1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Ішкі және сыртқы мотивацияның ерекшеліктерін талдаңыз



бет61/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

52. Ішкі және сыртқы мотивацияның ерекшеліктерін талдаңыз

1 Мотивация отандық және шет ел психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің кӛзін, оның іс- әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс- әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. Ең жалпы түрде түрткі -бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.

Мотивация проблемасының күрделілігі мен кӛп аспектілігі оның мәнін, табиғатын, құрылымын түсінуде және де оны әр тұрғыдан зерттеу әдістерінің кӛп болуымен шартталады. Отандық психологияда мотивация адамның ӛмірлік іс-әрекетінің, оның мінез-құлқының күрделі, кӛп деңгейлі реттеушісі ретінде қарастырылады. Осы реттеудің жоғарғы деңгейі саналы-еріктік деңгей болып табылады. В.Г.Алексеев кӛрсеткендей, адамның мотивациялық жүйесі тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие.

Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін мотивациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез келген басқа түр сияқты оқу мотивациясы да осы іс-әрекетке тән ӛзгеше факторлар қатарымен анықталады. Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс-әрекеті жүзеге асатын білім беру мекемесімен анықталады; екіншіден білім беру процесін ұйымдастырумен; үшіншіден, оқушының субъективтік ерекшеліктерімен; тӛртіншіден, педагогтың субъективтік ерекшеліктерімен, ең алдымен оның оқушы ісіне деген қатынастар жүйесімен; бесіншіден, оқу пәнінің ӛзгешелігімен.

Оқу мотивациясы, оның басқа түрлері сияқты жүйелі болып табылады. Ол бағыттылығымен, тұрақтылығымен және ӛзгермелілігімен сипатталады. Мысалы, Л.И.Божович және оның әріптестерінің жұмыстарында оқу іс- әрекетін зерттеу материалдары негізінде келесі жайт атап кӛрсетілген: оқу мотивациясы түрткілер бағыныштылығымен анықталынады және де олардың ішінде осы іс-әрекет мазмұнымен және оның орындалуымен байланысты ішкі түрткілер немесе қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуына ұмтылумен байланысты кең әлеуметтік түрткілер үстем болуы мүмкін.

Оқу мотивациясы үнемі ӛзгеріп отыратын және бір-бірімен жаңа қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға деген жағымды қатынастың ӛсуі немесе теріс қатынастың тереңдеуі емес, ал оның артында тұрған мотивациялық аясы құрылымының, оған енетін түрткілердің күрделенуі, олардың арасында жаңа, неғұрлым кемелденген, кейде қарама-қайшы қатынастардың пайда болуы. Осыған сәйкес оқу ісәрекетінің мотивациясын талдауда тек үстем түрткіні анықтап қана қоймай, сонымен қатар адамның мотивациялық аясының бүкіл құрылымын есепке алу да қажет. «Мотивациялық аяның бағыныстылық құрылымы тұлғаның бағыттылығын анықтайды, ал тұлға бағыттылығы ӛз мазмұны мен құрылысы бойынша қай түрткілер үстем болса, соған байланысты түрлі сипатқа ие».

2 Мотивация және мотив, әсіресе оқуға мотивация мәселесі әрбір адамды, жатқызады. Кез-келген оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруға тырысатын психолог не педагог ең алдымен оқушылардың оған деген мотивациясын, яғни қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға тырысады, оның негізін, түп– тамырын іздеуге талпынады.

Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындаудағы ерекшеліктері мен оның өзіндік қасиеттері өзара біртұтас құрылымды құрайды және бұл құрылым иерархиялық түрде көрінеді, яғни адамның барлық қасиеттері айналасына жинақталатын орталығы болады. Л.И.Божовичтің пікірінше мұндай орталық адамның мотивациялық-қажеттілік сферасы болып саналады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет