Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
ЭССЕ
Орындаған: Байназарова А.
Қабылдаған:Баймуканова М.
2022 оқу жылы
Мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі;
Мүгедек әйелдер- тағдырдың тауқыметіне ұшыраған жандар,әбір әйелдің, қыз баласының бұл өмірде қалайтыны сүйіті қыз, сүйікті жар, өнегелі ана болу. Кез-келген әйел үшін ең үлкен бақыт-бұл ана болу қуанышы, сонымен бірге бұл бір өмірдің мәні деп естептейді.Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әйелдер өз өмірін жақсартуға, армандауға өзін дамытуға бет бұрыс бастай бермейді.Мүгедектігі бар қазақстандық әйелдердің әлі репродуктивті құқықтары жоқ.Тіпті әйелдер консултацияларында әдеттегідей тексеру мүмкін емес.Елімізде енді енді мүгедек әйелдердің репродуктивті құқықтары туралы қолға алынып, көтеріліп келеді.Алдымен физикалық мүмкіндігі шектеулі әйелдер арасында мемлекеттік бірлестіктердің бастауымен сауалнама жүргізілді.Сауалнама барысында мүгедектердің кепілдендірілген медициналық көмек алу кезінде кездесетін негізгі кедергілері ғана емес, сонымен қатар мүгедектігі бар әйелдердің көпшілігі гинекологиялық кабинеттерге мүлдем бармайтындығы белгілі болды.Бұл ретте әйелдер өздеріне көңіл бөлмейді деген сөз емес.Олар үшін генеколог қабылдауы үлкен тәуекелмен байланысты.Қазақстанның бірде-бір өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі әйелдерге арналған арнайы гинекологиялық креслолар жоқ.
Мүгедек әйелдердің айтарлықтай үлкен қиындықтарға тап болуы,әлеуметтік кез келген салада тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіби -техникалық даярлау, және жұмысқа орналастыру, дисскриминацияға түсу мүмкіндігі жоғары.Мүгедек әйелдер жұмысқа тұру барысында, несиелер, экономикалық-саяси шешімдерді қабылдауда сирек қатысады.Гендерлік теңдікті қолдау және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін халықаралық және мемлекеттік деңгейде бірнеше мақсаттар қойылған.Әйелдер мен қыздар мүгедектігінің арқасында қоғамда қос кемсітушілікке ұшырайды,соның салдарынан гендерлік зорлық-зомбылық,қоғамның теріс көзқарасы.Әлемдік зерртеулерге қарайтын болсақ БҰҰДБ-әлемдік мүгедек әйелдердің сауаттылық көрсеткіші деңгейін не бәрі 1 пайыз құрайды.Дүниежүзілік банктің есептеуіне сәйкес әрбір минут сайын 30-дан астам әйел еңбек міндеттерін орындау барысында елеулі жарақат алады, немесе сол жарақаттың арқасында мүгедектікке ұшырайды, және бұл дегеніміз әлемдегі 15-50 миллион әйелдердің назардан тыс қалуын көрсетеді.
Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасы әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.Негізгі проблема мүгедектік бойынша жәрдемақының аздығы,тауарлар мен коммуналдық қызметтердің қымбаттығы,жоғары сапалы медициналық қызметті алудың мүмкін еместігі, жарамсыз құрал-жабдықтар, атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді толық пайдалану мүмкін еместігі болып табылады.
Сіздердің мүгедек арбасына таңылған жүкті әйелді көргеніңіз бар ма? Бұл құбылыстың сиректігі сондай, оларды саусақпен санауға болады. Ал қай әйел болса да сүйікті болғысы келеді, өз отбасы мен балалары болса екен деп армандайды.
- Мүгедек әйелдер денсаулық, репродукция және сексуалдық құқықтарына қатысты қосымша қиыншылықтармен бетпе-бет келеді. Бұл физикалық кедергілер – көліктің қолжетімсіздігі, баспалдақтар, дәрігерлер кабинеттері есіктерінің жіңішкелігі және т.б. Бұдан басқа, мүгедек әйелдерге деген жұртшылықтың жағымсыз көзқарасы да бар. Дәрігерлер осындай әйелдердің жүктілігіне теріс қарап, болашақ сәбидің мүгедек боп дүниеге келуі мүмкін деп қорқытып, жүктілікті үзуге кеңес береді.
Бір қарағанда құлаққа жат естілсе де, мүгедектік ауру емес.Мүгедектік адам мүмкіндігін шектесе де, денсаулығы мықты болуын жоққа шығармайды. Дөрекі түрде айтқанда, адам қайғылы жағдай нәтижесінде қолын жоғалтуы мүмкін, бірақ оның ағзасы сау боп қалады. Алайда кейбір медицина қызметкерлері мүгедектік әйел өмірін автоматты түрде құнсыздандырып жібереді деп есептейді. Олар оған құрметпен қарамауы, оны емдеуден бас тартуы немесе басқа ауру белгілерін мүгедектікке таңуы мүмкін. Сондықтан «Шырақ» әлеуметтік және медицина қызметкерлері үшін «Терминология и этика в отношении женщин с инвалидностью» деп аталатын құрал жасап шығарды. Онда мүгедек жандарды қалай атаудан бастап, әдептің жалпы ережелеріне дейін сұрақтар кешені қарастырылған. Бұл жерде әңгіме сыпайы сөйлеудің жағымды бейне қалыптастыруға көмектесетіндігінде ғана емес, көпшілік үшін үйреншікті кейбір сөздердің, түсініктердің негізінен адамның намысына тиетін ұғымдар екендігінде жатыр.
Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектер өз еріктерінен тыс түсік жасатуға мәжбүр екендерін айтады. Ана денсаулығына алаңдағандай сыңай танытқан дәрігерлер жарымжан жанның қарсылығына қарамастан әлі дүние есігін ашпаған баласынан бас тартуына итермелеуде.Тіпті, намысқа тиетін сөздер айтады, дейді олар. Сандарға сенсек, ерекше жандардың әрбір 183-ғана ана бақытының не екенін сезе алған.
Біздің дәрігерлер әлі ескі заманың ағымымен қарайтын сияқты. Жарымжансың ба, демек дүниеге бала әкеле алмайсың деген көзқараспен жүр әлі. Міндетті түрде жүкті болсаң алдыртып, кейін де аяғын ауыр болып қалмау үшін гармональдік дәрілерді ішкізеді. Сен оны қалайсың ба, қаламайсың ба, шаруалары жоқ. Ал қарсылық білдіргендерді ата-анасы, күйеуі немесе жақын туысы арқылы көндіртіп алады екен.Бұдан бөлек, әйелдерге арнайы кеңес беретін мамандардың жоқтың қасы. Олар қарапайым ақпарат алудан да қағылған. Ал ауыл-аймақтағы жағдайды айту тіпті қиын.
Сандарға сенсек, 2013 пен 2017 жылдар аралығында екі миллионға жуық (1 975 979 ) сәби дүниеге келіпті. Оның ішіндегі 776 баланы жарымжан жандар туған. Бұл деген сөз соңғы бес жылдың ішінде мүмкіндігі шектеулі 183 әйел ана бақытын сезінген. Ал қалғандары….Тек қана мүгедек екен деп босануға тыйым салудың еш қажеттілігі жоқ. Бүгінде медицина жоғарғы деңгейде дамыған. Мысалы шетелде бұрыннан бері жарымжан жандарға да, денсаулығы жүз пайыз сау жүкті әйелдерге де тең қарайды. Ал бізде мүлдем олай емес. Керісінше, барынша баласынан бас тартуға итермелейді.
Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен босануға қатаң тыйым салынатын диагноздардың тізімі бар. Оған өте ауыр сырқаттар кіреді. Мәселен, ВИЧ инфекциясы, туберкулез, жүйке аурулары, тағысын тағы. Егер осымен ауыратындар жүкті болып қалған жағдайда, арнайы комиссия құрылады. Яғни баланы дүниеге әкелуге бола ма, жоқ па сол анықталады. Егер ешқандай қарсылық жоқ болса, ананың босануға толық құқысы бар.
Әр әйел адам үшін бала сүюден артық бақыт жоқ. Сондықтан да оның мүмкіндігі шектеулі болса да құқын таптауға ешкімнің қақы жоқ.
Осы проектты жазу барысында мен бірнеше қызық оқиғаларға тап болдым.Әрине бұндай еркеше жандарды табу маған оңайға соққан жоқ.Дегенменде не керек қазір 21 ғасыр, цифрлық техниканың дамыған уақытында.Әлеуметтік желілер маңызды рөль ойнап тұрған уақытта тек адам таппадым деген оймен шектелгім келмей, әлеуметтік инстаграм, тик ток желілерінен ерекше жандарды іздей бастадым.Мақсаттыма жеттімде, әлеуметтік желілерді қолдануымның арқасында мүгедек әйелдер, жалпы мүмкіндігі шектеулі жандардың барына, олардың қоғаммен араласатынына, оларға қоғамның қандай көз-қараста екенін жеткілікті түрде зерттеп, өз түйгенім болды.Мүмкіндігі шектеулі жандардың бұл өмірден күтері көп.Олардың өмір сүруге деген талпынысы, біздің қарапайым адамның талпынысынан жоғары.Әлеуметтік желіден бақылау барысында мүгедек әйелдердің мұңын байқадым.Әрбір әлеуметтік обьектіге немесе тұрғын үйге мүгедектер жете бермейді.Синхронды дыбыс дабылдары бар арнайы бағдаршамдар,жол белгілері мен нұсқағыштар, негізінен, орталық көшелерде ғана орнатылған.Барлық қоғамдық орындарда жеделсаты қондырылмаған.Қала көшелерінде бөгде адамның көмегегінсіз жүрген мүгедектерді кездестіре алмайсыз.Өйткені,олар қоғамдық көлік қызметтерін пайдалана алмайды,биік тротуордан өзі түсіп немесе бағдаршамды дыбыс дабылдарымен жабдықталмаған көшені кесіп өте алмайды.Есту және көру бойынша мүгедектердің көпшілігі радио мен теледидардағы ақпараттық және көркем бағдарламаларға қолы жете бермейді,кітапханалар арнайы қаріп пайдаланылған кітаптармен қамтамассыз етілмейді.Көптеген тұрғын үйлерде мүгедектер арбасын түсіру көтеру үшін бейімделген жеделсаты мен пандустар жоқ, сол себепті қамкөңіл жандардың өз беттерімен дүкен, аурухана, дәріханаларға баруға мұршасы жетпейді.Бос уақыттарын өткізу және демалу нысандарын жиі пайдалану мүмкіндігіне де қол жеткізбей келеді.Қарапайым дүкеннен қайтқан уақытта пакеттерін ұстасып жүретін адам керек.
Тик ток желісінде өз өмірі жайлы белсенді бөлісіп отыратын Дана Мейиржан есімді 19 жасар Алматылық, колледжде оқуын аяқтап, қазір визажист болып жұмыс жасап, белсенді өмір сүріп, жастық-шағының қызығына тоймай, мүгедектігіне қарамастан мойымай, алға талпынып өмір сүріп келеді. 19 жасар Дананың диагнозы жұлын бұлшық етінің атрофиясы (СМА).
(@danaaerlanova)
«Это мышечная дистрофия, мышцы у меня слабые, мои ноги все чувствуют, я могу ими управлять, но из-за их слабости я не могу вставать. До 7 лет я очень слабо ходила, но это прогрессирующая болезнь, после 7 лет я села в инвалидное кресло. У меня инвалидность первой группы. Это довольно редкий диагноз, до определенного возраста врачи не знали, что со мной происходит. Но 2-3 года назад мне поставили точный диагноз»-деп баяндайды өзінің инстаграм желісінде.
Дананың айтуы бойынша кішкентай кезінен бастап үйінде білім алсада, оған еш кедергі болмаған.
«Я с детства была активной, даже в коляске я постоянно выходила во двор, гуляла, общалась со всеми, у меня было много подруг. Я не чувствовала себя особенным человеком», — деп бөліскен екен.
Қазақстанда 400-ге жуық адамдар осы Дананың диагнозымен сәйкес келетін мүгедек жандар бар екен. Бұл жандар әр ай сайын құны 43 миллион тұратын екпе алдаы.
«Раз в четыре месяца я делаю укол препаратом «Спинараза», который приостанавливает прогресс болезни, насчет выздоровления еще не известно ничего. Препарат был зарегистрирован в Казахстане год назад. К счастью, его предоставляет государство. Я единственная взрослая, которая смогла добиться этого укола, как подопытный кролик. В спинной мозг делают укол, это своего рода мини-операция. После этого укол начали получать дети» -деп бөлісті.
Дана өзінің мүгедектік бойынша алатын жәрдемақысын ата-анасына береді екен, өз-өзін ол өзі қамтамассыз ете алады.
«Я с детства любила косметику, красилась маминой косметикой. К 12 годам я поняла, что хочу заниматься этим профессионально. Я написала Гоар Аветисян, что хочу у нее обучиться. Она прилетела в Казахстан, подарила мне курс преображения, я была у нее на мастер-классе, прошла обучение. В 14 лет я начала красить людей и получала от этого удовольствие, мне начали давать за это деньги. С того момента я начала официально работать. За 5 лет у меня образовалась своя клиентская база, люди приходят ко мне через сарафанное радио. Я принимаю в салоне и на дому клиенток», — дейді Дана.
Дана Мейиржан инстаграм желісінде тик ток желісінде белсенді жүргізеді.Инстаграмм желісінде 16 мыңнан астам адам жазылған, Тик ток әлеуметтік желісінде 200 мың-ға жуық адамдар тіркелген. Әрине әлеуметтік желілерде өз бейнеңді салған уақытта оған қарсы пікірлерді жазып жататындар да кездеседі екен.Қарсы пікірге Дана өзіне қарсы қабылдамауға тырысып, көбіне мүгедек жандармен қалай сөйлесу керетігі жайлы бөлісіп отырады. Тик ток желісінде өзінің бір күндік өмірі жайлы салады. Тик ток желісінен мен бақылау жасаған уақытта Дана үйде отырғысы келмейді,.Құрбыларымен болсын, жұмыспен, тіпті жалғыс өзі серуендеп келгуге тырысады екен.Бейнероликтер салған уақытта тек қана өзінің өмірі жайлы ғана айтып қоймай, мүгедек жандарға екінші адамның көмегінсіз қиын екенін айтады.Кейбір обьекттер мысалы кафе, кино театрлар, дүкендер, ойын-сауық орталықтарында кейбір орындарында қарапайым пандустарды көрмейтінін жеткізеді. Елімізде қарапйым пандусты мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жасаудың өзі қиынға соғама деген ой келді...
Байқағаным елімізде мұндай проблемалар жетерлік оған назар аударатын әкімшілік немесе депутаттар жоқ.Жалпы, Үкімет мүгедектердің проблемаларын шешуден гөрі «барды дәтке қуат ет, басқасы тағы болар», дегендей емеурін білдіретін сияқты.Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде» олқылықтар жетерлік.
1.Мүгедек ұғымын медициналық ұғымға тіркемесек.
2.заңнамалық актілерге «мүгедек қыз», «мүгедек ұлдар» ұғымдарын енгізсе.
3.Қарапйым өздерінің құқықтарын қорғай алатындай, зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда заңнан қолдау табатындай заңнамалық актілерді енгізсе деген ойым бар. Осындай олқылықтардың әлі тәуелсіздігімізден бері толтырылмай жатқанына ішім ашиды.Осы мәселеге назар аударатын, көңіл бөлетін бір жан болар мекен...
Жетімі мен жесірін жылатпаған қазақ мүгедектерін де мұңайтпауға тиіс.Демек, олар үшін арнайы құрылғылар, көмекші құралдар: пандустар, сьездер, кең лифтіле, қия жолдар жасау кезек күттірмейтін міндет болып табылады.Және оларды мүгедектер тұратын жерлерден бастағаны жөн, сосын қоғамдық сипаттағы барлық мекемелерге тарату қажет.Әрине, бұл мәселелерді бір жылда шешу мүмкін емес, бүкіл ғимараттарды өңдеу, жолдарды дұрыстау қолдан келмес.Бірақ, ендігі жерде арқаны кеңге сала берудің еш реті жоқ, бастайтын,тап-тұйнақтай етпегенімен еңсеріп тастайтын мезгіл жетті, ең бастысы, қолжетімсіздікке алып келер жаңа кедергілердің пайда болуына жол бермеуміз керек.
Айта берсек осындай түйінді мәселелер аз емес.Шынына келгенде, кемтар адамдар үшін қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес өз мүмкіндіктерін пайдаланып,құқықтарын қорғаудың ауылы әлі алыс.Олардың тиісті жәрдемақы,өтемақыларын алудың өзі проблема туғызып, шақшадай бастары шарадай болған жандар да жетерлік.
Достарыңызбен бөлісу: |