 345 кредиттік пен соттық жинақтық серіктестіктерді жүзеге асыратын 44 банктік мекемелер қызмет атқарды. Қазақстан территориясында негізгі банк Мемлекеттік банк болды, сонымен қатар қалалық қоғамдық банктер жұмыс істеді, ал жинақтық кассалар үлкен дамуға ие болды. Революцияға дейінгі Қазақстанда негізінде өндірістің екі түрі дамыды –тау кең өндіру, тау–кең заводы, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу өндірісі. Ғасырдың басында аймақта берілген өндіріс бойынша 7297 жұмыс күші бар 690 кәсіпорын болды. Жалпы Ресейлік 15% шамасында құрайтын алтын өндіру дамыды. Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір орындары жетілдірілді. Батыс Қазақстанда, Орал-Ембі аудандарында мұнай өндірді, онымен «Батыс Орал мұнай қоғамы» және «Орал-Ембі қоғамы» айналысты, және олардың негізгі капиталы 36 млн сомды құрады. Бұлардың көбісі шетел кәсіпкерлерінің қолында қалды.

Мал шаруашылық шикізатымен және пайдалы қазбалармен бай Қазақстан бірте-бірте Ресейдің ірі рыногына айнала бастады, бұнда темір жол құрылысы маңызды рөл атқарды. Өтімнің негізгі магистралы 1656 км. Ұзындығымен Оренбург-Ташкент теміржолы болды. Темір жолдың құрылысы ауыл шаруашылық тауарларының өсуіне, өндірістің дамуына, ал ең бастысы аймақтағы жұмыс қорларының қалыптасуына себеп болды.

1913 жылы жұмысшылар саны 75 мың адамды құрады. Аймақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды, төменгі жалақы, көптеген салықтар болды. Бірақ ең ауыр жағдайда қазақ жұмысшылары болды, оларда кәсіби біліктілігі болған жоқ, және ең ауыры төменгі ақылы жұмыстарды орындады. Осының бәрі жұмысшыларды өздерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларының жақсаруына күреске итермеледі.

XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.

«Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті

6.Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері. Еуропа капиталының кіруі.



XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.

Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет