1. Жаралар, жіктелімі, түрлері. Жаралардың клиникасы



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі34,81 Kb.
#119451
1   2   3   4
Байланысты:
жарақаттар Шок ҰЖС

Травмалық асфиксия.Травмалық асфиксия (кеуде торының жаншылуы, жоғарғы қуыс вена синдромы) кеуде торының немеес іш қуысының жоғарғы бөлігінің ұзақ әрі қатты жаншылуынан болады. Себебі- адам тобырының арасында басылып қалу, жер сілкінісі, шахта үйіндісі астында қалу т.б. Дененің жоғарғы бөлігіндегі вена қаны айнала алмағандықтан жоғарғы қуыс вена жүйесінде қысым күрт артады, теріде, кілегей қабықтарда және ішкі органдарда, әсіресе, мида ұсақ қанталаулар (петехиялар) болады. Көз орбитасы маңында ісіну пайда болып, конъюнктива астында қан кетеді. Дененің жоғарғы бөлігі мен беті көгереді. Травманың бұл бөлігі өкпе, жүрек, бауыр соғылуымен қатар жүруі мүмкін. Қабырғалары көбіне сынбайды. Жеңіл дәрежедегі травмалық асфиксия өздігінен басылады да белгілері бірнеше аптада кетеді.
Клиникасы: теріде, кілегей қабықтарында нұкте тәрізді қанталаулар болады. Денесінің жоғарғы бөліктері-басы, мойыны, кеудесі күлгін түсті толық қанды болып, ал төменгі бөліктері-бозарған сияқты болып көрінеді.
Жеңіл жағдайда беті ісінген, цианоз байқалады, көз конъюнктивасы астында қанталау көрінеді, тынысы жиі. Кеуде қысылуының орташа дәрежесінде пациенттің санасы тежелген, тахипноэ, қан қақыру, тынысы бұзылу болады. Беті өте ісінген, цианоз айқын, конъюнктивасында петехиялар бар. Ентігу, көз көруі бұзылу белгілері болады. Ауыр жағдайларда бүкіл денесі, кейде беті, мойыны, денесінің жоғарғы бөлігі цианоз. Бетінде, көз конъюнктивасында, мойнында, кеудесінің жоғарғы жағында (“декольте” симптомы), қолдарында көптеген петехиялар бар. Тынысы үстірті, жиі. Емделмесе агонияға ұласады.
Диагнозын қою қиын емес-анамнезіне, сыртқы түріне, петехияларға қарап қойылады.
Шұғыл көмек: Алдымен тыныс алуын қадағалайды. Егер тыныс жолдары қысылып тыныс ала алмас жасанды вентиляция қажет. Жеңіл жағдайда- тыныштық береді, басына мұзды мұйық қояды, қозу байқалса - седативті препараттар (седуксен немесе реланиум, 1 % димедрола) береді; орташа жағдайда – басы мен кеудесін көтеріңкі жатқызып, оттегі береді, жүрек-тамыр дәрілерін береді. Ауыр жағдайда санасы болмаса –жасанды дем беріп, тілін ауа түтігімен бекітеді, трахея интубациясын жасайды. К/тамырға 20 мл 40% глюкоза, лазикс 40-80 мг ми ісініуі мен өкпе ісінуінің алдын алу үшін беріледі.
Госпитализация –бас жағын көтеріңкі етіп жатқызып зембілмен тасымалдайды.
Емдеуі – хирургия немесе травматология бөлімшесінде кіші қанайналым шеңберіндегі тамыр тепе-теңдігін қалпына келтіруге, ісінуді емдеуге, жергілікті анестезия жасап ауырсынуды басуға бағытталған.
Мына сұрақтарға жауап бер:
1. Травмалық шок, анықтамасы, шоктың сатысына байланысты медбикенің жедел көмек көрсетуі.
2. Травмалық токсикоздың клиникасы, жедел көмек.
3. Травмалық асфиксия белгілері, жедел көмек, емдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет