54.«Қалыптастырушы бағалау» ұғымының мәні, қалыптастырушы бағалаудың үш құраушы бөлігіне сипаттама беріңіз
Дәстүрлі жағдайда мұғалім оқушыларды оқыту мен бағалауға қатысты жауапты тұлға ретінде танымал. Алайда оқудағы оқушы мен құрдасының рөліне де назар аудару қажет. Мұғалім көп жағдайда тиімді оқу ортасын құруға, енгізуге жауапты, ол кезде оқушылар сол ортада оқуға, нәтижеге жетуге жауапты болады. Оқытуға жауапкершілік мұғалімге де, оқушыға жүктелетіндіктен (серіктестік құқық тілінде – «ынтымақтастық жауапкершілік»), екеуі де нәтижеге жетуде кез келген келеңсіздіктердің алдын алуға күш жұмсауы қажет. Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында оқушыларды қолдау үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажет:
«оқушылар оқудың қай сатысында тұр?»,
«өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және
«соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?», бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және оқушы