1. Жаралар, жіктелімі, түрлері. Жаралардың клиникасы



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі34,81 Kb.
#119451
1   2   3   4
Байланысты:
жарақаттар Шок ҰЖС

Зақымдар (травматология)
Сұрақтары:
1.Зақымдардың (травмалардың) жіктелімі. Травматизм туралы түсінік. Механикалық травмалардың түрлері.
2. Алғашқы медкөмекті ұйымдастыру. Травма асқынулары: шок, қан кету, инфекция.
3. Жабық зақымдар. Жұмсақ тканьдердің жабық зақымдары: соғылу, созылу, үзілу, клиникасы, алғашқы медициналық көмек, емдеу.
4. Травмалық токсикоз (ҰЖС).
5. Бас, кеуде және іш қуысы зақымдануының жалпы сұрақтары. Алғашқы медициналық көмек
1.Травма- зақымдану (жарақаттар) сыртқы факторлардың бір мезетте өте қатты (өлшеусіз, мөлшерден тыс) әсерінен болған ауру. Организмде органдардың құрылысы бұзылып, функциялары нашарлайды. Ол жергілікті және жалпы белгілері арқылы білінеді. Травманы зерттеу ілімі травматология деп аталады.
Травматизм жалпылама түсінік, бұған травманың бір түрлерінің белгілі бір тұрғындар арасында белгілі бір уақыт аралығында болған жиынтық түрлері жатады. Мысалы, әскери, спорттық, балалар травматизмі, тұмыстық травматизм және т.б. түрлері болады. Олардың алдын алу үшін көшеде жүру ережесін, жеке бастың қауіпсіздік ережесін және өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау қажет. Өндірісте көптеген жұмыстарды автоматтандыру, механикаландыру қажет. Травма түрлері: механикалық, термиялық, электрлік, химиялық, радиация сәулесінен болған және т.б. трамвалар болады. Саны жағынан жекелеген, көптеген, қабаттасқан, құрама травма, политравма және т.б. түрлері болады. Механикалық зақымдар ашық және жабық түрге бөлінеді, және жұмсақ тканьдер зақымы, сүйек-буын зақымы деп те бөлінеді. Жабық зақым кезінде тері жамылғысы мен кілегей қабаттары зақымдалмаған. Ашық зақым кезінде тері мен кілегей қабаттары зақымдалмаған. Ашық зақым кезінде тері жамылғысы мен кілегей қабаттарының зақымдалуы, яғни жаралануы болады, сол арқылы инфекция түсіп, үлкен асқынулар болуы мүмкін. Жұмсақ ткань зақымдары- соғылу, сіңір созылуы, буын байламдарының созылуы, үзілуі, бұлшық еттің созылуы, үзілуі, ұзақ жаншылу синдромы сияқты жабық зақымдар құлағанда, қысылғанда, ұрылғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.
2. Алғашқы медкөмекті ұйымдастыру.
Егер алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетпесе науқастың жағдайы нашарлап, өлімге душар болуы мүмкін.
Орта буын медицина өкілдері алғашқы медициналық көмекті толық көлемде көрсетіп, науқасты тасымалдай білуі тиіс. Зақымның болған жағдайына, орнына, сипатына, ауырлығына қарамастан алғашқы медициналық көмек мына ретпен көрсетіледі:
1. Медициналық көмекті оқиға болған жерде көрсету.
2. Ақырын тасымалдау.
3. Мамандар көмегі және емдеу.
Оқиға болған жерде мына шаралар жасалады:
1. Зақым әсерін жою, анальгетик дәрілер егу.
2. Қанын тоқтату.
3. Жарасын стерильді таңғышпен жабу.
4. Шина таңып, иммобилизациялау.
5. Тыныс, жүрек-тамыр жұмысын жақсартатын дәрілер егу.
6. Науқасты ақырын тасымалдау
Травма кезіндегі жалпы өзгерістер: естен тану, шок, коллапс, өлім.
3. Жиі кездесетін жабық зақымдарды қарайық.
Сіңір созылуы- соғылған, ұрылған кездегі оқыс қимылдан болады. Бұл кезде буын айналасы ісініп, гематома жиналады, буын функциясы бұзылады. Алғашқы медициналық көмек: мұзды мұйықты алғашқы 2-3 сағат ішінде қоюға болады, қатты қысып таңады, қимылдауға болмайды. Іскені қайтып, ауырсынғаны басылған соң жылу процедурасын (маймен ысқылау, жылы грелка басу, УВЧ, т.б.) беруге болады. Бұлшық еттің созылуы, үзілуі оқыс қимыл кезінде бұлшық еттің мөлшерден тыс созылуынан болады. Зақымдалған тұсы ауырып, ісінеді, гематома болады, бұлшық ет функциясы жойылады. Егер бұлшық еті үзілсе, орны дефект-кеміс болып жетіспей тұрады, функциясы болмайды. Алғашқы медициналық көмек – салқын компресс басып, қатты қысып таңады, қимылдатпайтын етіп иммобилизация жасайды. Кейіннен ісінуі, ауырсынуы басылған соң, жылу процедураларын береді. Бұлшық еті үзілсе, операция жасау үшін ауруханаға жеткізіледі.
Шайқалу (сілкіну) - механикалық күштің кенеттен тез әсерінен болады. Анатомиялық айқын өзгерістер болмағанмен, молекулалар деңгейінде, байланыстар үзіліп, функциясы нашарлайды, мүше ісінеді. Сілкініске жиі ұшырайтын органдар- ми, бауыр, өкпелер:өкпе сілкінсе демігіп, тынысы тарылады. Миы шайқалса есінен айырылып, басы ауырады, бауыры шайқалса- бауыр функциясы нашарлайды т. с. с. Емдеуі: ауруханаға жеткізу. Қатаң төсек режимі, гемостатик дәрілер береді, жедел белгілер қайтқанша хлорлы кальций, димедрол және т.б. дәрілерді дәрігердің тағайындауымен алады. Жедел клиникасы кеткен соң тарату (рассасывающие) емін, функциясын қалпына келтіретін дәрілер береді.
5. Бас зақымдануының жалпы сұрақтары. Алғашқы медициналық көмек.
Бастың тері жамылғысы зақымдалған жағдайда бас сүйегі сау, сынбаған болуы, бірақ миына зақым келуі мүмкін, бұл бас сүйек пен мидың жабық травмаларына жатады. Бастың жұмсақ тканьдерінің жабық зақымдары: соғылу, қысылу, гематома түрінде кездеседі.
Бас сүйек сынуы: жарық, ішіне ойылып сыну түрінде кездеседі. Ойылып сыну кезінде ми зақымдалады. Негізгі сүйек сынған кезде мұрыннан, құлақтан жұлын суы ағады (ликворея), қан ағады. Көз орбитасына гематома жиналып, «көзілдірік симптомы» пайда болады.
Мидың жабық зақымдарына мидың сілкінуі, соғылуы, қысылуы жатады. Оның механизмі 1) мидың соққы тиген жерінде зақымдалуы, 2) бас сүйектің ішінде соққы толқыны таралып, мидың бас сүйектің ішіне соғылып зақымдалуы. 3) мидың микроциркуляциясы бұзылып, қан тамыры мен жұлын сұйығы айналысы бұзылады, мидың гипоксиясы мен ісінуі басталады.
Клиникалық түрде- санасы жойылады, басы ауырады, құсады, зақымдалған тұсқа байланысты ошақтық неврологиялық симптомдар болады, яғни қимылы, сезімталдығы бұзылып, менингит симтомдары болады.
Мидың сілкінісі жиі кездеседі, мида көзге көрінетіндей анатомиялық өзгерістер болмайды, бірақ өзгерістер молекулалық деңгейде болады.
Клиникалық белгілері- травма алғаннан кейін сана-сезімі жойылады, есін жиғаннан кейін ретроградтық амнезия болады, яғни зақым алдында не болғанын есіне түсіре алмайды, жүрегі айниды, құсады, басы ауырып, құлағы шулауы мүмкін. Алғашқы медициналық көмек: ауруханаға салу. Емдеу – ауруханада қатаң төсек режимі тағайындалады. Тыныштандыратын дәрілер, антигистаминдер, спазмолитиктер, витаминдер тағайындайды. Ми ісіну белгілері байқалса, дегидратациялық терапия тағайындалады.
Ми қысылу- бас сүйегі сауыты ішінде гематома жиналып, ісік, сүйек сынықтары миды қысқан кезде, ми ісінгенде кездеседі.
Ми қысылу симптомы травмадан кейін біраз уақыттан соң білінеді. Әуелі аздап басы ауырады, бас сүйегі сауытының ішіндегі гематома ұлғайған сайын ауырғаны күшейе береді, басы айналады, құсады, тынысы жиілейді, пульсі сирейді, санасы тежеледі. Гематома орналасқан жағында көз қарашығы ұлғаяды, қарсы жағында- паралич- қимылы болмайды. Ми ісінуі күшейіп, тынысы мен жүрек-тамыр қозғалыс центрі бұзылады, өлімге душар болады. Электроэнцефалография, компьютерлік томография, ангиография көмегімен диагнозын қояды. Бас сүйегіне, миына зақым келіп ес-түссіз жатқан науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде наркотикалық емес аналгетик, мысалы, 5 мл баралгин, 2 мл фентанил егеді. Науқасты зембілге жатқызады, құсықтан, тілі ығысқаннан асфиксия болмасын деп басын қырын қаратып аузын тазалайды, жиі құсса, етпетінен жатқызып, лоток қояды, тілін тілқысқышпен бекітеді. Ес-түссіз жатқан науқастың жағдайын бақылай отырып, медицина қызметкері ауруханаға жеткізеді. Ауруханада миы қысылған науқасқа операциялық ем қолданады, яғни емдеуі -хирургиялық
Кеуде зақымдануының жалпы сұрақтары. Алғашқы медициналық көмек.
Кеуденің жабық зақымдары кеуде қуысы органдарының соғылуы, қысылуы, зақымдалуы түрінде болады. Кеуденің соғылуы, қысылуы жұмсақ тканьдердің осындай травмасына ұқсас келеді. Кеуде ауыр зат арасында қысылған кезде травмалық асфиксия синдромы пайда болып, ентігу, цианоз, А/Қ төмендеуі, пульсі әлсіреуі, жиілеуі, көз конъюнктивасында, ішкі органдарында көптеген нүкте тәрізді қан кетулер болады. Өкпе, бронхылар жыртылғанда жабық пневмоторакс болады. Егер жара клапан тәрізді ауаны бір жағына қарай жіберіп тұрса, клапанды немесе қысымды пневмоторакс болады. Плевра қуысына қан жиналса, гемопневмоторакс болады. Науқастың күйі нашарлайды. Ентігеді, тынышы кетеді, кеудесі шаншиды, тері жамылғысы көгереді, пульсі әлсірейді, артер. қан қысымы төмендейді. Зақым келген кеуде жағы демалуға қатыспайды, перкуторлық дыбыс қораптық тәрізді, перкуссия кезінде жүрек тұйықтығы дыбысы сау жағына ығысқаны білінеді. Везикулдық тынысы дұрыс естілмейді. Рентгенсуретте плевра қуысында ауа бары, өкпенің сығылуы, кеуде ортасының сау жағына ығысқаны көрінеді. Пневмоторакс, гемоторакс диагнозын анықтау үшін плевра пункциясын жасап, рентгенография, жасайды. Өкпе ткані жабық жыртылысында ауа тері астына, кеуде ортасына, мойынға жиналып жұмсақ тканьдер эмфиземасы болады.
Кеуденің ауыр зақымында, өкпе соғылуында, көп қан кеткен кезде «шок жағдайындағы өкпе» (шоковое легкое) пайда болады. Тыныс жетіспеушілігінен ентігу, цианоз, тахикардия, А/Қ төмендеуі байқалады. Өкпенің жабық зақымындаылғал өкпе болады: бронх бездерінен өте көп мөлшерде секрет бөлініп, өкпенің дренаждық функциясы нашарлайды. Науқастың жағдайы ауырлайды. Тынысы минутына 40-50 ретке дейін жиілейді. Аускультация кезінде ылғалды сырыл естіледі.
Алғашқы медициналық көмек- пневмоторакс кезінде анальгетик егіп, жарасына окклюзиялық таңғыш таңып, дренаж жасайды. Егер қабырғалары сынса, новокаин блокадасын жасап, лейкопластырмен иммобилизациялайды.
Емдеуі – кеуденің жабық зақымдарын көбіне консервативті түрде емдейді. Егер қан кету тоқтамаса, дренаждаудан әсер болмаса торакотомия операциясын жасайды. Тынысы жетіспеушілігі тоқтамай, күшейе түссе, трахеостомия операциясын жасайды. Гемоторакс кезінде пункция арқылы да плевра қуысын қанынан тазартады.
Іш қуысы зақымдануының жалпы сұрақтары. Алғашқы медкөмек. Іштің жабық травмасының себебі: соғылу, құлау, ауыр затпен қысылу кезінде іштің соққы алуынан болады. Іштің жабық зақымдары іштің беткі қабатының зақымы және іш қуысы органдарының зақымы деп бөлінеді. Іштің беткі қабатының зақымы кезінде іші ауырып, тері асты тканьдерінің гематомасы білінеді. Бірақ «іш бүлігі» симптомы байқалмайды.
Егер іш қуысына (бауыр, талақ жыртылғанда, шарбы майы тамыры жыртылғанда) қан жиналса, (асқазан, шек т.б. органдар зақымдалғанда) патологиялық сұйық жиналса, қан кету белгілері, іш пердесінің тітіркенуі және травмалық шок белгілері болады. Ішін қараған кезде іштің беткі жағында гематома, сызат іздері болады, іші ауырады, іш бұлшық еттері жиырылып қатаяды, оны басып қарау өте ауыртады. Басып қарау кезінде ішін басып тұрып жіберіп қалған кезде ауырғаны күшейеді, бұл- Щеткин-Блюмберг сиптомы, яғни «іш бүлігі» симптомы деп аталады, ол іштің сір қабығының тітіркенгенін, қабынғанын көрсетеді. Мұндайда науқастың жағдайы тез ауырлай бастайды.
Алғашқы медициналық көмек – науқасқа аштық диета тағайындайды, ішіне мұзды мұйық басады. Асқазанын жууға, клизма қоюға, ішіне жылу басуға болмайды, анальгетик дәрі егуге болмайды, клиникасы жойылып кетуі мүмкін. н жояды. Науқасқа кордиамин 2,0 мл егуге болады, ауруханаға жеткізеді.
Мына сұрақтарға жауап бер:1.Зақымдардың түрлері. Травма асқынулары: шок, қан кету, инфекция.
2. Жабық зақымдар, түрлері клиникасы. Алғашқы көмек кезінде қойылған мұзды мұйық әсері қандай.
3. Бас , кеуде және іш қуысы зақымдануының жалпы сұрақтары. Алғашқы медициналық көмек, емдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет