1. жтд жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары



бет1/5
Дата08.12.2023
өлшемі32,58 Kb.
#195981
  1   2   3   4   5
Байланысты:
балалар


1.ЖТД жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары
Педиатрияда диспанзеризация деп балаларда анықталған ауытқуларды уақытында түзету және әртүрлі ауруларды ерте анықтау, алдын алуға арналған емдік ұйымдастыру шараларын айтады.
Диспансеризацияның негізгі мақсаты - балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың физикалық және жүйке-психикалық дамуын қадағалау, ауру әсерінен болған дисбалансты қалпына келтіру, туа пайда болған және жүре пайда болған ақауларды барынша жою, қалпына келтіру жәнеде баланы өз жасына сай өмір салтына қайтару. Емханада диспансерлік қызметінің басты жауаптысы аймақтық жалпы тәжірибелік дәрігер. Сол секілді, басқа да дәрігерлер диспансерлік бақылауды жүргізеді.
Диспансеризацияның міндеттері:

  1. Денсаулықты жоғары дәрежеде сақтау мақсатымен динамикалық бақылау. Аурудың туындау және таралу сеебептерін білу, оларды жою.

  2. Балалар мен олардың ата-анасын салауатты өмір салтына үгіттеу.

  3. Аурудың алғашқы, көмескі сатыларын белсенді түрде анықтау, емдеу.

  4. Аурудың өршуін, асқынуын, қайталануын алдын алу ( екіншілік алдын алу)

Диспансеризация алгоритмі бойынша 5 кезең белгілі:

  1. Бірінші кезең – қызмет көрсетілетін аймақтың тұрғындарын әлеуметтік демографиялық құрамын жылына 2 рет (қыркүйек-қазан, наурыз-сәуір) тексеріп санағын жүргізу.

  2. Екінші кезең – алдын алу тексерістерін жүргізіп, ауруларды анықтау, оларды диспансерлік топтарға бөлу.

  3. Үшінші кезең – ауруды диспансерлік есепке алу, құжаттарын толтыру (112/у – баланың даму тарихы, 030/у – диспансерлік бақылау картасы, аурулар тізімі)

  4. Төртінші кезеңде – науқастардың дәрігерге уақытымен динамикалық бақылауын қадағалайды. Алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Біріншілік алдын алу – жаңа ауруларды табу болса, екіншілі алдын алу – аурудың асқынуымен қайталануын болдырмау мақсатымен жасалады.

  5. Бесінші кезең – арнайы көрсеткіштер арқылы диспансерлік бақылаудың тиімділігін анықтау.

Диспансеризация түрлері:

  • Сау балалар диспансеризациясы эпикриз кезеңдерінде жүргізіледі

  • Жедел сырқаттармен ауырған балаларда диспансеризациялау

  • Созылмалы сырқаттармен ауыратын балаларда диспансеризациялау

Диспансерлік кезеңде жедел сырқаттар анықталған жағдайда науқастың толық сауыққанға дейін жеткізу керек. Созылмалы формасында 030/у-Ф (диспансерлік қарау картасы) бойынша, белсеңді динамикалық қарау жүргізіледі

Диспансеризацияның негізгі құжаты:


Диспансерлік тізімде тұрған науқастарда болу керек құжат тізімі мынандай

  • Баланың даму тарихы

  • Диспансерлік (Ф112/у қараудың бақылау картасы 030/у формасы ұзақ ағымды және созылмалы сырқаты бар балаларға жүргізіледі)

  • Денсаулығы бойынша екінші топқа жататын балалар тізім бойынша қаралады, тек ЖАБ- тобына жататын балалардан басқа, оларға 030/у формасы жүргізіледі.

Балаларды амбулаторлы – емханалық деңгейде диспансеризациялау принциптері.

  • Диспансерлік бақылаудың өтімділігі мен уақытын анықтау

  • Лабораторлық – инструментальдық тексерулердің көмегін анықтау

  • Рецидивке қарсы ем курстарын жүргізу

  • Созылмалы инфекция ошақтарына санация жүргізу

  • Диспансеризация эффектілігін анықтау

Сонымен қатар:

  1. Кезеңдік қарау – жоспар бойынша жүргізу (мысалы арналған балаларда ұйымдастыру орталықтарына баратын балалар) және баланың қазіргі амбулаторлық көмекке жүгінуіне байланысты.

  2. Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, орта және жоғары оқұ орындарына түсетін балаларды алдын алу қарау

  3. Мақсаттық қарау – белгілі бір сырқаттарды анықтау мақсатында (туберкулез, гипотиреоз және т.б.)

Профилактикалық қарау нәтижесіне байланысты балаларды 3 топқа бөледі:

  1. Толық сау балалар

  2. Салыстырмалы сау, яғни туыстарының анамнезінде созылмалы сырқаттары бар, жүктілік анемиясы, фондық аурулар, ЖРИ – мен ауыратындар секілді қауіп факторы бар.

  3. Созылмалы сырқаттары бар науқастар (компенсация сатысы, субкомпенсация сатысы, декомпенсация сатысы)

Диспансеризация эффективтілігінің көрсеткіштері (ем нәтижесі және науқас сауығуы) % түрінде:

  • Сауығу

  • Жақсару

  • Ремиссия

  • Мүгедектікке ауыстыру

  • Өлім

Сонымен, балалардағы диспансеризациялауды жүзеге асыруда басты рөл учаскелік дәрігер педиатрдың қарамағында болады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет