5. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы. Вакцинадан кейінгі реакциялар және асқынулар.
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы - профилактикалық егулер арқылы жұқпалы аурулардың алдын алу, шектеу, тарату және жою мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жүйесі.
Қазіргі уақытта қолданылатын вакциналар қауіпсіз және тиімді. Жаппай иммундау кезінде вакцинацияланған денсаулық жағдайында әртүрлі ауытқулар пайда болуы мүмкін.
Вакциналарды енгізу тәсілдері:
Вакциналардың көбісін тері астына егеді, ал сорбцияланған препараттар бұлшық етке егіледі. Вакцинаны жаурынның астына немесе иықтың жоғарғы және орташа бөліктерінің сыртқы жағына егеді.
Жаурын астына, тері іші тәсілімен вакцинаны екеннен кейін реакциялар аз кездеседі.
Вакциналарды бұлшық етке енгізу (санның жоғарғы сыртқы бұлшық етінің квадрантына, жамбастың алдынғы сыртқы жағына).
БЦЖ вакцинасын егу үшін тері ішілік әдіс қолданылады. Вакцинаны иықтың сыртқы жағына егеді. Препаратты тері ішіне енгізген жерде томпақша пайда болады, оның беті лимон қабыршағының сыртына ұқсайды. Егер препарат енгізген жерде томпақша пайда болмаса, онда препараттың тері ішіне емес, тері астына түскені. Ол дұрыс егілмеген болып саналады, оның суық абсцеске айналуы мүмкін.
Тері үстілік әдіс кейбір тірі вакциналарды (туляремияға, Ку-қызбасына, күйдіргіге, бруцеллез, обаға қарсы) еккенде және диагностикалық аллергиялық сынамалар жасағанда қолданылады.
Вакциналарды аэрозольді түрде қолдансақ аэрозольді (ингаляционды) иммунизация пайда болады, бірақ вакцинаны мұрынға тамшы арқылы тамызса тыныс алу жолдарына вакциналардың бөлшектері енеді.
Ғылыми зерттеу барысында коньюктивальды әдіс қолданады, бұл кезде антиген тез ара мұрын қуысына түсіп ауамен өкпеге барады. Мұрын арқылы өлі және химиялық вакциналарды қолданғанда концентрленген вакцинаны қолданады. Мұрын арқылы әдіс көбінесе ревакцинация үшін қолданады. Аэрозольді түрде вакцинация аз уақыт арасында өкпенің жоғарғы тұрақтылығын қалыптастырады, бұл респираторлы инфекциялардың алдын алуда үлкен маңыздылығы бар.
Вакцинаны ауыз арқылы қолданса, әр түрлі инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға болады. Энтеральды вакциналардың төмен реактогенділігі және аз аллергиялық қасиеті бар.
Вакциналардың кері әсерлері
Вакциналар көп мүшелер мен жүйелердің функциясына кері әсерлер тигізуі мүмкін. Иммунизациядан кейінгі кері реакциялар 4 типке бөлінеді:
вакцинадан кейінгі пайда болған, кері реакциялар;
вакцинация кезінде жіберілген қателіктерге байланысты болған кері реакциялар;
кездейсоқ сәйкестік кезінде пайда болатын кері реакциялар.
Вакцинадан кейінгі реакциялар - жалпы және жергілікті болып бөлінеді.
Жалпы реакциялар - бұл температураның көтерілуі. Температураның көтерілуіне байланысты реакциялар бөлінеді: төмен (37-37,50С), орташа (37,6-38,50С), және жоғары (38,50С жоғары).
Егуден кейін жергілікті реакциялар инфильтраттың диаметріне байланысты жіктелінеді: реакция төмен (2,5 см), реакцияның орташа күші (5 см), реакция жоғары (5 см жоғары немесе лимфангоит, лимфаденитпен болуы).
Химиялық вакциналарды еккеннен кейін аллергиялық реакциялар пайда болады. Олар вакциналар еккен аумақта гиперемия және ісінумен сипатталады, жалпы реакциялар қызбамен, артериальді қысымның төмендеуімен, бөртпелердің пайда болуымен, артралгия және т.б. сипатталады.
Пайда болу мерзіміне байланысты аллергиялық реакциялар бөлінеді: тез арада пайда болуы (1 сағат ішінде), кешігіп пайда болу (24-48 сағаттан кейін) және аралас.
Достарыңызбен бөлісу: |