1 жүргізуші. Қайырлы кеш бүгінгі кешке жиылған қауым! 2 жүргізуші



Дата04.11.2016
өлшемі385,07 Kb.
#338
Оқушы:

Бүгін менің туған күнім

Ой, пәлі-ай!

Мына адамдар неғып жатыр тойламай

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай ақ қойғаны-ай



1 жүргізуші. Қайырлы кеш бүгінгі кешке жиылған қауым!

2 жүргізуші. Армысыздар жыр сүйер, асыл жандар! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1 жүргізуші. Қазақ ақындарының әр қайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға ретінде дара. Сондай жеке дарындылардың бірі, Мұзарт таудың мұзбалағы  – Мұқағали Мақатаев.

.2 жүргізуші. Осындай қайталанбас дарын иесі 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы қасиетті Қарасаз ауылында туған. Мұқағалидың өмірін толық білу үшін «Менің анкетам»...............................................................................................................



1 жүргізуші. Таныс өлке

Таныс аймақ

Таныс маң,

Анау жерде құрбылармен алысқам,

Анау жерде құрбыжанмен табысқам

Таныс өлке,таныс аймақ,таныс маң.



2 жүргізуші.Қазақ ақындарының ішінде туған жерін жыр қылып айтпаған ақын жоқ шығар,сірә?!

Айгерім «Қайран қара сазым-ай» өлеңімен шығады.

. 1 жүргізуші. Қазаққа тән қара өлеңге табынды,


Ата - баба дәстүрінен ап үлгі,
Ұшан - теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали - поэзия алыбы

Музыка ақырын ойнап тұрады.. Поэзия,муза. (Нұрлан,Дамир,Бердігүл)

«Поэзия»
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім,
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырықтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені сезімге у шараптан да, сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!

2 жүргізуші.Ақын өлеңдерінің 100-ден астамын әндер жазылды. Соның ішінде 30-дан астам жауһар жырларына Нұрғиса Тілендиев ән жазып берген екен.

1 жүргізуші. Бүгінде Мұқағалидың 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың 35 мың жолға жуық өлеңі  поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды

(Жансая,Нұргүл,Айдос шығады)

1 жүргізуші. Айтатын саған сырым бұл,

Ертеңім менің бұлыңғыр.



2 жүргізуші. Әлсіреп дымым құрып жүр.

Адасып менен құлын жыр.



( Үміт,Айғанның әні)

Мадина 1 жүргізуші. Мұқағали біздің дәуіріміздің ғажайып ақындарының бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар» деген екен. Ақын қашанда ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған.

Дербісал 2 жүргізуші. Сыйластықтың биік тұғыры – достық. Оны қадірлей, құрметтей білу – парыз. Мұқағали бейбітшілікті, достықты өте қастерлеп, төбесіне көтере жырлайды. Ақынның қайсібір өлеңдер жинағын алып оқысақ та, достыққа байланысты жыр жолдары молынан ұшырайлы.

( 6-сынып оқушылары)

Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достықта жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме – өзім мін артып...
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.

 «Аққулар ұйықтағанда»........................................



Дербісал 2 жүргізуші. Ақын естеліктерінде былай дейді: «Мен өлеңді ойдан құрастырып жазбаймын. Әлдекім құлағыма сыбырлағандай болады. Соны көшіремін. Сенесің бе?»

Мадина 1 жүргізуші. Қазақ ақындарының ішінде жаны нәзік өр мінезді, дарынды Фариза Оңғарсынова апамызға арнап «Фаризаға» өлеңін арнаған.

Фариза!


Фариза жан,Фариза қыз!

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз,

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден-біріміз  арылармыз,

Біздерді де іздейтін жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.



1 жүргізуші:Құрметті қонақтар! Осымен жыр Музасы - Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған «Есіңі\е мені алғайсың»» атты бағдарламамыз мәресіне жетті.
2 жүргізуші:Сөз соңында, әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік дей отырып, кешті «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқтайық.

Тақырыбы Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы.

Мақсаты Тапсырмалар арқылы жұмыс жасауда тақырыптарға талдау жасайды, ой- пікірін дәлелдеуге дағдыланады.

Жалпы мақсат Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже Білімдерін тереңдете отырып топпен жұмыс жасау арқылы ізденімпаздық қабілеттері артады,белсенділік танытады, сабақты меңгереді. 7 модульдің қолданылуы АКТ”, "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, "Оқытуды басқару және көшбасшылық”. Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Гүл сыйлау»әдісі, «Сұрақ арқалаған доп» әдісі, «Бес жолды өлең (синквейн)», «Мюнстренберг» әдісі, «Түртіп алу» стратегиясы. Қолданылатын ресурстар Маркер, портрет, тақта, стикерлер, ноутбук, постер,слайд Ұйымдастыру кезеңі Тренинг «Гүл сыйлау» әдісі бойынша шаттық шеңберін құрғызып, психологиялық ахуал туғызу.Жеміс түріне қарай 3 топқа бөлемін. Топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтамын. Оқушылар бір-біріне болашаққа қатысты жақсы лебізін айта отырып сағат тілімен жалғастырады; Оқушылар 3 топ құрайды, топ ережесін сақтайды. Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Білім Қызығушылық- тарын ояту «Сұрақ арқалаған доп» әдісі арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді. Үйге берілген тапсырма сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Тақтадағы сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау, Оқушылар берген тапсырманы орындау. «Сұрақ арқалаған доп» әдісі бойынша оқушылар өткен тапсырма жайында өз қорытындыларын жасайды. Түсіну «Мюнстренберг» әдісі бойынша сабақтың тақырыбын ашу. Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату, картаға кескіндеу, картамен жұмыс жасау. Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді. Қолдану «Түртіп алу» стратегиясы арқылы жұмыс жасап, жаңа сабақты меңгерту. Жаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Түртіп алу» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушыларға уақыт беріп, тапсырма бойынша жұмыс жасауын тапсырамын, дәптермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді. Сергіту сәті «Қара жорға» биі атты жаттығу жасау. Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау. Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. Талдау «Бес жолды өлең (синквейн) »әдісі бойынша 1.Өмір. 2.Қызықты өмір. 3.Өмір сүрді. 4. Жамбыл қызықты өмір сүрді. 5. Ғұмыр. Тапсырмалар беру арқылы тақырыпты талдау мақсатында тақтада берілген өмір сөзін синквейн бойынша талдау жасау. Барлық оқушы берілген сөзді талдап, түсіндіреді. Жинақтау Постер арқылы сабақты жинақтайды. 1-топ. Жамбыл өміріне байланысты деректер. 2-топ. Жамбылдың шығармала-рына класстер жасау 3-топ. Жамбыл өлеңін құрылысына қарай талдау. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып постерді қорғайды. Топтар өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды. Бағалау Өзін-өзі бағалау (2 мин) Бағдаршам арқылы . «Бутерброд » бойынша бағалау ( Маған ұнады , себебі, келесі жолы мынаны ескерсе...) бағалау. Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату. Үйге тапсырма: 1. "Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында шығарма жазу. 2.Жамбыл фильмдерін көріп, кездескен маржан сөздерін тізбектеп жазу. Өзін- өзі топпен бағалайды. Рефлексия Стикерлерді толтыру Екі жұлдыз,бір тілек Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну. Ұсынылған стикерді толтыру. Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылы "Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі"КММ 10 сынып пән мұғалімі Исмайыл Ұлжан

Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.


Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.

Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.

1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.

1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты.



Жылдар бойынша хронология

  • 1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың шығармашылық қызметінің жетпіс бес жылдығын аталып өтілді. Бұл күндері халық ақыны дүние жүзінің көптеген озат қайраткерлерінен құттықтау телеграммалар алды. Көрнекті француз жазушысы Ромен Ролланның Жамбыл ақындығының 75 жылдығына орай "Батыс Альпінің жүрегінен қазақ халқының және жаңа адамзаттың жаршысы Жамбылға туысқандық сәлем жолдаймын" деп телеграмма жіберуі.

  • 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде Кеңес Социолистік Республикалар халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, КСРО халықтарының мызғымас достығын жыр етті.

  • 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. Жамбылдың ақырғы жыры

  • 1945 жылы 9 мамырда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небары бірнеше ай қалғанда,

  • 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл қайтыс болған.

  • 1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Шығармалары

Өлеңдер

  • Атаның әлдиі

  • Балаларға

  • Балама хат

  • Бесік жыры

  • Жастық жыры

  • Жаңа жыл

  • Жаңа жыл сәлемі

  • Жеңіс жырын сайраңдар

  • Жүз жасаған жүректен

  • Ленин

  • Ленинградтық өренім

  • Шәкірт балаларға

  • Октябрь толғауы

  • Сәлем саған комсомол

  • Сыйлық

  • Туысқан ел

  • Чапай

  • Халық туысқандығы

  • Өнердің өсуі есік жыры

Айтыстар

  • Жамбыл мен Айкүміс

  • Жамбыл мен Құлманбет

  • Жамбыл мен Шашубай

  • Жамбыл мен Досмағанбет

Дастандар

  • Өтеген батыр

  • Сұраншы батыр

  • Көрұғлы

  • Бақ, дәулет, ақыл

Дара тұлға

Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып-салма ақындар бар. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.[1][2]

Марапаттары

  • Ленин ордені

  • Еңбек Қызыл Ту

  • «Құрмет белгісі» ордені.

ешке Мәскеу әдеби ұйымының өкілдері, осында білім алып жатқан студенттер, қысқаша айтқанда, қаладағы қандастырымыз жиналды. Тек қазақ қана емес, жарты әлемнің жыр атасына айналған ақынның құрметіне жасалған әдеби кешке өзге ұлт өкілдері де қонақ болды. 

Алғашқы сөз тізгіні Ресей әдеби палатасы атқарушы комитетінің басшысы Георгий Брегманға берілді. Ол Жамбыл Жабаевқа екі дәуірде өмір сүру бақыты бұйырғанын айтып, сөзін былай жалғады: «Ақын шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарауға болады: төңкеріске дейінгі және төңкерістен кейінгі. Ол бірінші кезеңде көбіне халық тіршілігіне көңіл бөлсе, екінші кезеңде кеңестік поэзиядан өзге, кеңестік шындықты жырға қосты. Менің ойымша, Жамбыл Қазақстан мен Ресейдің қазіргі ынтымақтастығын сол кезде біліп жырлаған. Оның әр жырында шынайылықтың белгісі бар».

Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі Дина Аманжолова қазақ мәдениетін ақынның артына қалдырған мол мұрасынсыз елестету мүмкін емес екенін айтты.

«Жамбыл Жабаевтың тұлғалық ұлылығы сол  өз өмірінде көпті көрген қария «жыр жаратушысы» ретінде ұлт алдындағы зор жауапкершілікті түйсіне білді. Қазақтың сөз мәдениетін бәрінен жоғары қоятынын білеміз. Ал Жабаев осы жолда өз міндетін абыроймен атқарды. Жамбыл туралы сөз қозғағанда, тамаша тәржімашы Кузнецовті де еске алғанымыз жөн болар. Өйткені орыстілді оқырман ақын шығармашылығымен Кузнецов аудармасы арқылы танысты»,  деді Дина Аманжолова.

Әдеби кеште ақын шығармашылығынан жыр оқылып, ән айтылды, ақынға арнап күй тартылып, би биленді. Кешке жиналған қонақтар ұлт мақтанышының ұрпақтары арнайы түсіріп жіберген бейнеүндеуді тамашалады. Кешегі бір сағат бір ғасырға жуық өмір сүрген, қазағын қара сөзбен қанаттандырып, жұртын жырымен жебеген Жыр алыбына арналды. 

Жүз жасаған Жамбыл – өзі ғұмыр кешкен жылдардағы жүзжылдық тарихты ғана емес, арғы-бергі замандағы өмір шындығын айнытпай жырлаған ақын. Жай ғана ақын емес, Сүйінбайдан бата алған, суырыпсалма айтыскер ақын. Бір сөзбен айтқанда, кестелі сөздің шебері, ұшқыр ойдың иесі. Жауынгерлерді жеңіске жетелеген отты жырлары олардың басты қаруы болды. Ол – Жетісу топырағынан дарыған осынау қасиетті жыр өнерін жеті жұртқа аманаттап кетті. Ал сол аманатты абыроймен арқалап, келесі ұрпаққа жеткізу – сіз бен біздің парызымыз, құрметті қазақ баласы!

Керемет кештің қызықты тұстары жайлы суреттер сөйлесін...

ақырыбы: Жүз жыл жырлаған Жамбыл! (Қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты)
Мақсаты: Оқушыларға жыр алыбы Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығын меңгерте отырып, Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге , оны бағалай білуге тәрбиелеу. Ақын өлеңдерін талдай отырып, оқушылардың дүниетанымы мен ой өрісін дамыта отырып, Жамбыл шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге баулу.
Барысы Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар және ата-аналар!
Биыл жүз жыл өмір сүріп, жүз жыл жырлаған, бірақ ұрпағына мәңгілік мұра қалдырған Жамбыл атамыздың туғанына 170 жыл толып отыр. Жамбыл атамыз Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойында Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында дүниеге келсе, ал топырағы біздің Жамбыл ауданынан бұйырғанын білесіздер. Өзіміздің көрші Жамбыл ауылында ақынның мұражайы мен кесенесі орналасқан.
Заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кешімізге хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата туралы өзінің үміт күткен ұрпақтары сыр шертеді.
Аяулым: Жүз жасаған бәйтерегім-Жамбылым,
Жол көрсетер жырдың нағыз даңғылы!
Ғасырларды көктей өткен өр үнің,
Құлақтарда естіледі жаңғырып.
Атамыздан қалған өлең,жыр-асыл,
Ол-ақынның мәңгілік мол мұрасы.
Жақсы жырға шөлдегенде кей кезде,
Сусыныңды қандырып-ақ тұрасың.
Мирас: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы туған. Ол бұл туралы «Менің өмірім» атты өлеңінде жырлайды.
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.

Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,


Сары аяз көш-жөнекей боран күні
Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,
Жұтынып суық ауа, шыққан үні.

Өмірмен араласқан өсті Жамбыл,


Ел басқан отты, суды кешті Жамбыл.
Құлыннан құнанда өрлеп, дөненде өрлеп,
Шыққандай бола қалды бесті Жамбыл.

Он жаста ойнап жүрдім бала болып,


Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып.
Райыттап тана міңіп, қозы бақтым, ,
Еңбекті иемденгенде шама келіп.

Өлеңді өркендеттім, өршіп өстім,


Көргенде жақсы жырды құстай ұштым.
«Жас ақын», «Жап-жақсы ақын», «Жамбыл ақын»
Дегенде, дара болып көзге түстім.

Он бесте-ақ домбыраны алдым қолға,


Тең басқан төрт аяғын болдым жорга.
Он алты желі ұзатты, өрістетті,
Түскендей бұлтартпайтын даңгыл жолга.

Топ десе, он жетімде тартынбадым,


Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жалтылдадым.

Жанерке : Жамбыл 8 жасқа келгенде әкесі ауыл молдасынан білім алсын деп оны оқуға береді. Бірақ болашақ ақынға молданың ескіше оқуы қонбайды. Сол тұстағы күйін ақын «Шағым», «Әкеме» атты өлеңдеріне арқау етті. Бұл қазақ арасына жаңаша оқу ене қоймаған, ескіше оқудың кең өріс алып тұрған шағы еді. Осыдан кейін әкесіне молданың оқуы қонбайтындығын, түсіне өлең кіргенін айтып, қолына домбыра алып біржола ақындық жолға түседі.


Жалғас «Шағым»


Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жон жағым,
Талай дүре соғылды.
Торсылдатып танадай,
Жыртар болды тонымды.
Тілің ащы бала деп,
Қайнатты әбден сорымды.
Оқымай-ақ кетейін,
Байламаңыз жолымды.
Алдыңыздан өтейін,
Не жазып ем сол ғұрлы?!
Оқымаймын молдадан,
Екі иығын қомдаған.
Бала келсе сабаққа,
Жем аңдыған дорбадан.
Ақ сәлдесі басыңда,
Боз інгендей боздаған.
Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған.
Оқығанша мен одан,
Домбыраны қолға алам.
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам.
Қинама, әке, қинама,
Болмас енді зорлаған!
Айбол «Әкеме»
Сертінің ұрлап қара атын,
Жазықсыз киып қанатын,
Жапанда жаяу қалдырып,
Жайым жоқ қарғыс алатын.
Ел арасын егер қып,
Ойым- жоқ шұрқан салатын.
Қоныстан елді бостырып,
Неміз бар енді шабатын!
Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын!

Жанерке:


Жас ақын сол кездері ақындығымен аты шыққан жыр сүлейі Сүйінбайға барып, өзін шәкірт етіп алуды және бата беруін сұрайды.
Көрініс «Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуы»
Жамбыл: Сүйеке, сүйенішім, өнерпазым,
Әйгілі, ақылгөй, желді сөздің.
Әкежан, сен де тіле, бата берсін,
Балаңа өлең қонып, атақ ерсін! –

Сүйінбай:


«Балам, өз өлеңіңді шығар, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйіп тыңдайтын өлеңі болсын, ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау үшін пайдалан»
Жамбыл: Сіздің тілегіңізді орындауға тырысамын, Сүйеке!
Сүйінбай: О, Жамбыл, бата дедің, - бердім саған,
Бақытты, өмірлі боп, жүргін аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.
Жапаға риза болсын айта барғын,
Осымен өкпелемей жүрсін маған!
Жамбыл: Менің пірім – Сүйінбай

Менің пірім - Сүйінбай,


Сөз сөйлемен сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!
Құлаштап бір кетейін,
Көбен құсап тығылмай.
Қашсаң, қуып жетейін,
Бізге жабы бұйым ба-ай!
Селтеңдеген ақынды
Көрмеуші едім шыбындай.
Кәне, сөйлеп жіберші,
Айтыспағың, шының ба-ай?!
Деп келдің бе Жамбылды
Күнде жеңген Шыбылдай.

Айша: Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын «келмеді сасық, шалшық жерде қалғым» деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында кімнің сөзін сөйлеу керек? деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манаптарды шеней білді. «Жылқышы», «Сараң бай мен жомарт кедей» деген өлеңінде бай мен кедей арасындағы кереғар тірлікті шендестіре отырып қатарластыра жырлады.

Айбар «Жылқышы»
Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей,
Сахарада салақтап күндіз-түні,
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.

Саяқ іздеп Сарыкемер, Сартауқұмнан,


Табылса деп, жонымыз бір тілінбей,
Байтал түгіл, бас қайғы болып жүріп,
Қайтпекші едік төсектен біз түңілмей!

Аңсаған «Кедей күйі»


Ұзынағаш, Қаратас,
Қалқабайдай қайран жас.
Бекеттен нан қоймайды,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Оған ауыз жарымас,
Сонда дағы ар қылмас.
Қалт-күлт етіп жүргені,
Қысы-жазы қарны аш.
Қайтіп жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас?!
Болмайды ішкен асың ас,
Қайтіп сүйек жасымас?!
Мұныменен, Қалқабай,
Сордан көзің ашылмас.
Милана:
Көріп отырғанымыздай, Жамбыл да Абай тәрізді сол тұстағы ел ішіндегі толғағы жеткен әлеуметтік мәселелерді тілге тиек етті. Осының өзі Жамбылдың кедей-кепшіктің, бұқара халықтың жоғын жоқтағанын байқатады. 1916 жылы қара жұмысқа адам алу туралы патша жарлығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс болған тұста ақын «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық», «Толғау» атты өлең, толғауларын жазды. Аталған өлеңдерде сол тұстағы ел билеушілердің ақ патшаның заңына құлдық ұрып, бұқара халықтың ыза-кегін туғызғанын жасыра алмады ,ел билеушілерге деген елдің наразылығын ашық айта білді.
Алтынай «Зілді бұйрық»

«Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,


Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық, малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып»,
Дейді де еңірейді, егіледі,
Қайғының күні-түні күйін тартып.
«Верныйдың» қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де
Халықтың жүректегі жарасына.
Пристав келіп қалды бала сұрап,
Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп,
Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.
Пристав ашуланды «аламыз» деп,
Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. -
Егер де бұл түріңді өзгертпесең,
Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп.
Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға,
Ал әлеумет, қараңдар мына жайға.
Сеңдей болып соғылып толқындады,
Бір сая бола ма деп шыбын жанға.

Гүлбану: Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған тұста кедейге теңдік, әйелге еркіндік берілгеніне ақын да куә болды. Сондықтан да оның шығармаларынан ірі байларды конфискелеу, қосшы ұйымын құру, шабындық пен егістік жерлерді қайта бөлу, кеңес сайлауларын өткізу сынды саяси және мәдени науқандар кең орын алды. Осылардың бәріне куә болған ақын халқымен бірге қуанып, бірге шаттанды. «Кедейлерге», «Қазақстан тойына» бұқараның жырын жырлады.

Алина «Абышқа»
Мәмбетәлі ауылында
Атапдым мен абышқа.
Абышқа деп мына қыз,
Тиіп кетті намысқа.
Абышқаның сақалы
Әлде бұған таныс па?
"Абышқаны байқасам,
Емес екен алыста.
Абышқа ма, қарашы,
Біздің әсем дауысқа.
Ұзақ таңға қарлықпас
Ұлы дүбір шабыста.
Айтқан сөзім шет болса,
Сынатайық қалысқа.
Не болмаса, жөнде өзің,
Тұлғаң түзу жан екен
Түсінетін әр нұсқа.
Ерзат «Шәбденге»
Уа, шаһибаз, хан Шәбден!
Атым арып кедді әбден.
Тоным тозып жүдедім,
Орын бермей жан төрден.
Ақ ордаңа енейін,
Аман-сәлем берейін.
Аз дамылдап алайын,
Өзіме өзім келейін.
Жан таңқалған сөзімді
Алдыңа бір төгейін.
Күн қиядан батқанша,
Ай қиядан асқанша,
Ағыл-тегіл тер болып,
Жорғалайын, желейін.
Басы биік Алатау
Жер өңірден көрінер,
Арнап келдім, батыр-ау,
Амандасып, қолың бер!
Ауыл алыс болса да,
Атағыңды көрдім бел.
Атым арық, тон тозық,
Қысып келді аштық, шөл.
Жерімізде жұт болып,
Өспей қалды биыл төл.
Бұйымтайым, мұңым да
Әзірше айтар сізге сол.

Аяулым: Жыр алыбы Жамбыл мен қазақтың ұлы ақыны Абай бір-бірін көрмесе де бір жылы өмірге келген, құрдастар. Жамбыл Абайдың даңқына қанық боп,оған бірнеше өлеңін арнаған.

Мади « Абайдың суретіне»
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне —
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа
Өлеңімен өлмейтін салған нұсқа,
Қол бастар ер, ел сүйген ақын болған
Қандай арман бар дейсін бұл туыста!
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле кеп қарасаң — көңіл ұғар.
Сол тереңге ешкімді үңілте алмай
Есіл сабаз ызамен өткен шығар!

Алина «Жалғызбын деп жүрмесін»


Сәлем айт, барсаң Абайға,
Кеңесі кеткен талайға.
Ауырды жеңген қара жер,
Сабырлы болсын қалайда!
Бір жұтқан судай дүниесің,
Ащысын татып күймесін.
Жапанға біткен бәйтерек,
Жалғызбын деп жүрмесін!
Кемелге келген асыл-ай,
Тасқынды тәңір басуы-ай!
Нар көтерген ауырға
Арқасын тоссын жасымай!

Мейрамбек: 1941 жылдың басында «Кәрілік» атты өлеңінде «Босатып буынымның шегелерін, Сыпырып тұла бойдан күшімді алды» деп кәрілікке мойын бере бастаған ақын 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым» сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Ақынның ұлы Алғадай да көптеген замандастары сияқты соғысқа аттанады.


Көрініс: «Алғадайдың соғысқа аттануы»
Айбар (Жамбыл) «Аттандыру»

Атаңнан бата ал, балам


Алшайып атқа мін,балам.
Ақ сақалым желбіреп
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қыймаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа
Ел қадірін біл балам!
Ел ерлігі, ел бірлігі
Сынға түскен бұл заман!
Саған айтқан сөзімнен
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан «бұл маған!»
Хош, хош балам! Хош айттым,
Қолымды міне, шошайттым!

Алғадай: Қош бол әке, қощ болыңдар, жамағат. Әлі-ақ жеңіспен ораламыз!


Бір топ адам Жамбылға Алғадайдың ерлікпен қаза тапқанын естіртеді. Жамбыл:
Айбар «Алғадай туралы әрбір ой»

Түнеу күнгі кеткеннен


Ғали жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол-жөнекей көрдің бе?
Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйқта дедің бе?
—Қалай қыйып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?
Елжірейді өзегім,
Ауырады белім де...
Қаза болып көзелім,
Халім қыйын менің де.
II
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба?
Өлім деген у екен,
Мендей кәріп адамға.
Күнде үйімде күңренем
Көзіме жас алам да.

III
Құр сүлдерім, есім жоқ,


Жүріп тұрған десім жоқ.
Деп қараймын сәбиге:
«Игіліктің кеші жоқ!»
Бала қалды жетім боп,
Келін қалды жесір боп,
Біздей кәріп кісіге
Көз салыңдар есіркеп.

Мади: Жамбыл ақын қазақтың жүз жылдық тарихының ғана емес, арғы-бергі тарихының өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра білді. Ол толғауларында Қоқан хандығы, одан ақ патшаның қол астында отар болғанын, Қазан төңкерісімен келген теңдік пен бақытты өмірді, ҰОС жылдарындағы халықтың жағдайын да көзімен көріп, жырға қосты. Жүз жасаған ақын Жамбыл Жабаев халық поэзиясының алыбы ғана емес, «ХХ ғасырдың Гомері» атанды. Ол халық поэзиясы арқылы қазақ халқын да әлемге танытты.


Аяулым: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халық үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Мұғалім сөзі:


Ал, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін біз жүз жыл жырлаған жыр Жамбылдың поэзиясының мыңнан бірін ғана сөз қылдық. Әлі айтқанымыздан, айтпағанымыз көп. Бұл 5-сынып оқушылары мектеп бітіргенше Жамбыл шығармашылығынан талай білім алып, өлеңдерін жаттап сусындайтыны анық.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

Білімділік: айтыскер акын Жамбылдың өмірбаяны мен

шығармашылығын оқытуды оқушыларға жан-жақты білім беру

үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін

танып білуді   оқушылардың өздеріне жұмыс істете отырып,

іздендіре меңгерту.

 2) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін,

ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, өз бетінше  ізденуге дағдыландыру,әдебиетті сүюге баулу.

 3) тәрбиелік: адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, әдебиетті, өнерді сүюге баулу.

     Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

    Сабақтың түрі: зерттеу сабағы

     Пәнаралық байланыс: тарих, өнер

    Сабақтың көрнекілігі:

Ақын портреті, ақын өмірі туралы буклет, ол туралы естеліктер, зерттеу мақалалары, интерактивті тақта.

    Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып, үй тапсырмасын сұраймын



ә) Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген Шәкәрім Құдайбердиевтің қазақ әдебиетінде алар орны туралы сұрап, мына сұрауларға жауап аламын. 


а) Слайдтағы сұрақтар:

        1. Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай ортада өсіп, кімнен үлгі алды?

        2. Шәкәрім өлеңдері

        3. Әндері

        4. Поэмалары

        5. Прозасы

        6. Абай мен Шәкәрім шығармашылығының сабақтастығы

б) Шәкәрім шығармаларының кестесі Балалар, осымен Шәкәрім шығармаларын оқып аяқтадық, біз Шәкәрімді кім деп танимыз?

     Шәкәрім Құдайбердиев – әрі лирик, әрі эпик ақын және прозанк, ол – композитор және музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол – терең ойшыл,сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет.

Ол – Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда – бірегейі.

Осымен Шәкәрім Құдайбердиев туралы сабағымызды аяқтаймыз.

 Жаңа сабақ:

Ой шақыру:

 а) Жамбыл туралы не білесіңдер?

 ә)Төменгі сыныптарда қандай шығармаларымен таныс болдыңдар? Жүз жыл жырлаған жүрек Слайдтағы сұрауларға жауап аламын   (ауызша) (Слайдтармен көрсетіледі) Сұрақ-жауап бөлімі бойынша Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалынды. Интерактивті тақтадан “Жүз жыл жырлаған жүрек” атты тақырып көрсетіліп, астына сұрақтар жазылды. Оқушылар сұрақ бойынша жауап әзірледі.


  1. Ақынның дүниеге келуі

  2. Жамбылдың ұстаздары және ақындық ортасы

  3. Ақын жырлаған тақырыптар

  4. Сатиралық өлеңдері

  5. Жамбылдың айтыскерлігі

  6. Құлмамбетпен айтысы

  7. Отаншыл өлеңдері

  8. Кеңестік дәуірдегі жырлары

  9. Соғыс жылдарындағы өлеңдері

  10. Дастандары

     
Жамбыл айтыстарында халық тарихын жақсы білетінін аңғартып, халық мүддесі, ел мүддесі атынан сөйлейді. Бұл айтысында Жетісу елінің бір жағынан қоқандық бектер, екінші жағынан қырғыздың манаптары, үшінші жағынан қалмақ алпауыттары жалаңдап құтын қашырған дәуірді елестетіп өтеді. Жамбылдың сансыз көп айтыстарының осындай сипаттары, тапқыр ой мен көркем тілі, ащы сатирасы оны
айтыстың жүлде бермес жүйрігіне   айналдырды.

    Жамбыл - ұзақ ғұмырында өмірдің ащы-тұщысын мол татқан халық университетінен өткен ақын. Ол туған халқы және көршілес елдердің бай ауыз әдебиетінен “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Мың бір түн”, “Фархад-Шырын”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”, “Жүсіп-Зылиқа”, “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” сияқты жазба дастандарынан, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ақын – жыраулардың маржан-мұраларынан, жаңа заманның әдеби үлгілерінен сусындаған.



Хронологиялық кестемен жұмыс

 

           


 

жылдар


 

 

негізгі оқиғалар


 

 

шығармалары


 

 

 


 

 

 


 

 

 


 

 


 

 


 

 

     
Жамбылдың атын бұрынғы Одақтың барлық халықтары білетін. Оның шығармалары орыс тіліне аударылды. Шетелдің алдыңғы қатарлы прогресшіл адамдары Жамбылды үлкен жыршы деп таныды.

Дат жазушысы Мартин Андерсен Нексе: “Сіз өзіңіздің ұзақ өміріңізде көп, қызықты, ұлы істерді бастан кешірдіңіз. Сіз бақыттысыз, өйткені сіз мәдениеттің көшпелі өмірден өсіп жеткендігін көрдіңіз және сіздің жүрегіңізешбір қартаймайды, ер жігіттің жүрегіндей болып келеді” – деген болатын. Жамбылдың көптеген өлеңдері ағылшын, француз, испан, қытай тілдеріне аударылып таралды.

Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Жамбыл – айтыстың асқан шебері.Ол өз кезеңін көптеген атақты ақындарымен айтысып, бірде-бірінде жеңілмеген.Біз бүгінгі сабағымызды сатира, жыршы, жырау, айтыс туралы айттық. Сатира, жыршы, жырау, айтыс дегеніміз не? (ауызша жауап аламын)

Дәптерлеріне Жамбыл Жабаевтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы ойтолғау жаздырамын.

“Жыр алыбы – Жамбыл”



Сабақты бекіту.

Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Ақын шығармаларының толық жинақтары бірнеше рет басылып шыққан, ол туралы зерттеу кітаптары жазылған, кинофильмдер түсірілген. Жамбыл атымен облыс, елді мекендер, көшелер аталады. Ақынның туғанына жүз елу жыл толуын ЮНЕСКО-ның ұйғарымымен күллі Қазақстан жұртшылығы, бүкіл дүние жүзі үлкен мереке ретінде атап өті.

Оқушыларды бағалаймын.

   Үйге тапсырма:

           1.Жамбыл Жабаев жөніндегі ақын-жазушылардың  еңбектерін оқу.

           2.Ақын өлеңдерін жаттау.


 

 

 



 

 

“Жыр алыбы – Жамбыл”



Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ  халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған  жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз  Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.

Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық  –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың  ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.

Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса  бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

Жамбыл - әрі  эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау  әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы  биік парасатты өнерпаз, азаматтық  саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың  ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді

Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған  тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.

1945 жылы 22 маусымда  Жамбыл дүние салды.

1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.

Ленинградтық өренім

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет 

 Мында өту: шарлау, іздеу 

 

1941 жылдың басында «Кәрілік»  атты өлеңінде «Босатып буынымның  шегелерін, Сыпырып тұла бойдан  күшімді алды» деп кәрілікке  мойын бере бастаған ақын 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:



 

Ленинградтық өренім,

 

Мақтанышым сен едің.



 

Нева өзенін сүйкімді,

 

Бұлағымдай көремін…



 

Уа, қаһарман, өренім,

 

Мақтанышым, беделім!..



 

Қаласындағы Лениннің

 

Сайып қыран, өренім!



 

Ұлы Отан соғысы жылдарында патриоттық рухта жазылған толғаулары үшін КСРО Халық Комиссарлар  кеңесі 1941 жылы Мемлекеттік сыйлық берді.



 

Дара тұлға



 

Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып-салма ақындар бар. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті

1 жүргізуші: Қайырлы кеш бүгінгі кешке жиылған қауым!

2 жүргізуші: Армысыздар жыр сүйер, асыл жандар! Жабаев Жамбыл – қазақ  халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршыға шығармашылығына кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1 жүргізуші: Қазақ ақындарының әр қайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға ретінде дара. Сондай жеке дарындылардың бірі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойы.

.2 жүргізуші: Осындай қайталанбас дарын иесі

Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ  халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады.

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың  ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.



1 жүргізуші:

Оқушылардың әдеби монтажы.
1---------------------------------------

2---------------------------------------

3---------------------------------------

4---------------------------------------

5---------------------------------------

. 2 жүргізуші. 1941 жылдың басында «Кәрілік»  атты өлеңінде «Босатып буынымның  шегелерін, Сыпырып тұла бойдан  күшімді алды» деп кәрілікке  мойын бере бастаған ақын 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:



Жамбыл - әрі  эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау  әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы  биік парасатты өнерпаз, азаматтық  саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың  ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді

1жүргізуші:

Оқушылардың өз шығармашылығы.

1---------------------------

2--------------------------

3---------------------------

2-жүргізуші:

Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып-салма ақындар бар. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет