2. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы. Профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесі және эпидемиологиялық айғақтар
Қазақстан Республикасының 2013жылғы 12 ақпанның №119 Қаулысына «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы » өзгерістер мен қосымшалар енгізілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысы.
Егу күнтізбесине белсенсіздірілген полиомиелит вакцинасымен, баска анатоксиндермен қосарланған тазартылған көкжөтел вакцинасы енгізілді.
Тазартылған көкжөтел вакцинасынын артыкшылығы, мүмкін болатын жанама әсерді төмендетеді.
Күшейтілген қауыпсіздік қасиеттері бар әлсіздендірілген полиомиелит вакцинасы егилгендер мен жанасқандар арасында вакцинатауелді полиомиелиттин болу қаупін төмендетеді. Көкжөтел вакцинасы басқа анатоксиндермен комбинирленген және әсерсіздендірілген полиомелит вакцинасы 2,3,4,18 айдағы балаларға салынады. 6 жастағы балаларға басқа анатоксиндермен комбинирленген көкжөтел вақцинасы салынады. Барлық вакциналар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған.Қазақстан Республикасында тіркелген.
Инфекцияларға қарсы профилақтикалық егулердің тізімі
|
Жеке тұлғалар тобы және профилактикалық егулер салу мерзімі
|
В Вирусты гепатиті
|
Дүниеге келген нәрестелер бірінші 12 сағат өмірі , 1 мен 4 айлық балалар
|
Туберкулез
|
3-5 күндік сәбилер, 6 жастағы балалар, туберкулез ауру бойынша жоғары дәрежедегі тәуекел тобына жататындар
|
Пневмокк инфекциясы
|
2, 4 және 12-15 айлық балалар
|
Дифтерия,сіреспе, көкжөтел
|
2, 3, 4, 18 айлық балалар, 6 жастағы балалар
|
Полиомиелит
|
2, 3, 4, 12-15, 18 айлық балалар
|
Гемофильді инфекция
|
2, 3, 4, 18 айлық балалар
|
Қызылша,
эпидемиялық паротит, қызымақ
|
12-15 айлықжәне 6жастағы балалар
|
Дифтерия мен сіреспе
|
6 жастағы, 16 жастағы, 26 жастағы ересектер және 66 жасқа дейін келесі 10 жыл
|
Дифтерия
|
11 жастағы балалар
|
Тұмау
|
6 жастағы балалар мен ересектер
|
Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мынадай инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:
«А» вирусты гепатиті;
тұмау;
күйдіргі;
туляремия.
Эпидемиологиялық айғақтар бойынша вакцинациялау жүргізілетін инфекциялық аурушаңдық деңгейі жоғары өңірлерде тұратын адамдар («А» вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит) жоспарлы егілу жасалатын топ болып саналады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2295 қаулысымен бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |