44. Оқушының жеке оқу траекторияны құрудың негізгі элементтерін атаңыз
Жеке даму траекториясы - бұл білім алуда әр оқушының жеке мүмкіндігін шығармашылық тұрғыдан жүзеге асырудың дербес жолы, өздігімен немесе жұмыс барысында педагогпен бірге ой елегінен өткізген мән, мағына, мақсат және әр жүйелі кезең компоненттері. Оқушының жеке мүмкіндігі астарында оның танымдық, зияткерлік, іс-әрекеттік және басқа да қабілеттері жиынтығы жатыр.
«Дарын» мектебіндегі оқушының жеке дара даму траекториясы - бұл тьюторлық көмекте жеке
сапаларын дамыту мен жүзеге асыруда (өзін-өзі тану мен өзін-өзі қалыптастыру) оқушыларға таңдауды қамтамасыз ететін, мақсатты сараланған бағдарлама.
Жеке даму траекториясы келесікомпоненттерден тұрады:
1.жеке дара оқыту траекториясы;
2.жеке дара даму траекториясы;
3.жеке бейіндік өзін-өзі тану мен өзін-өзі қалыптастыру траекториясы;
4.жеке дене дамуы траекториясы;
Наурыз айының 14-күні 7-сынып (13-топ) оқушыларымен жеке даму траекториясы бойынша кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта топтың кураторы Айдана Қорғамбайқызымен бірге, 13-топ оқушылары жеке даму траекториясының төрт бағыты бойынша өз іс әрекеттеріне өзіндік талдау жасады.
Оқушылар жұмыстың әр кезеңінде:
- Менің алға жылжуым қаншалықты сәтті?
- Қиындықтарды жеңу және қателерді жөндеу үшін не істеуім қажет? (егер олар болса)
- Қандай оқу өнімдерін мен жасай алдым?
- Менің әрі қарайғы оқуымның келешегі және мақсаты қандай?-деген сұрақтарға жауап берді.Оқушылар траектория бойынша әлсіз аймақтарын анықтап, кемшіліктерін түзету жұмыстарын талдады.
Достарыңызбен бөлісу: |