1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын реттейтін құжаттарды талдаңыз



бет58/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

50. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын реттейтін құжаттарды талдаңыз

Критериалды бағалаудың моделі оқушылардың оқу жетістігін бағалау тəжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін анықтайды. Бұл бағалау рəсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сəйкестігін жəне əр оқушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалаудың моделі оқушының дамуын, оның қызығушылығын жəне оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер əр оқушыға жəне оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты əрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге əбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да:

Оқушы оқытудың қай сатысында?

Олар білім алуда неге талпынады?

Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.

Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу жəне оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;

3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;

4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: - оқушыларға олардың оқу сапасы туралы;

- мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы;

- ата-аналарға оқу нəтижелерінің деңгейлері туралы;

- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.

5. Рефлексия, өзін-өзі реттеу жəне өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту арқылы оқу нəтижелеріне жауапкершілік сезімін тəрбиелеу.

1. Критериалды бағалаудың мақсаты, міндеттері, қызметі, əдістері, формалары мен құралдары туралы жалпы сипаттама.

2. Бағалаудың оқу бағдарламасы жəне оқу жоспарымен байланысы.

3. Білімді толық меңгеру теориясы.

4. Оқу мақсаты таксономиясы.

1. Критериалды бағалаудың мақсаты, міндеттері, қызметі, әдістері, формалары мен құралдары туралы жалпы сипаттама.

Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?

Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тəжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.

Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы

2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар

3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

2. анық, айқындылығы;

3. бағаның əділдігі;

4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:

-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.

-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.

-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау. - критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.

-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дəптерлеріне жаздырту.

-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.

-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.

Критериалды бағалаудың функциялары:

1. Ынталандыру

2. Белсенділік

3. Түзету

4. Дамытушы

Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:

- балаға оқытудың əр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

-көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді жəне мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;

- оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;

- ағымдағы жəне қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нəтижесін көрсетуге болады;

- білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;

- оқушының əртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мəнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

- ата-ана, мектеп, оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет