Гендерлік теңдік-бұл біздің заманымыздың маңызды міндеттерінің бірі. Әйелдер мен қыздар ғаламшар халқының жартысын құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең. Гендерлік теңдік, адамның маңызды құқықтарының бірі, тұрақты даму негізінде адам әлеуетін толық іске асыруда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету ісінде басты рөл атқарады. Әйелдерді қоғам өміріне тарту өнімділіктің өсуін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететіні дәлелденген. Өкінішке орай, адамзат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері тұрғысынан толық теңдігіне қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өту керек. Гендерлік зорлық-зомбылықты оның барлық көріністерінде жою, әйелдер мен қыздардың, ерлер мен ер балалардың білімге, денсаулық сақтауға, экономикалық ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және саяси өмірге қатысу үшін тең мүмкіндіктер жасау өте маңызды. Сондай-ақ юұл жалпы жұмысқа орналастыру және басшылық лауазымдарға орналасу мүмкіндіктеріне де қатысты.
Қазақстан Республикасының Ата заңының 14-бабы 2-тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген.
Гендерлік теңсіздік проблемасы көптеген елдердің, діндердің, ұлт пен мәдениеттің көпшілігінде тараған. Сондықтан мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері болып табылады.
Қарапайым сөзбен гендерлік теңдік - бұл барлық әйелдер мен ерлер, қыздар мен ұлдар құқықтарының теңдігі.
Ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- гендерлік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
- материалдық активтерге (жер, мүлік, кәсіпорындар) ие әйелдердің үлесін арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- еңбек нарығына, қаржы және басқа ресурстарға тең қол жеткізу арқылы әйелдердің экономикаға қатысуын кеңейту;
- әйелдер кәсіпкерлігін дамыту тетіктері арқылы ауылдық жерлердегі әйелдерге қолдау көрсету;
- гендерлік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті билік органдарының іс-қимылдарын тиімді жоспарлау және үйлестіру үшін жағдайлар жасау;
- ерлер мен әйелдердің орташа еңбекақысындағы гендерлік алшақтықты қысқартуға ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету;
- бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әйелдердің қатысуын кеңейту.
Көптеген мемлекеттерде әйелдер құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу міндеті тұр.
Қазіргі таңда әлемде әйел бейнесін жаңа өркениет негіздерін қайта қарауды талап етеді. Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқандықтан, осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын зерттеуі қажет. Ал енді сол мәселенің түп тамырын білу үшін жалпы гендер деген не, ол қайдан шықты және оның қазақ қоғамындағы болып жатқан үрдістерге әсері қандай екенін қарастыру қажет.
Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар. Танымал ағылшын социологы Энтони Гидденс «Социология» атты еңбегінде: «Гендер дегеніміз – еркек пен әйел арасындағы дене бітімінің айырмасы емес, ер азаматқа тән қасиеттер мен әйелдік болмыстың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері» деп анықтама беріпті Алғашында гендерлік зерттеулер батыста жүргізілді: Америкада, Англияда, Франция және Германияда. Ресейлік және Қазақстандық психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездесетін. Бүгін жағдай өзгеріп барады: гендерлік зерттеулер адам жайлы ілімнің барлық негізгі аймақтарына кіре бастады. Біреулері «гендерлік зерттеулерді» әйелдердің мүддесі үшін әйелдердің әйелдерді зерттеуі деп түсінеді. Бірақ бұл дұрыс емес, көптеген жағдайларда әйел затының құқықтары жерге тапталып жатады, сондықтан әйел құқығына байланысты мәселелер туындап, гендерлік зерттеуледе көрініс тауып жатады. Осындай жынысқа байланысты дискриминация жағдайларын болдырмас үшін де гендерлік саясат жүргізіледі.
Өз елімізге келетін болсақ, қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғайтын мынадай құжаттар бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы жыныс белгісі бойынша дискриминацияға тиым салады. Қазақстан 1981 жылы ЮНЕСКО-ның «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларына жол бермеу жайлы конвенциясына» қол қойды, ал 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дикриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясына қосылған болатын.
Дәл қазіргідей ашық қоғамда заман талабына сәйкес қоғамдағы ер азаматтар мен арулар әлемі гендерлік саяси көзқараспен қарасақ, теңескендей. Әйтсе де, қазақ қыздарының бүгінгі күнгі тәуелсіз қоғамымыздағы орны қандай?
«Қоғамдық прогрессті әйел жынысының қоғамда алатын орнымен дәл өлшеуге болады», - деп жазған екен Карл Маркс. Бұрынғы даналардың жазғандарына көз жүгіртсек, көбі әйел адамды тек «шаңырақтың сақтаушысы», «бала күтушісі» ретінде ғана қарап, қоғамдық жұмыстарға араластырмаған. Қазіргі заманда әйел адам қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр. Дегенмен, мәселе әйел адамдардың осы іс-әрекет түрлеріне қандай дәрежеде араласып жүргенінде.
Достарыңызбен бөлісу: |