1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз



бет49/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек.

Әлеуметтік психологияның зерттеуінше, сырттан алар нәпақа мотивацияның өз уәжі шегінен шығып кететін (over justification effect) көрінеді. Сырттан алар нәпақаға құлшынған сайын ішкі мотивация әлсірей түсетіні де байқалады. Тәжірибе көрсеткендей, сурет сызу арқылы тағы да сыйлық алғысы келген бала еш сыйлық алмаған балаға қарағанда аз сурет сызады екен. Өзі-себепкер ілімі (Self-determination theory) бойынша, сыйланбаған, сыйлау күтпейтін бала міндет орындалса өз жеке өлшемі мен сенімін қанағаттандырады, сыртқы талап өздесіп, жекенің ішкі сұранысына айналады. Ендеше ол сурет сыздуды өз талабын қанағаттандыру үшін салудан ләззат алатын болады. Демек, сырттан шабыттандырылған мотивацияның ықпалына сене беруге болмайды, ішкі құштарлықты оятуға барынша күш салу керек. Ішкі және сыртқы мотивацияның негізгі айырмашылығы - мотивацияның пайда болуы немесе орны. Мақсат тұрғысынан олар қызығушылық тудыруда, фокусты сақтауда, күтілетін мінез-құлықты құруда және күтілетін нәтижеде бірдей.

Мотивацияның екі түрі арасындағы айырмашылықтың тағы бір маңызды сәті - әр түрдің себебі. Ішкі ынталандыру тұрғысынан алғанда, сыйақы немесе ынталандыру әдетте өздігінен немесе адамның ішінде пайда болатын заттар болып табылады. Мұның көптеген себептері болуы мүмкін, бірақ олардың бәрі жеке. Екінші жағынан, сыртқы мотивация белгілі бір мінез-құлықты орындау үшін сыртқы марапатқа немесе мотивке ие болуы керек. Материалдық емес және материалдық емес сыйақылар екі түрде де болады. Алайда, ерекшелігі - рейтинг. Ішкі мотивацияда алдымен материалдық емес сыйақылар пайда болады, ал сыртқы ынталандыру көбінесе материалдық пайдаға мән береді. Уақыт өте келе сыйақының екі түрін де адам бағалай алады.

Оң және теріс мотивация


Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады. Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.

Тұрақты және тұрақсыз мотивация


Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-әлсіздігіне, ниеттің шын-жалғандығына, кедергілердің сипатына, ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады.

Жекелік және топтық мотивация


Жекелік: Ашығу мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан құтылу т.б. үшін қажетті мотивациялар. Топтық: Ұрпақ өсіру, отбасылық, әулеттік, ұлттық, мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік қарастыру, өзі тәуелді топтың (отбасы, әулет, ұлт, мемлекет) тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет