1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз



бет1/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ


1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз.

Жеке тұлғаға жүйелі білім беру ретінде көзқарас Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьев тұжырымдамаларында іске асырылған. Ол ең дәйекті түрде A. Н. Леонтьевтің тұжырымдамасында ашылады. Автор тұлғаны қоғамдағы өмірден туындаған психологиялық жаңалық ретінде түсіндіреді. Жеке тұлғаны қалыптастырушы және оның нақты болмысының нысандары қоғамдық қатынастар болып табылады. А. Н. Леонтьев субъекті затпен қайта құрушы әрекеттерді жүзеге асыратын мазмұнды процесс ретінде қызметті түсінді. "Адамның психологиялық дамуы-оның қызметін, санасын, тұлғасын дамыту процесі"

Адам тұлғасының қалыптасу процесіне әсер ететін факторлар туралы жалпығылымилық теорияда (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) кәсіби білім беру мақсатын жүзеге асыруда сыртқы, ішкі және бағыттаушы факторлары жиынтығы негізінде кәсіби білім берудің мақсатына қол жеткізуге болады делінген. Жүргізілген зерттеулер негізінде факторлардың үш тобын ажыратамыз: 1.Әлеуметтік– педагогикалық – нормативтік-құқықтық фактор, аймақтандыру және орта факторы; 2. Психологиялық-педагогикалық – өзін-өзі дамыту факторы; 3. Бағыттаушы – білім беру процесін ұйымдастыру және оның мазмұны.

Әлеуметтік-мәдени теория жеке тұлғаның дамуына қоғамның қосатын үлесінің маңызын қарастырады. Бұл теория дамып келе жатқан адамдар мен өздері тұрып жатқан мәдениет арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызын атап өтті. Әлеуметтік-мәдени теорияның негізінде психолог Лев Выготскийдің жұмысы жатыр, оның пікірі бойынша, ата-ана, тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін жауапты болады. Выготскийдің айтуына қарағанда, «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі – әлеуметтік, содан соң – психологиялық, әуелі интерпсихикалық санат ретінде адамдар арасында, содан кейін интрапсихикалық санат ретінде баланың жан-дүниесінде көрініс табады». Бұны осы дәрежеде ерікті зейінге, логикалық жадыға және түсініктердің қалыптасуына қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет