СТАНДАРТ
Флаконнан дәрі сорып алу.
Мақсаты: дәрі-дәрмекті парентеральді енгізу.
Қолдануы: дәрігердің тағайындалуы.
Әзірле:стерильді: тағайындалған дәрі-дәрмек, стерильді бір реттік шприц, мақта, қолғап, 700 спирт, лоток, 6% асқын су тотығындағы пинцет; КҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептиктерімен өңдеңіз. Қолғап киіңіз.
Пакетті ашып, бір реттік шприцті құрастырыңыз.
Тағайындалған флакондағы дәрі – дәрмектің атын, дозасын, сақтау мерзімін оқып, мөлдірлігін, түсін, бүтіндігін мұқият тексеріңіз. Дәрігердің тағайындау парағымен тексеріңіз.
6% асқын су тотығындағы пинцетпен флаконның ортаңғы аллюминий қақпағын ашыңыз.
Флаконның резеңке қақпағын спиртке батырылған мақтамен сүртіңіз, кептіріңіз.
Стерильді бір реттік шприцті жинап, инесін кигізіңіз.
Инені 0,5-1см тереңдікке флаконға енгізіңіз.
Сол қолдың ІІ-ІІІ саусағының арасына флаконды аударып орналастырыңыз, І және ІV саусақтары-канюляда, V саусағы цилиндрде ұстап тұрып қажетті дәрі мөлшерін сорып алыңыз.
Дәрі сорған инені алып тастап, инъекцияға арналған инені кигізіңіз.
Шприцтің инесін жоғары қаратып салып, колмен иненің канюлясымен бірге ұстап, иненің көзінен 1-2 тамшы дәрілік сұйықтық шыққанша оң қолдың бас бармағымен поршеньді басып ауасын шығарыңыз. Бұл кезде иненің қалпағы жабық.
Әзірленген шприцті және спиртке малынған мақтаны пакет ішіне салыңыз.
Қолғапты шешіп, КҚЖҚ-қа салыңыз, қолды жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |