Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
« Соңғы қоңырау» соғу рәсімін 11-сынып оқушысысы. Қонысбай Жанерке мен 1-ші сынып оқу озаты Сабырбай Жанельге беріледі.
/ Соңғы қоңырау соғылады./
Талай күн өтті өтті жылдар белестері
11 жылдың қалды артта елестері
Ер жеттің ой тоқтатар уақыт келді
Сол уақыт мен мұңдалап елес берді.
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар
Жаңа ғасыр аттаған жас дарындар
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер
Санасы биік адал дос табыңдар.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Ата- аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
/Әнұран орындалады./
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
Осымен 2014-2015 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!