№5 Сабақтың тақырыбы: Аспаптармен жұмыс және өңдеу этаптары кезінде мейіргердің қауіпсіздігі. Ампуладан, флаконнан дәрілік заттарды алу.
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларды дәріні ампуладан, шишасауыттан алуға, антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеуге үйрету.
Жоспар: -Медициналық аспаптармен, құралдармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ержелегі.
-Дәріні ампуладан алу алгоритмі. -Дәріні флаконнан алу алгоритмі
Медициналық аспаптармен, құралдармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері. 1.Медбикенің жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып инені өз қалпағымен жабу.
2.Шприцті пакетке салу (инені жапқан қалпағы төмен қарап тұру қажет), сосын мақталы шарикпен немесе салфеткамен инъекция алаңын өңдеу.
3.Процедура палатада орындалған болса лотокқа салу, залалсызданған салфеткамен жабу.
Ескерту:стерильді столдан стерильді лотокқа көпретті қолданылатын шприцті жинаған болсаңыз және төрт қабатты салфетканы қолдансаңыз, шприцті екінші қабатына салып, ал мақталы шариктерді салфетканың бірінші қабатының астына лотокқа салып қою қажет
Дәріні ампуладан алу алгоритмі. Әзірле: ампулада дәрілік зат, бір рет қолданылатын шприц инесімен, 70 % спирт, мақта шариктері, астауша залалсыздандырылған пинцет, бикс, салфеткалар.
Міндетті шарттар: Дәрігердің тағайындаған дәрілерді тексеру.
Дәріні алып оның атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқу.
Егер майлы ерітінді болса су моншасында 37 ˚С жылыту қажет.
Іс әрекеттері: Қолды жуу, кептіру, антисептикалық ерітіндімен өңдеу.
Ескерту! Залалсыздандырылған қолғапты инъекция алдында кию қажет
Орамдағы шприцті жинау.
Ампуланы шамалы сілкіп, мойнын спиртпен өңдеу қажет.
Инегің қалпағын кигізіп, шприцты қағаз орамына салу қажет.
Астаушаға дайындалған шприцты, спиртке малынған мақта шариктерін салу, бетін салфеткамен жабу (егер инъекция палатада жасалынатын болса).
Дәріні флаконнан алу алгоритмі.
Мақсаты:дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, флакондағы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, 70 спиртті, лотокті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, спирттелген мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.
Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).
Флакондағы дәрілік затты алып, атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз және сыртқы көрінісін анықтаңыз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.
Зарасыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.
Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Спиртті кептіріңіз.
Флаконнын түбін жоғары қаратып көтеріңіз. Сол қолдың II және III саусақтары арасына флаконды, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтары шприцтің цилиндірінде ұстаңыз. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.
Шприцті сорып алған дәрі ертіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.
Шприцті тік қалыпта алып, V саусақты – поршенде, II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде ұстап отыра, иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны шығарып, шприцтің инесінен қорғаныш қақпағын алмай 1-2 тамшы ерітінді ине арқылы бөлінуі қажет.
Дайындалған шприцті және спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.