Ән: «Туған жер»
1-жүргізуші:
Ақын қиялы мен арманын, ақын ойы мен мұратын жырсыз елестету мүмкін емес.
2-жүргізуші:
Ойлы жаз өлең менің сырласымдай
Сырлассамда құмарым жүр басылмай
Айтып өткен ақында арман барма
Жүргенің түбіне кір жасырмай
Мақатаев жырларының әр сөзі қорғасындай салмақты әр тіркесі өмірдің өзіндей бейнелі де бедерлі әр ойы тағдырдың көзіндей тереңде тегеурінді.
1-жүргізуші:
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп, бас иеміз. (барлығы бірге.)
2-жүргізуші:
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл. Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.
(«Үш бақытым», «Отан туралы», «Отан», «Қазақ жері» өлеңдері оқылады/
Кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын. Қарасазға деген ақын махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді.
2-жүргізуші:
«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедің?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
1-жүргізуші:
Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы – бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні. Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.
«Автограф»
«Кел, болашақ»
«Соғыл, соңғы көктем»
Достарыңызбен бөлісу: |