Тамшылатып құюға арналған бір реттік системаны дайындаңыз (сақтау мерзімін, бүтіндігін тексеріңіз).
Дәрілік ерітіндісі бар флаконды дайындаңыз (атын, мөлшерін, сақтау мерзімін, дәрігердің тағайындау парағымен тексеріңіз).
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептиктерімен өңдеңіз. Бетперде және қолғап киіңіз.
Пинцетпен флаконның металл қалпағының ортаңғы бөлігін алыңыз.
Флаконның резеңке тығынын екі рет спиртке малынған зарарсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.
Қайшымен бір реттік қолданылатын системаның пакетін қырқыңыз. Қаптамадан системаны алыңыз.
Системаның кілтін жабыңыз.
Системаның қабылдағыш инені алып, қалпағын шешіп флаконның резеңке тығынына түбіне дейін енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа шығарғышты ашыңыз.
Флаконның түбін жоғары қаратып штативке кигізіңіз.
10.Тамызғышты басып ортасына дейін сұйықтықпен толтырыңыз.
11.Кілтті ашыңыз, системаны сұйықтықпен толтыра отырып иненің көзінен тамшы шыққанша ауасын шығарыңыз.
12. Кілтті жабыңыз, иненің қалпағын жабыңыз.
13. Система бойындағы ауаны тексеріңіз.