1-жүргізуші: Дархан; 2-Жүргізуші: Еркеназ 1-жүргізуші



Дата17.06.2018
өлшемі22,72 Kb.
#42372
1-жүргізуші:Дархан ; 2-Жүргізуші: Еркеназ

1-жүргізуші. Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда

Көрмегендер де арманда,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!



2-жүргізуші. Армысыздар,аңсаған дана халқым!

Сәлем беру ежелгі дана салтым.

Ұлыстың ұлы күні Наурызбен

Сіздерді құттықтаймын шын жүректен.



1-жүргізуші.Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Бәріміз міне бас қосып,

Мейрамды қарсы алайық.



2-жүргізуші. Жыл келді деп жар салайық,

Би билейік, ән салайық

Біз Ұлыстың ұлы күнін

Думандатып қарсы алайық.



1-жүргізуші. Дұрыс айтасың, Еркеназ. Бүгін би билеп, өлең айтпасақ, қай кезде айтамыз.Ендеше, бүгінгі мерекеміздің ән шашуы «Шашу» биі. Қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші.Ау,халайық, енді осы ұлыстың ұлы күні ата-салтымыз бойынша Қызыр бабаны қарсы алайық.

1-жүргізуші:Дархан ; 2-Жүргізуші: Еркеназ




1-жүргізуші: Ұлы күнде халайық,
Сәйгүлікті ағайық
Жасын болып жанайық,
Ортамызға шақырып,
Бабамыздан Қызырдай,
Ақ батасын алайық.
Қызыр ата:Амансыздар ма,Балалар! Келмегелі бір жыл өтті сендерге, көркейіп, ер жеттіңдер ме, сендерде.
-Орталарыңа жаңа оқушы қостыңдар ма?
-Қостық
-«Бестік» бағаны көбейттіңдер ме?
-Көбейттік
-Жаманнан жиреніп,
жақсыны үйрендіңдер ме?
-Жирендік, әрі үйрендік!
-Бәрекелді, балалар! Берем бата!
Мешін боп енген бұл жылда
нұр жаусын сіздердей талапты ерге!

-Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,


Ұлыс бақытты болсын, төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін.
Ұлы халқым тоқ болсын, көйлектері көк болсын!
Қайғы, уайым жоқ болсын,
Қуаныштарын көп болсын! Әумин!

2-жүргіуші: Енді ортаны баршаңызға ашайық,
Көрерменге жырдан шашу шашайық,
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып,
Өнерлермен інжу-маржан шашайық.
10 «а» сыныбының оқушысы Бекнар Есенгелді

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Ұлы күнде халайық, қалай қарап қалайық.
Көріп отырсыздар. Бәрін әр сынып бір-бір ауыл болып отыр
9 «А» сынып «Абай» ауылы, 8 «А» сынып «Мағжан» ауылы, 8 «ә» сынып «Сәкен» ауылы, 10 «А» сынып «Мұқағали» ауылы.


1-жүргізуші:Дархан ; 2-Жүргізуші: Еркеназ
2-жүргізуші:
Бүгінгі Наурызымыз бес кезеңнен тұрады.
1-кезең: Таныстыру (әр ауыл өздерін таныстырады)
2-кезең: Газет шығару
3-кезең: Би, өлең шашуы
4- кезең: Салт-дәстүр
5-кезең: «Ұлттық дастархан»
1-жүргізуші : Еркеназ, сайыс шартымен таныстырып болсаң, әр ауылға сәттілік тілейміз.1-кезеңімізді бастайық!
Кезекті 8 «а» сыныбы : «Мағжан» ауылына берейік. Таныстыру.
2-Жүргізуші: 8 «ә» сыныбы: «Сәкен» ауылы. Таныстыру

«Саржайлау» биі

2-жүргізуші: Келесі «Мұқағали» ауылы
1-жүргізуші: 9 «А» сыныбы: «Абай» ауылына берейік. Таныстыру.
«Болмасаңда ұқсап бақ» - дегендей...
қазақтың сырын аайтып ашылмаған,
шабыты тасқын судай басылмаған.
Өлең сүйер салмақты ақынАбай,
Халқынан бар өнерін жастырмаған.
Тірлікте тіршіліктің кеткен құны,
Түнектен түлек ұшқан алтын күндей,
Жүректен сәуле болып төккен жыры.
Баз кешіп бал сәтінде балалықтың,
Сойқанын арқалады санаң жұрттың.
Өлеңін өр мінезді найзағайы
Қақ тілген қара бұлтын надандықты,
(Самат Абай кейіпінде өлең жазып отырып)
2-жүргізуші: Келесі «Мұқағали» ауылы
8 «ә» сыныбы: «Қамажай» биі
1-жүргізуші:Дархан ; 2-Жүргізуші: Еркеназ
1-жүргізуші:
2-кезең, уа халайық!Бүгін ұлыстың ұлы күні ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн.
Жанарған санасы
Ұмытады мұны кім?
Ата-салтын бабаның
Алып келді осы күн-дей келе салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Бүгін әр ауыл өздерінің салт-дәстүрін көрсетеді.
2-жүрізуші: Бауырласқа тәнтіміз
Бұзылмаған салтымыз
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүрмен салтымыз-дей келе 8 «ә» сыныбы салт-дәстүрін көрсетсін. «Бесікке салу».

8 «а» сыныбы: «бәйге» биі қарсы алыңыздар


1-жүргізуші: Әп, бәрекелді. Келесі кезекті 8 «а» сыныбына берейік. «Қырқынан шығару» рәсімін көрсетеді.
9 «а» сыныбы: «Қара жорға» биі
2-жүргізуші: Ертеде қазақ халқы наурызға арықтарын тазартып, тал егіп алдын-ала дайындалған. Үлкенді-кішілі той ғұрыптарын наурызда атап өтуге тырысқан. Бүгін біздің салт-дәстүріміз « Тұсау кесу»
Келіні: Әже! Ұлыстың ұлы күнінде кішкентай сәбиімнің тұсауын кесіп беріңізші.

Әже: Бұл білгендігін екен қарағым.Тұсау кесу деген ерекше бір ырым. Абай аталарын айтқан екен «Туғанда дүние ашады өлең. Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп. Айтқандай сәби шыр етіп, дүниеге келгеннен «Бесік той», «Қырқынан шығару», «Шілдехана» жарық дүниенің есігін ашуды алғашқы қадамдары болса, «Тұсау кесу» ырымы өмірге аяқ басып аттаған алғашқы қадамдарының бірі болып табылады:

-Беліне қалта байладым,

Дәулетіңді асырсын

Ішіне тәтті сыйладым

Қиындықты қашырсын!

Ішекпен байлаған-малды болсын, тоқ болсын ниет, көк шөппен байлаған-жершіл болсын, ала жіппен байлағаным-өмірдің ақ-қарасын айыра біліп, адаспай түзу жолмен жүріп, адал, ақ болсын деген

Тәй, тәй, тәй, тәй!

Қаз, қаз, балам, қаз, балам

Қадам бассан мәз болам

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауынды кесейін

Қаз, қаз, балам, қаз, балам

Тоқымыңды жаз, балам

Қадамына қарайық

Басқаныңды санайық

Жалғыз болсын деселік,

Жолына нұр төселік

Қаз баса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамың

Өмірге аяқ баса бер

Асулардан аса бер!

Тойға шашу шашылсын

Халқымның нұры тасысын

Ұлыс оң болсын!

(Шашу шашылсын)

Ақбота-Даниялдың тұсауы кесіледі.

2-жүргізуші: «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, әр ауыл наурыз мерекесін тойлап жатыр. Бүгінгі дүбірлі тойымызға 10 «а» сынып оқушылары «Айтыс» өнерін әкеліп отыр. Сөз кезегің «Мұқағали» ауылына берейік.

1-жүргізуші: Құтты болсын, Наурыз тойы,

Барлық жанның орындалсын арман-айы.

Мешін жылы құт-береке әкеліп, еліміздің ұлассын тойға тойы,

5-кезең: «Ұлттық дастархан»

«Қазақы дастарқаным» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: кезекті 10 «а» сыныбы.

2-жүргізуші:Күттіріп келген жыл бойы

Бізбенен бірге жырлашы

Дастарқанға елімнің

Береке, ырыс сыйлашы-дегендей Әр ауыл өздерінің жасаған ұлттық дастарқанын паш етсін!

1-жүргізуші: Кезекті 8 «ә» сыныбына берейік

2-жүргізуші: Кезекті 8 «а» сыныбына берейік

1-жүргізуші: 10 «а» сыныбына берейік

2-жүргізуші: Кезекті 9 «А» сыныбына берейік



Салтанат: ашық болсын қас қабақ
Таспен атқанда атпен ат
бейтаныс та, таныс та
Арпа,бидай, тары бар.
Қатық, малта, ағы бар.
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Жақсылыққа қашанда.
Жан баласы тоймаған.
Жаңа жылдың басы деп
Жақсылықтың асы деп
Қазақша ет көл-көсір.
Аделия: Ақ дастархан жайылды
Түрлі тағам қойылды.
Дастарханнан дәм татып
Қыздырыңдар ойынды!
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.
әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай Абай ауылы да осы күні сіздерге дастархан жайдық.
Алия: Адал астан бұйырған, дәм татсын ел жиылған,
Бидай салдым көжеге, мол болсын деп биыл нан.
Өткіздік деп қысты аман, сүр ет салдым ыстаған.
Ұлыс күнге сақталған, тары да бар ақталған.
ақ бар адал ниеттей, бала-шаға шиеттей,
ұялуды қойып іш, тоқтық болсын тойып іш- деп отырғандарға наурыз көже таратады.
1-жүргізуші: 10 «а» сыныбы Бекнар Есенгелдінің орындауында «Наурыз» әні қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Абай ауылының ақсақалынан бата алайық:
Қария: Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын,
Ағайын-туысқа пейілді болсын,
Өнеге-білімге зейінді болсын.
Он саусағы майысқан. Шебер болсын,
Ел қорғайтын батыр болсын,
Шындықты айтар ақын болсын,
Халқым деген жүрегі болсын.
Жұртының қамқор тірегі болсын.
Абыройы өрлесін, жамандықты көрмесін . ӘУМИН!
1-жүргізуші: «Ару» тобының орындауында «Шығыс» биі
Каталог: 1C89D7129334ACF8
1C89D7129334ACF8 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаев
1C89D7129334ACF8 -> Сабақ 2А сынып Өткізген: Омарова Н.Қ. 2014-2015 оқу жылы
1C89D7129334ACF8 -> Сыныптар: 7 8 өткізген: шакиров А. б
1C89D7129334ACF8 -> План проведения декады предметов естественно-математического цикла
1C89D7129334ACF8 -> Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша онкүндік іс-шаралар 09. 02-19. 02. 2015ж аралығында
1C89D7129334ACF8 -> План проведения предметной декады мо естественно-математического цикла по Жалгизкудукской сш №24 на 2014-2015уч г
1C89D7129334ACF8 -> Бекітемін: №24 ом директоры А. Сүлейменова
1C89D7129334ACF8 -> Сценарий к празднику Наурыз
1C89D7129334ACF8 -> 1 Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы
1C89D7129334ACF8 -> Алаш қОЗҒалысына 100 жыл!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет