Тақырыбы: Ампуладан, флаконнан дәрілік заттарды алу. Тері ішілік және тері астына егу жасау техникасы. Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы. Стандарт бір рет қолданылатын шприцті құрастыру


СТАНДАРТ Дәрі – дәрмекті тері астына егу тәсілі



бет9/13
Дата07.02.2022
өлшемі396,78 Kb.
#84940
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
c6bdf0d8-349c-4615-be64-1ee8dbb0ee3e

СТАНДАРТ
Дәрі – дәрмекті тері астына егу тәсілі.


Мақсаты: емдік, жергілікті жансыздандыру.
Қолдануы: дәрігердің тағайындауы
Қолданбауы: дәрі – дәрмекке аллергиясы болса, инъекция жасайтын орнында тері ауралары болса
Асқынуы: инфильтрат, вирусты гепатит, АИТВ/ЖИТС, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.
Салынатын жерлер:

  1. Иықтың сыртқы бетінің ортаңғы бөлігі

  2. Санның алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігі

  3. Кіндік айналасы

  4. Жауырын асты



Әзірле:стерильді бір реттік: 1мл, 2мл шприц иненің ұзындығы 20мм, мақта, қолғап, қажетті дәрі – дәрмек; 700 спирт, КҚЖҚ.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа жүргізілетін процедураны түсіндіріңіз.

  2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептиктерімен өңдеңіз. Қолғап киіңіз.

  3. Бір реттік қолданатын шприцтің пакетін ашып құрастырыңыз.

  4. Шприцке тағайындалған дәрінің мөлшерін сорып алып, қалпағын шешпей ауасын шығарыңыз. Қайтадан пакеттің ішкі бөлігіне салыңыз.

  5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

  6. Инъекция салатын алаңды спиртке малынған мақтамен 4х8см көлемде, сосын инъекция салатын жерді бір бағытта жоғарыдан төмен қарай сүртіңіз. (Мақтаны КҚЖҚ-қа салыңыз)

  7. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ-канюляда, қалған саусақтар - цилиндрде.

  8. Сол қолдың І және ІІ саусағымен инъекция жасайтын жерді үшбұрышты етіп жиыстырыңыз.

  9. Инені тері астына 450-та етіп, 2/3 иненің ұзындығында енгізіңіз

10. Сол қолдың ІІ және ІІІ саусақпен цилиндерден ұстап, І саусақпен поршеньді итеріп дәріні жіберіңіз.
11. Инъекция салған жерге спиртке малынған мақтаны қойыңыз.
12.Иненің канюлясынан ұстап тұрып, алып тастаңыз.
13. Инъекция салған жерді мақтамен уқалаңыз.
14. Шприцті, мақтаны, қолғапты КҚЖҚ-қа салыңыз.
15. Қолды жуып кептіріңіз.
16. Науқастың жағдайын сұраңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет