Тақырыбы: Ампуладан, флаконнан дәрілік заттарды алу. Тері ішілік және тері астына егу жасау техникасы.Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы.
СТАНДАРТ
Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
Бір реттік қолдануға арналған шприцтер соңғы кезде кеңінен қолданылуда. Олар пластмассадан жасалған, жеңіл және берік, фабрикадан стерильденген күйде келеді.
Әзірле: резеңке қолғап, бір реттік шприц, 6% асқын су тотығындағы пинцет.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептиктермен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
Шприцтің шыққан мерзімін, бүтіндігін тексеріңіз.
Қаптаманы сол қолмен шприцтің поршенін жоғары қаратып ұстаңыз.
Шприц қаптамасын поршень жағынан ашыңыз.
Шприцті алып, иненің канюлясын конусқа жалғаңыз.
Канюляны бекітіп қатайтыңыз (ине қалпағымен).
Иненің өткізгіштігін тексеріңіз. Поршеньді төмен тартып шприцке ауа жинаңыз, иненің көзінен қалпағын шешпей ауасын шығарыңыз.
Құрастырылған шприцті қаптаманың (упаковка) ішкі бөлігіне салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |