1. Жамбыл обылысының табиғат жағдайы және территориясы Жамбыл облысының флорасы мен фаунасы



Дата11.02.2023
өлшемі17,81 Kb.
#168350
Байланысты:
kaz bio


СРС 5
Эссе
Орындаган:Гуртмырадов Аймырат
Тобы:Б-19/3
Тақырыбы: Жамбыл облысының экологиялық жағдайына талдау жасау

Жоспары
1.Жамбыл обылысының табиғат жағдайы және территориясы
2. Жамбыл облысының флорасы мен фаунасы (жалпы саны, таралуы, азаюы, Қызыл кітапқа енген түрлері)
3.Жамбыл облысының экологиялық мәселелері (себебі, салдары)
Қазақстан кең байтақ жері бар – табиғи байлығы мол мемлекеттердің бірі. Дегенмен, елімізде ғаламдық проблемалардың қатарына еніп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесі аса өзекті, кезек күтпейтін мәселелердің бірі болып саналады.

Қоғамды атмосфералық ауаны ластау бөлігінде қоршаған ортаның жағдайы және оны қорғау туралы ақпараттандыру мен үнемі жариялап отыру ұсынылады:

- атмосфералық ауаға ластайтын заттардың шығарылуы;

- қалалық елді мекендеріндегі атмосфералық ауаның сапасы;

- озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну.

Осы көрсеткіш қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларының бар және болуы мүмкін (күтілетін) антропогендік ықпалының дәрежесін айғақтайды, сондай-ақ мақсатты мәндердің жетістіктерінің дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтастай атмосфералық ауаға антропогендік салмақтың дәрежесін анықтауға, стационарлық тұрақты және жылжымалы көздердің, соның ішінде экономикалық қызмет түрлері (энергетика, транспорт, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қалдықтармен жұмыс жасауға қатысты қызметтер (қарекеттер)) бойынша, сондай-ақ үй шаруашылықтарының қоршаған табиғи ортаға ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2012 жылы атмосфералық ауаға тұрақты көздерден ластайтын заттардың шығарындылары 2384,3 мың тоннаны құрады және олардың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,6%-ға ұлғайды. Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларының жалпы көлемі стационарлы тұрақты және жылжымалы ластау көздерінен төгінділердің сомасы ретінде анықталады.

Ластайтын заттардың негізгі көлемі Павлодар (675,9 мың тонна), Қарағанды (641,4 мың тонна), Шығыс Қазақстан (140,0 мың тонна), Атырау (133,1 мың тонна) және Ақмола (105,7 мың тонна) облыстарында қалыптасқан.

Атмосфералық ауаның негізгі ластаушылары электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау кәсіпорындары болып табылды, жалпы шығарынды көлемінде олардың үлесі 39,1%-ды құрады, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары – 30,4%, металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары – 23,4%.

Атмосфераға шығарылған ластайтын заттардың жалпы көлемінің 86,1% газ тәрізді және сұйық, 13,9%-ын қатты заттар құрады.

2012 жылы республика кәсіпорындары барлық тұрақты ластаушы көздерден шыққан ластайтын заттардың жалпы көлемінен 92,8% зиянды заттар ұстап, залалсыздандырылды.

2012 жылы республиканың ауа бассейніне қорғасын және оның қосындылары – 542,0 тонна, марганец және оның қосылыстары – 123,2 тонна, мыс оксиді – 248,8 тонна, күкірт қышқылы – 270,3 тонн, күшән – 101,3 тонна, хлор – 53,7 тонна, сынап – 277 килограмм сияқты ерекше ластағыш заттар түсті. Осы заттардың нақты шығарылуы белгіленген жол берілген шекті шығарындыларды (ЖШШ) асқан жоқ.

Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік- аумақтық бөлік. Облыс әр түрлі пайдалы қазбаларға фосфорға, темірге, алтынға, минералды шикізат көздеріне – гипс, күміс, кремний, квартцитке т.б. өте бай.

Жамбыл облысының Тараз қаласы бірнеше жыл бойы Қазақстандағы барынша ластанған қаланың қатарына еніп келеді. Кей жылдары қала ауасы сәл жақсарғанымен, жағдай әлі де күрделі күйде қалуда.

Жамбыл облысы бойынша экология Департаменті жоспарлы тексерістерін жүргізіп отырады.

Жалпы облысы бойынша ластағыш заттардың шығарындылары бар кәсіпорындар және олардың бөлімшелерінің саны 807 бірлік. Оның ішінде ластағыш заттар шығарындылары көздерінің саны 9878 болса, ұйымдастырылған 6164, тазалау ғимараттары мен жабдықталғаны 665. Атмосфераға тасталатын ластаушы заттардың шығарындылары өнеркәсіп мекемелерінен алынған деректер бойынша 2014 жылдың 1 жартыжылдығында 15,388 мың. тоннаны құраған (2013 ж. - 15,202 мың.тонна). Ластаушы заттардың аздап өсуі, кейбір өндіріс мекемелерінің өнімділігі артуымен және жаңа өндіріс орындарының ашылуымен байланыстырылады. 2013 шығарындылардың ластаушы заттары 27,545 тонна болды.

Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының дерегі бойынша 2014 жылдың 1 жартыжылдығында Тараз қаласы бойынша атмосфераның ластану деңгейі өткен жылмен салыстырғанда артқаны байқалып 6,2 бірліктен 7,62 бірлікті құрады.

Бұл ең ірі мәселеге себеп болып отырған автомобиль көлігі. Олардың үлесіне шығарындылардың жалпы жиынтық көлемінің 70 пайыздан аса мөлшері тиесілі.

Жылжымалы көздер үшін көміртегі оксиді (СО), азот оксидтері NОx (диоксид азотына қайта есптегенде), көмірсутектер (СН), күйе, күкірт диоксиді (SO2), қорғасын қосылыстары, тұтастай транспорт құралдарының түрлері (автокөліктік, теміржолдық, әуе, су, жол-құрылысы транспорты) бойынша формальдегид және бензапирен шығарындыларын қадағалау қажет.

Соған орай 2014 жылға 2 кезеңді (мамыр, қыркүйек) айларында «Таза ауа» операциясын жүргізуге арналған бірлескен жоспар бар. Өтпелі жылы департаменттің инспекциялық тексерісіне сәйкес, көлік құралдарын пайдалануда улылық мөлшерін артқанына байланысты 378 әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде соммасы 996376 теңгеге 269 айыппұл салынып және 109 ескерту берілді. Сонымен бірге автокөлік құралдарының улылығын тексермей жолға шығуына рұқсат бергені үшін соммасы 574120 теңгеге 14 заңды және лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, улы газдармен ластағаны анықталғаны бойынша соммасы 178663 теңгеге 8 дауталап беріліп, 5 қуыным материалы 18 көлік құралының пайдалануын бақылау өлшемін жүргізіп, бұзылымдарын жойғанға дейін тоқтатуға матералдар сотқа жолданды. Қазіргі уақытта барлық дауталаптар, қуынымдар сот шешімімен қанағаттандырылып өндірілді.

Табиғи ортаны бүлдіріп және табиғат байлықтарын аяусыз игеру арқылы қоғамның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Экономикалы мүдде экологиядан басым түсіп жатқан жағдайда аймақтың минералдық шикізат қорларын жеделдете игеру облысымыздың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізбей қоймайды. Облыс бойынша тұрақты зерттеу мәліметтеріне қарағанда, мекемелерден шығарылатын ластағыш заттардың көлемі облыс бойынша химия өндірісі, жылу энергетика саласы, кен байыту өнеркәсібіне, коммуналдық шаруашылықтарға және басқа да кәсіпорындарға тиесілі.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 69-бабынай сәйкес жылжымалы көздерден туындайтын заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға міндетті. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыларға оның өтініміне сәйкес осы Кодексте белгіленген тәртіппен беріледі. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және оны сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.



Сондықтан, өзіміз өмір сүріп отырған ортаны қорғау - тек тиісті мекемелердің немесе құзырлы орындардың ғана емес, баршамыздың міндетіміз. Ең болмаса әр адам жылына бір ағаш ексе, өзі жұтып отырған ауаны тазартуға, қоршаған ортаны қорғауға қанша пайда тигізер еді. Дегенмен экологиялық ахуалды сауықтыру бағытында елімізде де, облысымызда да атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. Ел ішінде ғылыми- техниклық, экономикалық даму мен өндірістік өрлеуде экологиялық білім мен тәрбиені нығайту - болашақ жас ұрпақтың өмір сүріп отырған ортасына жанашырлықпен қарауына жетекші болары анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет