- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.
Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негіздері оқыту және бағалау үрдісінде оқушы тұлғасының когнитивті, аффективті және әлеуметтік салаларының даму ерекшеліктері есебін (тіркеуді) қарастырады 2-кестеде бағалау үрдісіне әсер ететін теориялық негіздер сипаттамасы берілген.
Критериалды бағалау - бұл оқушылардың оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдық қалыптасқан, процестің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін критерийлермен салыстыруға негізделген, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс.
Критериалды бағалаудың функциялары:
- оқытушы
- бақылаушы - дамытушы
- тәрбиелеуші
- диагностикалық
- мотивациялық Практикалық маңыздылығы
- Оқушының жұмысы ғана бағаланады;
- Оқушының жұмысы дұрыс үлгімен (эталонмен) салыстырылады
- оқушыларға алдын ала белгілі орындалған жұмыс;
- оқушыға өзінің жұмыс деңгейін өзі анықтап, ата-анасын хабардар ете алатын бағаны шығарудың нақты алгоритмі белгілі;
- оқушыларды тек қана үйреткен нәрселерді бағалайды, өйткені бағалау критериясы оқу мақсаттарының нақты көрінісі болып табылады.
Критерий мазмұны:
Білім және түсіну
Оқушы оқыған материалды білу мен түсінігін көрсетеді, алынған білімді стандартты және өзгертілген жағдайларда қолдана алады
Зерттеу.
Оқушы математикалық әдістерді қолдана отырып, қандай да бір тапсырманы зерттейді, заңдылықтарды табады, математика тілінің көмегімен олардың арасындағы өзара байланысты сипаттайды.
Байланыс
Оқушы тиісті ғылыми терминологияны, шартты белгілерді пайдалана отырып, ақпаратты бере алады.
Рефлексия
Оқушы таңдалған шешім әдісінің дұрыстығы мен ұтымдылығы туралы ойлайды.
Мұғалімдерге қажет:
Сапалы нәтиже алуға ықпал ететін критерийлерді әзірлеу;
• Өз қызметін талдау және жоспарлау үшін жедел ақпарат алу.
Оқыту сапасын жақсарту;
• Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке оқу траекториясын құру;
Әр түрлі тәсілдер мен бағалау құралдарын пайдалану;
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Оқушыларға:
өз түсінігін білдіру үшін оқыту стильдерінің, ойлау қызметінің түрлері мен қабілеттерінің алуан түрлілігін пайдалану;
нәтижені болжау үшін бағалау критерийлерін білу және түсіну, табыс критерийлерін түсіну.
өзін және өз құрдастарын бағалай отырып, рефлексияға қатысу;
нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді пайдалану, әртүрлі көзқарастарды
білдіру, сыни ойлау.
Ата-аналарға:
Баланың білім деңгейінің дәлелін алу;
Баланы оқытудағы ілгерілеуін қадағалау;
Оқу барысында балаға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау технологиясы оқушының мектеп мазасыздығын төмендетуге ықпал етеді, ал мұғалімдер "соңғы инстанциядағы судьялар" ауыртпалығынан арылады, оқушылардың өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау, өз еңбегінің нәтижесі үшін жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Осылайша, біз критериалды бағалау оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс- әрекетіне үлкен уәждемеге ие екенін көріп отырмыз және ескі бағалау жүйесімен салыстырғанда келесі артықшылықтарға ие:.
Достарыңызбен бөлісу: |