«Қазақстан-2050» Кемелденген мемлекеттің жаңа



Дата07.02.2022
өлшемі104,65 Kb.
#95171
Байланысты:
жауаптар
эссе

2005-2010 жж. мемлекеттік бағдарлама Қазақстан медицинасының дамуына өз үлесін қосты. ҚР Президенті, ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Ұлт денсаулығын жақсартуда айтарлықтай табысқа қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруда оның ұйымдық жүйесі басқару мен қаржыландыру қайта құрылды», – деді [3].
Жолдауда денсаулық сақтауға жыл сайын қомақты қаржы бөлінетіні, тегін және жеңілдік бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру жастарының ұзақтығы, балалар реабилитациялық орталықтары мен ана және бала орталықтары, нейрохирургия, жедел медициналық көмек, кардиология орталықтарын қамтыған кластерлік жүйе енгізілгені туралы айтылған. Сонымен қатар олардың қатарына арнайы салынып жатқан мамандандырылған медициналық мекемелерді, жасанды ұрықтандыру бағдарламасына жыл сайынға бөлінетін квоталарды, қоғамға қауіпті арурулармен күресуді жатқызуға болады.
Денсаулық сақтау туралы заң да қиындықтарды басынан кешті. «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексі қабылданды. Бұл акт еліміздегі денсаулық сақтауға қатысты барлық мәселелерді қамтыды. Сонымен бірге осы саладағы мемлекеттік басқару тетіктерін бекітті. Бұл кодекс медициналық ұйымдарда және ҚР денсаулық сақтау саласындағы білім ошақтарында жаңа медициналық құрал-жабдықтарды енгізуді міндеттеді. Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Холдинг сол үшін құрылған еді. Бұдан басқа денсаулық сақтау салаларында лицензия беру, аккредитация және аттестаттау жүргізу ережелері мен негіздемесі тұңғыш рет заң тұрғысынан бекітілді.
«Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы жаңа міндеттер қойды: сапалы және қолжетімді медициналық қызмет; кең таралған ауруларға диагноз қою мен оны емдеу; сауықтыру медицинасын дамыту; «смарт-медицина» қызметін, ауруды қашықтықтан емдеу мен сауықтыруды, «электронды медицинаны»; 16 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсетуді өмірдің минималды стандартын заңмен бекітуді енгізді.
Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер де бар.
Олар:

  • ауылдарда кәсіби мамандардың жетіспеуі;

  • денсаулық сақтау саласында мамандардың нашар дайындалуы;

  • медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі, әлеуметтік жағынан аз қорғалғандығы;

  • аймақтардағы медициналық мекемелердің техникалық жағынан нашар жабдықталуы;

  • мемлекеттік басқару ұйымдарындағы жемқорлық;

  • жіберілген дәрігерлік қателіктерге дәрігерлердің жауапкершілігінің төмендігі, олардың кінәсін дәлелдеп, жауапқа тартудың қиындығы.

Спорт-дене жаттығуының қандай да бір түрінде өтетін жарыс процесі барысында барынша жоғары нәтижені игеруге бағытталған арнайы іс-әрекет.
Дене мәдениеті-жалпы мәдениеттің бір бөлшегі, қоғамдық тарихи тәжірибе процесінде жинақталған, адамның дене мүмкіндіктерін жетілдірудегі қоғам қол жеткізген нәтижелердің жиынтығы. Материалдық құндылықтарға спорт ғимараттары (стадиондар, спорт залдар, бассейндер, т. б.), жабдықтар, арнаулы киімдер, құралдар, және т. б. жатады. Рухани құндылықтарға ғылым, өнер туындылары (әдебиет, мүсін, сурет, музыка және т. б.) жатады. Дене мәдениеті – дене тәрбиесі теориясының түсініктері ішіндегі ең кең ұғымда қолданылады. Ол жоғарыда қаралған ұғымдардың барлық мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыс және педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстандық дене тәрбиесі теориясының идеологиялық негізгі ұлттық-халықтық педагогика мен интернационалдық тәрбие практикасының озық үлгілеріне сүйенеді. Қазақтың Ы. Алтынсарын, А. Құнанбаев тәрізді ұлы перзенттері, Ә Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов сияқты демократ ағартушылары, Ш. Құдайбердіұлы сияқты ойшыл ақыны т.б. үлкен тұлғалары адамды жан-жақты дамыту қоғамның дамуына, жалпы бүкіл адамзаттық игілікке үлес қосатынын ғылыми тұрғыдан негіздеп берді. Дене тәрбиесі осы жалпы адамзаттық тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып табылады. Демократиялық қоғамның негізін салушылар адам тәрбиесі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, ал ол өз кезегінде адамдардың санасы мен білім деңгейіне, мәдениетіне, бір ауыз сөзбен айтқанда, алған тәрбиесіне тәуелді екенін дәлелдеп берген болатын [2].
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекеткежемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны: шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн: оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.Адамбеков К.І., Құрназаров А.К., Новиков А.Д., Матвеев, Л.П., Филин В.П., Бондаревский К.И., Қасымбекова С.І., Ботағариев Т.Ә. және т.б. дене тәрбиесі мен әдістемесінің негізін қалаушы ғалымдардың ойынша дене шынықтыру жаттығулары гимнастикалық іс-шаралардың ұйымдастырылу үрдісі мен табиғаттың шынайы, өзіндік күштерінің өсіп келе жатқан ағзаға әсері зор деп есептейді [1].
Демек, жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы, оның денсаулықты қорғауы мен нығайтуы, сонымен қатар қоғам талабына сәйкес болатын білім, біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуы тиіс.
Дене тәрбиесін оқытудағы мұғалімнің мақсаты:
- кіші мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдіру, барлық бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуын қадағалау, дене бітімінің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік бұлшық ет белдемесін құру. Бұлшық ет пен сүйек дамуының үйлесімдігін ескеру. Ол үшін баланың күн тәртібін дұрыс құрдыру.
Мұғалім оқушыларға дене шынықтыру арқылы жан-жақты тәрбие береотырып, қажетті білім, іскерлі дағдылармен қаруландырады.
Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар – жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты, жүзу туризмнің спорттық түрлері т.б.Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғат факторлары. Күн көз, ауа, суға шомылу, душ қабылдау суықтыру ретінде пайдаланылады. Табиғат факторлароын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.Балалардың сауықтыру жұмыстарын қоғамдық пайдалы еңбекпен үйлестіріп жүргізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы, туған өлкенің табиғи байлығымен танысу, орман шаоруашылығын, қорықтарды, бассейндерді қорғау, кейбір жеңіл – желпі ауылшаруашылық жұмыстарын шефке алу т.б. [3].
Дене тәрбиесінің маңызы- адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған. Чехтың ұлыпедагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді. Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті. ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды. Гигиеналық-жаттығулар мен ұдайы шұғылдану, жугіру, шаңғы тебу, жүзу, қайық есу сияқты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу үрдісін күшейтеді. Қан айналысып, зат алмасуын жақсартады.
Бүгінде арнаулы орта орындарында да дене тәрбиесі саласына аса зор көңіл бөлініп отыр. Соның арқасында оқытушылар өз жұмыстарын жүйелі жолға қою мүмкіндігіне ие болды. Жалпы, дене тәрбиесінің негізгі құралдары – ол күнделікті сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы (көптеген спорттық және гимнастикалық жаттығулар, ойындар мен туристік іс-шаралар). Ал дене тәрбиесін жетілдірудің қосымша құралы (яғни түрлі спорт түрлерімен айналысу) ретінде сабақтан тыс жүргізілетін үйірмелер мен жарыстарды айтамыз, мұнда нақты спорт жаттығулары қолданылады. Бұл пайдаланылатын құралдар айырмашылығыболып табылады [4]

Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі болуы үшін оған жан-жақтылық қажет. Оқушының дене тәрбиесін жетілдірудегі қосымша қызметті ұйымдастыруды осы ұстаным негізінде жүргізуге болады.


Бұл:
- оқушының спортпен айналысу мүмкіндігін кеңейтеді;
- өз қалауынша дене мәдениетін жетілдіру құралын таңдауға мүмкіндік береді;
- өзінің қосымша қарым-қабілетін арттыруға көмектеседі;
- оқушының бос уақытын ұйымдастыру тиімділігі;
- оқу орындарында спорт түрлерінің дамуын нығайтады;
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында қолданылатын ақпарат құралдар мен әдістері негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгілеріне сөз бен бейнелеп көрсету жатады. Сөздің көмегімен дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында а) оқушыларды ұйымдастыру; ә) білімді мәлімдеу; б) орындалған жаттығуларды және олардың нәтижелерін талдау мен бағалау; в) көңіл-күй жағдайын реттеу; г) тәрбиелеу міндеттерін орындау қамтамасыз етіледі. Бейнелеп көрсету үйренетін қимылдар туралы нақты мәліметті қысқа уақыт ішінде білуге мүмкіндік береді [5]
Негізінен дене тәрбиесі сабағы мен спорттық үйірмелердің қызметі, мақсат-міндеті сайып келгенде бір арнаға тоғысады. Олардың ең басты да негізгі қызметі оқушының дене мәдениетін қалыптастыру, тәрбиелеу, жаттықтыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет