Маслоудың қажеттіліктер иерархиясын құру теориясы адамның мотивациясына түрлі қажеттіліктердің қалай әсер ететініне жауап бергенімен, оның айтарлықтай кемшіліктері бар:
- қажеттіліктер кӛптеген жайтқа байланысты әр түрлі кӛрінеді;
- Маслоу бойынша адам қажеттіліктері иерархиялық түрде орналасқан, біреуі басқасы қанағаттанғанша маңыздылығын жоғалтпайды, содан соң келесісі маңыздылыққа ие болады. Алайда мұндай қатаң реттілік міндетті түрде бола бермейді;
- жоғарғы топ қажеттілігін қанағаттандыру міндетті түрде оның ынталандыру әсерін бәсеңдетпейді. Маслоу бұл ережеден «ӛзін кӛрсетуді» шығарып тастаған, тәжірибе кӛрсетуіне қарағанда сыйлау қажеттілігі «ӛзін кӛрсету» қажеттілігін қанағаттандыру барысында ӛз ықпалын күшейте түседі екен.
ХХ ғасырдың 20 жылдары батыс психологиясында тек адамға қатысты мотивация теориялары пайда болды. Мұнда ағзалықтан басқа оқыту және теория нәтижесінде пайда болатын психогенді қажеттіліктер бөліп көрсетіледі . Оған жетістікке жету, тәуелсіздікке жету, афиллиация, агрессия, сыйластық және қорғаныс, басымдылық және көңіл аударту, зиянды әсерлер мен сәтсіздіктерден қашу т.б.қажеттіліктер жатқызылады. Сонымен қатар А.Маслоу да адам қажеттіліктерін жіктеуді ұсынды. А.Маслоу адамдардың бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындады. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді 5 категорияға бөледі:
1. Физиологиялық қажеттілік адамға өмір сүруі үшін қажет. Оған су, баспана, тамақ, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.
2. Қорғану, қауіпсіздік және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта жағынан болатын физикалық және психологиялық қауіп – қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы жатады.
3. Әлеуметтік қажеттілік – бұл біреулерге немесе бір нәрсеге қатыстылық сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі.
5. Өзін-өзі өзектендіру және көрсету қажеттілігі – адамның өзінің потенциалды, жеке басының өсіп-жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі және мүмкіндігі. Өзін-өзі өзектендірудің көптеген міндеттері тұлғаішілік болып келуі мүмкін. Оларға: дамудың потенциялдық мүмкіндіктерін ашып көрсету, өмірлік позицияны қалыптастыру, жоспарлау, өзін ашып көрсету жатқызылады.