Травмалық шок. Травмалық токсикоз. Травмалық асфиксия. Сұрақтары:
1. Травмалық шок, клиникасы, жедел көмек, емдеу
2. Травмалық токсикоз, клиникасы, жедел көмек, емдеу
3. Травмалық асфиксия, клиникасы, жедел көмек, емдеу
Травмалық шок, клиникасы,алдын алу, емдеу. Травмалық шок- өте күшті қоздырғыштардың әсерінен болған нерв, қан айналу, тыныс алу т.б. маңызды жүйелер жұмысының бұзылуына байланысты өте ауыр жағдай. Себебі: травма, жаралану, күйік, электротравма, қан кету т.б. Ауырсыну импульсі ми жұмысын тежейді. Содан барлық органдар жұмысы бұзылады: қан тамырлары паралич болып, қан қысымы күрт төмендейді. Шоктың 2 фазасы бар:
І- эректильді-қозу фазасы травмадан кейін бірден басталып, тез арада өтеді. Санасы бар, рефлекстері қозған, терісі бозарған, салқын тер басады. Артерия қысымы аздап көтерілген, пульсі аздап жиілеген болуы мүмкін. Бұл фаза байқалмай өтеді.
ІІ- торпидті- тежелу фазасы –санасы тежелген, жалпы жағдайы ауыр, қан қысымы төмен, пульсі жиі, әлсіз, дене қызуы төмендейді. Тынысы жиі, үстірт, жүрек соғысы әлсіз, олигурия. Бұл фазаның ІV ауырлық дәрежесі бар.
Травмалық шоктың ауырлық дәрежелері:
Алговер-Грубер индексі (шок индексі-ШИ)пульс жиілігінің систолиялық қысымға қатынасын білдіреді. Қалыпта ШИ 60/120- 0,5 болады. Шок индексі шок жағдайында 2-ге дейін артатынын кестеден көреміз. ШИ ұлғайған сайын, науқастың жағдайы ауыр екенін білеміз.
Алғашқы медициналық көмек:
· Сыртқа кеткен қанды тоқтату.
· Шоктың жеңіл (І және ІІ) дәрежелерінде наркотикалық анальгетик егу к/т, ал ауыр (ІІІ-ІУ) дәрежелерінде преднизолон егуден бастайды, өйткені анальгетик тыныс орталығын жұмысын тежеп, өлімге душар етеді.Осыдан кейін А/Қ көтерілген соң ғана анальгетик егуе болады.
· К/т шокқа қарсы сұйықтар (физ.ерітінді) құю.
· Науқастың тоңбауын қадағалап, жылытып жауып қою.
· Шина салып, имммобилизация жасау.
· Жағдайына қарай ыссы шай, кофе, егер анальгетик дәрілер болмаса 50-100гр 400 алкоголь беруге болады.
· Оттегі немесе оттегі мен азоттың шала тотығын иіскетіп, реанимация бөлімшесіне жеткізеді.
Емдеу. Науқасты реанимация бөлімшесінде емдейді. Емдеу принциптері:
а) ауырсынуын басу (анальгетиктер, егу, наркоз беру, новокаин блокадалары).
б)қан айналымын жақсарту- қан қысымын көтеру үшін шокқа қарсы сұйықтар (полиглюкин, желатиноль) құяды. Тамыр тонусын көтеретін мезатон, вазопрессин,т.б. гормондар, антигистаминдер, диуретиктер, сұйықтар егеді. Тынысын қалпына келтіру үшін оттегі беріп, интубация жасап, трахеостома салады. Зат алмасуын реттеу үшін натрий бикарбонат, хлорлы кальций, глюкоза –инсулин, плазма, белоктар егеді. Науқасты жылы ұстайды.
Алдын алу. Травмалық шоктың алдын алу үшін жарақат алған науқасқа дер кезінде анальгетик егіп, сыртқакеткен қанды тоқтатып, шина салып, ақырын тасымалдау керек.
Травмалық токсикоз– ұзақ жаншылу синдромы (ҰЖС) – бұл қол-аяқтың жұмсақ тканьдері ауыр нәрсемен ұзақ уақыт бойы қысылып, жаншылып қалғанда пайда болатын ауру. Бұрын Краш-симптом деп аталған, бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде ағылшын дәрігерлері бұл синдромды жиі кездескен ауру ретінде сипаттап жазған. Бұлшық еттің нервтері, қан тамырлары қысылып, тканьге оттегі келмейді, көмірқышқыл газы жиналады. Қолы-аяғы босатылғаннан кейін, бұлшық еттен босаған миоглобин, метаболиттер қанға сіңіп, организмді улайды, шок тәрізді клиникалық белгілер пайда болады. Қысылған бөлік неғұрлым үлкен болса, уақыты ұзақ болса, соғұрлым токсемия ауыр, болашағы /прогнозы/ нашар болады. Ұзақ қысылу синдромының ең ауыр белгілерінің бірі – жедел бүйрек жетіспеушілігі.
Клиникасы: 1 кезең /ерте/ - аяғының не қолының қысылған тұсында бозарған, көгерген, ісінген, қан жиналған бөліктері бар, жағдайы әуелі қанағаттанарлық, содан соң ауырлай бастайды. Санасы кіресілі – шығасылы, ұйқы басқандай болады. Артерия қысымы төмендейді, пульсі жиілейді, олигурия болады. Зәрі – қоңыр түсті. 1 кезең –1-3 күндей ұзақтыққа созылады. 2 кезең – аралық –3-4 аптаға созылады. Олигурия, уремия, анурия секілді бүйрек жұмысы жетіспеушілігі симптомдары басталады. Миоглобин бүйрек каналдарын бітеп тастайды. 3 кезең – кеш кезең деп аталады. Мұнда аяқ ісігі қайтып, еті өледі- некроз, гангрена болады. Ампутациялауға тура келеді.
Қысылу уақыты мен көлеміне қарай 4 формасы бар :
1-форма– өте ауыр – екі аяғы 6 сағаттан артық қысылғанда кездеседі, алғашқы тәулікте өлуі мүмкін.
2-форма -ауыр – бір, не екі аяғы 6 сағаттан артық қысылғанда, 25-30 % жағдайда өлім болады.
3-форма-орташа – бір аяғы /сирағы не бір қолы/ 6 сағаттан кем уақыт қысылғанда кездеседі, өлім болуы мүмкін.
4-форма- жеңіл формасы – қол не аяғының кейбір тұстары 4 сағ. кем қысылғанда кездеседі. Прогнозы жақсы
Дәрігер келгенше көмек: наркотикалық анальгетик егеді, анестезияның қолдан келетін түрін жасайды, яғни, футлярлық анестезия, оттегі мен азот тотығын иіскетеді. Жаншылған тұсын ақырын босатады, мұзды мұйық басады, жаншылған тұсын бинтпен қысып таңады, иммобилизация жасайды. Науқасқа шоққа қарсы шаралар қолданады. Зембілге жатқызып ауруханаға жеткізеді. Ауруханада науқас реанимация бөлімшесінде ем алады : детоксикациялық терапия, бауыр, бүйрек жұмысын жақсартатын дәрілер егеді, ауыр жағдайда - гемодиализ жасап, баротерапия тағайындайды, жүрек-тамыр дәрілерін егеді. Некроз болған тұстарына некрэктомия, ампутация жасайды.