1 жүр: Армысыздар, бармысыздар! Көптен күткен мереке, Алтын күзді қарсы алыңыздар! Жарысқа түскен әр сыныпқа Сәттілік тілеңіздер! 2 жүр



Дата18.02.2018
өлшемі59,11 Kb.
#37995
Алтын күз.

Сахнада екі гүл тұрады. Ертегілер әуені қосылып тұрады. Сахнанын артқы жағынан сиқыршы қыз шығады. Сиқыршы қыз шығып гулдерді оятады. Гулдегі қыздар мен сиқыршы қыз барлығы бірге билейді. Барлығы қосылып флешмоб билейді. Флешмоб билеп жатқанда әділқазылар келіп «Мәссаған сендер әлі дайын емессіндер ме? Біз сендерге ескертіп едік қой, бізге «Күз ханзадасы мен күз ханшасы» керек деп. Жүргізуші: «Жооо, жооқ, бізде бәрі дайын. Сіздер келгенше көрермендерді зеріктірмес үшін би билеп, ән салып берейік дегенбіз. Орындарынызға жайғаса беріңіздер. Ал, олай болса біз «Күз ханзадасы мен күз ханшасы» сайысын бастаймыз.»

1 жүр: Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,

Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Жарысқа түскен әр сыныпқа
Сәттілік тілеңіздер!
2 жүр: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Және де бүгінгі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекесіне қатысушы сайыскерлері!
1 жүр:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін басталады.
2 жүр: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.


1 жүр: Ал бүгіңгі біздін әділ қазыларымыз ерекше олар ертегілер елінен келіп отыр. Олар осы «Күз ханзадасы мен күз ханшасы» сайысын ұйымдастыруды өздері сұрады олай болса Ержан мен Айжан атты кісілердің өтінішімен өткелі отырған «Күз ханзадасы мен күз ханшасы» сайысын әділ бағалайтын да кісілер өздері болмақ.

2 жүр: Иә, Әсел, әділқазылармен таныстық олай болса келесі сайыстын бағдарламасымен танысып алайық.

1. Таныстыру

2. Сән үлгісі
3. Мәзір бойынша тағам дайындау.
4. Өз өнерін көрсету. (вальс, ән орындау дуэтпен)


5. Мақал- мәтелдер сайысы. ( 3 мақал-мәтел, әр оқушы екі-екіден айту керек)

1 жүр. Сайысқа түсуші сайыскерлеріміз дайын болса біз сайысымызды бастаймыз.

2 жүр: Өлеңді айтқан сайын асқарлады,
Осы болсын кешіміздің басталғаны
Қошеметтеп ағайын қарсы алыңдар
Алдыңызда өнердің жас тарланы


Қол соғып қошеметпен

1-ші жұбымызды қарсы аламыз. Расул мен Мейрамгуль

1 жүр: ду қол шапалақ. Қане олай болса келесі жұбымызды қарсы алайық. 2 жұп Ерасыл мен Камила

2 жүр: Шапалақты аямай ұрып отырамыз. Ендігі кезек 3- ші жұпқа келіп тұр. Арлан мен Наргиз

4 жұп: Қуандық пен Көркем.

2 жүр: Әсел, біздін таныстыру кезеңіміз де аяқталды. Әділқазыларға сөз береміз.

1

2



2 жүр:Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға 1 сынып оқушыларын шақырамыз. Би «Кемпірқосақ»

1 жүр: Ал енді қонақтарымыз зерігіп кетпес үшін бір ойын ойнаймыз. Ойын «Кім жылдам » деп аталады. Бізге 4 орындық, 5 адам керек. Сіздер музыка қосылған сәттен бастап мына орындықтарды айнала билейсіздер. Ал музыка тоқтаған сәттен бастап сіздер орындықтарға отырып үлгеруге тиіссіздер. Отыра алмаған әр ойыншы ойыннан шығып отырады.

2 жүр: Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық.


1 жүр: сайыскерлер дайын болса сайысымызды бастаймыз.

2 жүр: Бастасақ бастайық.

.................................................................................................

1 жүр: Мына киім үлгілері маған қатты ұнады.

2 жүр: Иә, ................. маған да ұнады. Сондай әдемі екен. Осылай киімдерге өзіміз баға бере бермей әділқазылар бағасын білмейміз бе?

1 жүр: иә, Таңсұлу ,келісемін

1

2

2 жүр: Ал Асел, айта қойшы келесі кезеңіміз қандай?

1 жүр: Таңсұлу ұмытып қалдың ба?

2 жүр: иә.

1 жүр: Мәзір бойынша тағам дайындау.

2 жүр: А, енді есіме түсті. Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!


1 жүр: Сайыскерлер, әділ қазыларға дайындап келген өз бейнелеріңізді ұсынып, таныстыруын сұраймыз.

1.

2.

3.

4.

2 жүр: Міне неше түрлі мәзірлер де кездесті.

1 жүр: Келісемін. Қаншама еңбекпен келген мәзірлерді әділқазылар қалай бағалады екен.

2 жүр: Сөз кезегі әділқазыларда.

1

2

1 жүр:
Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй қаламыздың ағасы
Би билеп шырқайтұғын ару қыз бен сұлтан жігіт,
Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың - дей келе келесі сайысымыз өнер сайысын бастайық.
Ортаға 1 жұпты шақырамыз............

2

3

1 жүр: Бәрекелді. Құрметті қонақтар жай қарап отырмай, шапалақтан соға отырамыз.

2 жүр: Иә,....................., дұрыс айтасын тек отырмай шапалақ ұрып отырғайсыздар. Ал кезек сіздерде құрметті әділқазылар.

1 жүр: Міне сайысымыздын соңғы кезеңіне де келіп жеттік. Соңғы кезең бізде мақал-мәтел сайысы.

2жүр: бұл сайыс кезеңінде балалар мақал- мәтелдерді айту керек. Әр жұпта 5 мақал-мәтелден кем болмауы тиіс.

1 жүр: Ал олай болса ханзадалар мен ханшайымдарды ортаға шақырамыз.

1

2.

3

4

2 жүр: Әділ қазылар әділ бағаларынызды берсеңіздер.

1

2

1 жүр: иә сайыс та аяқталып қалыпты ғой. Уақыттың қалай өткенін білмей қалыппын.Сен ше, Таңсұлу?

2 жүр: менде байқамай қалыппын. Демек сайыскерлер жақсы өнер көрсеткен ғой. Ал сайысты аяқтамас осы сыныптардын сынып жетекшілерінен бір-бір өңер көрсетуін сұрамадық па.

2 жүр: Сұрасақ сұрайық. 1 Қуанышбай Таңшолпан,

2. Дарбаева Қарлығаш.

1 жүр: Біздің апайлар өңер көрсетіп болғанша біздің сайысымыз да ең қызықты жеріне келіп жетіпті ғой.

2 жүр: Иә, иә біз үшін қызықты, әділқазылар үшін жауапты, сайыскерлер үшін қобалжу туғызатын күрделі сәтте келіп жетті.

1 жүр: Олай болса, Таңсұлу

Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына берейік.


2 жүр: Ду қол шапалақпен әділқазыларды сахна төріне шығарып алайық.

1 жүр: щапалақты аямай соғамыз.

2 жүр: Ал әділ әділқазылар әділ баға беріңіздер. Ханшайым мен ханзаданы таңдап марапаттайық.

...................................

1 жүр: ..... Өздерінізге ханшайым мен ханзаданы таңдап алған екенсіндер, олай болса біз оларды сіздерге аманаттап тапсырамыз.

2 жүр: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Сайысымыз аяғына таяп қалды.

1 жүр: Демейміз біз сіздерге хош болыңдар, Әлі де кездесер күн туындар- деп сайысымызды аяқтаймыз.

Сау болыныздар, келесі кездескенше.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет