Тақырып №6: «Бүйрек ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау»



Дата19.05.2017
өлшемі186.7 Kb.










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Амбулаторлық-ЕМХАНАЛЫҚ педиатриЯ Кафедрасы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ






ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ


Тақырып № 6: «Бүйрек ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау».

Дайындаған: доц.Сарбасова Ж.О.

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012 ж.

«Бекітемін»

Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.

1.Тақырып: «Бүйрек ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау».
2.Мақсаты:

Студенттерде бүйрек ауруларына диагноз қою, емдеу және диспансерлік бақылау мәселесі бойынша жүйелі білім қалыптастыру.

Студенттерде бүйрек аурулары бойынша қатер тобын анықтау, амбулаторлық емдеуге, стационарға жатқызуға көрсеткіштерді және клиникалық көріністерді анықтауға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру.

Бүйрек ауруларына диагноз қою, емдеу және диспансерлік бақылау мәселесі бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдануды қалыптастыру.

Клинико-зертханалық мәліметтерді сыни түрде бағалау шеберлігін және клиникалық белгісі ұқсас аурулармен салыстырмалы диагноз қою дағдыларын меңгеру.

Клиникалық ойлау негіздерін, науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын, әріптестерімен медициналық этика және деонтология ережесін сақтау дағдыларын, кәсіптік білім алу қажеттігіне және пәнді оқуға қызығушылығын қалыптастыру.


3. Оқыту міндеттері:

Студенттерді балалар емханасындағы нефрологтың міндеттерімен таныстыру.

Студенттерді зәр шығару жүйесі ауруларына диагноз қою және негізгі емдеу принциптеріне үйрету.

Студенттерді зәр шығару жүйесі ауруларын диспансерлік бақылау принциптеріне үйрету.

Студенттерге зәр шығару жүйесі ауруларының алдын-алудың негізгі принциптерін оқыту;

Зәр шығару жүйесі ауруларын диспансерлік бақылау жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру;

Студенттерде нақты және толық клинико-эпидемиялық анамнез жинау үшін науқас және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.

Әріптестерінің пікірін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- балалар емханасындағы нефролог кабинетінің жұмыс істеу принциптері;

- нефролог дәрігердің функционалды міндеттері;

- диспансерлік бақылауға жататын зәр шығару жүйесінің аурулар тізімі;

- диспансерлік есепке алынатын топтар;

- зәр шығару жүйесі ауруларының таралуы;

- зәр шығару жүйесі ауруларының дамуына әкелетін этиологиялық факторлар;

-зәр шығару жүйесінің ауруларына диагноз қою критерийлері,негізгі клиникалық симптомдары;

– біріншілік және екіншілік пиелонефрит туралы ұғым;

-зәр шығару жүйесінің аурулары бар балаларды зерттеудің негізгі әдістері;

-зәр шығару жүйесі ауруларын емдеудің негізгі принциптері;

–зәр шығару жүйесі аурулары бар науқасты кезеңді емдеу;

- жедел және созылмалы пиелонефрит бар балаларды диспансерлік бақылау;

- жедел және созылмалы гломерулонефрит бар балаларды диспансерлік бақылау;

- зәр шығару жүйесі ауруларымен ауыратын балаларды реабилитациялаудың негізгі принциптері;

- зәр шығару жүйесі ауруларының алдын-алу.



5. Сабақ беру және оқыту әдісі:

Оқытудың аралас әдістері

р/с

Оқытудың қолданылған әдісі

Нәтижесі

1

Аз топта жұмыс

Сабақ тақырыбын еркін игерген, топпен жұмыс істеу қабілеті бар, өз көзқарасын нақты дәлелдермен қорғай алады.

2

Тақырыптық науқастың амбулаторлық картасын талдау


Алғын білімдері негізінде науқаспен қарым-қатынас дағдыларын, науқасты тексеру әдістерін, диагноз қою әдістерін таңдай білу және қойылған диагноз бойынша ем тағайындау дағдыларын қалыптастыру. ҚР ДСМ бұйрықтарын, заң актілерін есепке ала отырып науқасты жүргізу тактикасы бойынша шешім қабылдауда жауапкершілікті тәрбиелеу.

3

Ситуациялық есептер шешу

Диагностиканың маңызды мәліметтері негізінде диагноз қою дағдысын, науқасты жүргізу тактикасын қалыптастыру

4

Презентация

Кәсіптік білім алу қажеттілігін және тақырыпты оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыру.


6. Әдебиет

Негізгі:

1.Н. П. Шабалов. Детские болезни. 2 том. СПб.: Питер, 2008ж.




Қосымша:

1. Рахимова К.В., Эрман М.В. Инфекции мочевой системы. Алматы, 2009.

2. Протоколы диагностики, лечения и профилактики болезней и синдромов детского возраста. Под ред. Рахимовой К.В. Алматы, 2002.

3. Под ред. Баранова А.А.- Детские болезни: учебник- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002.

4. Под ред. Исаевой Л.А. – Детские болезни: учебник.-3-е изд.испр.- М.: Медицина, 2002.

5. Коровина Н.А., Захарова И.Н., Мумладзе Э.Б. и др. Рациональный выбор антимикробной терапии инфекции мочевой системы у детей. Руководство для врачей. М., 2000.



6. Сушко Е.П., Новикова В.И. и др. Поликлиническая педиатрия: учебное пособие. Минск: Выш.шк., 2000.
7. Бақылау:

Меңгерген компетенцияларды бағалау әдістері:


р/с

Қолданылған бағалау әдісі

Бағаланатын компетенция

1

Тест тапсырмаларын орындау

Когнитивті компонент: сабақ тақырыбы бойынша игерген білімі

2

Тақырыптық науқасты амбулаторлық картасы бойынша таладу

Когнитивті, операциялық, аксиологиялық, құқықтық компоненттер

3

Ситуациялық есептер шешу

Когнитивті, операциялық, аксиологиялық, құқықтық компоненттер

4

Презентация дайындау

Өзін өзі жетілдіру қабілеті



Тесттік тапсырмалар (25)

Ситуациялық есептер (5)


Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы




Сабақтың кезеңі

Сабақ өткізу құралы

Хронометраж

1

Ұйымдастыру бөлімі: тақырыппен және сабақ жоспарымен таныстыру, қатысуын бақылау. Тест тапсырмалары арқылы тақырып бойынша теориялық білімдерін бағалау

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары, оқу журналы. Тесттік тапсырмалары.

8.00-9.30




Үзіліс




9.30-9.40

2

  • Тақырыптық науқасты амбулаторлық карта бойынша талдау

  • Аз топтағы жұмыс

  • Презентация дайындау

Диспептикалық синдром және бауыр аурулары бар балалардың даму тарихы (ф.112/у), тақырып бойынша әдебиеттер, компьютер

9.40-11.10




Үзіліс




11.10-11.20

3

Ситуациялық есептер арқылы тақырып бойынша теориялық білімдерін бағалау

Ситуациялық есептер

11.20-13.20



ТЕСТІК ТАПСЫРМАЛАР

1.Дені сау балаларда зәрдің түсі:

А) Ашық, мөлдір, сабан-сары

B) Лай, қауыздармен

C) Қоңыр-қызыл

D) Қою қоңыр

E) Ақ, көпіршікті
2.Бүйректің шумақты аппаратының функциясын анықтау үшін келесі зерттеулер жүргізіледі:

А) Жалпы зәр талдауы

B) Нечипоренко бойынша зәр талдауы

C) Зимницкий бойынша зәр талдауы

D Шварц формуласы бойынша есептеу

E) Адисс-Каковский бойынша зәр талдауы


3.Гломерулонефритке тән шағым:

А) Дизуриялық бұзылыстар

B) Зәр шығарғанда ауырсынулар

C) Ісінулер

D) Полиурия

E) Эпигастрия аймағындағы ауру сезімі


4. Гломерулонефрит кезіндегі болжамы ауырлау болатын несептік синдром:

А) Бактериурия

B) Лейкоцитурия

C) Зәр қышқылының тұздары

D) Протеинурия

E) Глюкозурия


5.Жедел гломерулонефритпен науқас балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А) 2 жыл


B) 3 жыл

C) 4 жыл


D) 5 жыл

E) жасөспірімдер бөліміне өткізгенше


6.Созылмалы гломерулонефритпен науқас балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А) 2 жыл


B) 3 жыл

C) 4 жыл


D) 5 жыл

E) жасөспірімдер бөліміне өткізгенше




7. Жедел пиелонефритпен науқас балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А) 2 жыл


B) 3 жыл

C) 4 жыл


D) 5 жыл

E) жасөспірімдер бөлімесіне өткізгенше


8. Зәр шығару жүйесінің созылмалы асқынусыз (біріншілік) жұқпасы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А) 2 жыл


B) 3 жыл

C) 4 жыл


D) 5 жыл

E) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенше


9. Зәр шығару жүйесінің асқынумен (екіншілік) созылмалы жұқпасы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А) 2 жыл


B) 3 жыл

C) 4 жыл


D) 5 жыл

E) жасөспірімдер бөліміне өткізгенше


10. Туа пайда болған нефропатиямен науқас балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А) 2 жыл


B) 3 жыл

C) 4 жыл


D) 5 жыл

E) жасөспірімдер бөліміне өткізгенше


11. Жіті пиелонефритке тән негізгі симптом:

А) Ісінулер

B) Бас ауыру

C) Гипертония

D) Қызба және интоксикация

E) Іш қату


12. Пиелонефритке тән анализдегі өзгерістер:

А) Гематурия

B) Гипопротеинемия, диспротеинемия

C) Бактериурия

D) С-реактивный белок

E) Гиперхолестеринемия

13. Балалар тәжірибесіндегі зәр шығару жүйесін зерттеу әдістерінің ішінде амбулаторияда кең қолданылады:

А) УДЗ


B) Радиоизотопты ренография

C) Рентгенді-урологиялық зерттеулер

D) Цистография

E) Уретрография


14. Гломерулонефритке тән шағым:

А) Олигоурия

B) Дизуриялық бұзылыстар

C) Зәр шығарғанда ауырсынулар

D) Лай зәр

E) Тұрақсыз дәрет


15. Жіті гломерулонефритпен науқастардың анамнезінде жиі қандай аурумен ауырғандығы байқалады:

А) Стрептококкты жұқпа

B) стафилококкты жұқпа

C) пневмококкты жұқпа

D) хламидиялы жұқпа

E) микоплазмалы жұқпа


16. Жіті циститтің белгісі:

А) Ісінулер

B) Ішіндегі ауру сезімі

C) Бел аймағындағы ауру сезімі

D) Зәр шығарғанда болатын ауырсынулар

E) Энурез


17. Нефротоксикалық әсері аз антибиотик:

А) Ампициллин

B) Левомицетин

C) Гентамицин

D) Ристомицин

E) Рифампицин


18. Балалар емханасында бүйрек-зәр шығару жүйесімен науқас балаларды диспансерлік есепте бақылайды:

А) Учаскелік дәрігер немесе жанұя дәрігері кезеңді нефролог кеңесімен

B) Нефролог кезеңді учаскелік дәрігер немесе жанұя дәрігері кеңесімен

C) Бас дәрігер және кезеңді оның емдеу жұмысы бойынша орынбасары

D) Педиатриялық бөлім меңгерушісі кезеңді нефролог кеңесімен

E) Арнайы мамандар бөлімі меңгерушісі кезеңді учаскелік дәрігер немесе жанұя дәрігері кеңесімен

19. Пиелонефритпен диспансерлік бақылауда тұрған науқастың диспансерлік бақылаудың бірінші жылында жалпы зәр талдауын тапсыру жиілігі:

А) Алғашқы 3 айда айына 2-3 рет, келесі 3 айда айына 1 рет, 2-ші жарты жылда тоқсанына 1 рет бақыланады

B) Алғашқы 3 айға айына 2 рет, келесі 4-12 айларда тоқсанына 1 рет

C) Алғашқы 3 айда айына 2-3 рет, келесі 4-12 айларда айына 1 рет

D) Алғашқы 6 айда айына 1 рет, келесі 6 айда 2 айда 1 рет

E) Айына 1 реттен жыл бойы

20. Жіті циститке қандай симптом тән:

А) Бел аймағындағы ауырсыну

B) Артериалдық гипертензия

C) Поллакиурия

D) Анемия

E) Ісінулер


21. 5 жасар бала мектепке дайындық сабақтарына бара бастағаннан кіші дәретке жиі баратын болған, ауру сезімсіз және зәрде өзгеріс жоқ. Не айтуға болады:

А) Жіті пиелонефрит

B) Созылмалы пиелонефрит

C) Зәр жүйесі жұқпасы

D) Қуықтың гиперрефлекторлы дисфункциясы

E) Жіті цистит


22. Пиелонефритте бейспецификалық қабыну үрдісі зақымдайды:

А) Бүйректің тубуло-интерстициальдық тінін

B) Тек ғана түбегін және тостағаншаларын

C) Шумақтық аппаратты

D) Бүйрек маңы тінін

E) Бүйрек капсуласын


23. Жедел гломерулонефритпен баланың сауығуын айтамыз:

А) тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 1 жыл

B) тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 2 жыл

C) тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 3 жыл

D) тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 4 жыл

E) тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін 5 жыл


24. Балаларда созылмалы асқынған пиелонефриттің негізгі даму себебі:

А) Обструктивті уропатия немесе ПМР

B) Жоғарғы тыныс жолдары жұқпалары

C) Уродинамиканың функциональдық өзгерістері

D) Туа пайда болған аномалиялар ГБМ

E) Тубулопатиялар

25. Екіншілік обструктивті пиелонефриттің негізгі даму себебі:

А) Бүйрек паренхимасындағы микробты-қабыну үрдісі

B) Уродинамиканың органикалық бұзылыстарымен бірге микробтық-қабыну үрдісі

C) Зәр жолдарындағы микробтық-қабыну үрдісі

DТүбекшедегі микробты-қабыну үрдісі

E) Инфекциялық-аллергиялық үрдіс



Тестік тапсырманың

ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ

1 - А


2 - D

3 - C


4 - D

5 - D


6 - E

7 - B


8 - Е

9 - E


10 - E

11 - D


12 - C

13 - А


14 - А

15 - А


16 - D

17 - А


18 - A

19 - А


20 - C

21 - D


22 - А

23 - E


24 - А

25 - B


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

Есеп №1
Бала жіті гломерулонефрит диагнозымен стационарда емделді. Клиникалық-зертханалық ремиссия сатысында учаскелік педиатрдың бақылауына шығарылды.
Тапсырма: Диспансерлік бақылаудың ұзақтығын анықтаңыз:

А) 1жыл


B) 2 жыл

C) 3 жыл


D) 5 жыл

E) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенше



Есеп №2
Бала стационардан жіті біріншілік пиелонефритпен учаскелік педиатрдың бақылауына шығарылды
Тапсырма: Диспансерлік бақылау ұзақтығын анықтаңыз:

А) 1жыл


B) 2 жыл

C) 3 жыл


D) 5 жыл

E) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенше




Есеп №3
Бала 2 жаста, жіті пиелонефрит диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. 1 жылдан кейін тексеру барысында жұқпаның клиникалық және зертханалық белгілері сақталғандығы анықталды.Учаскелік дәрігер қойған диагноз: Созылмалы пиелонефриттің өршу кезеңі.

Тапсырма: Диагнозды анықтау үшін жасалуы қажет зерттеуді көрсетіңіз:

А) Радиоизотоптық ренография

B) Уретрография

C) Рентгеноурологиялық зерттеу

D) УЗИ органов малого таза

E) Цистография



Есеп №4
Бала 8 жаста, жедел пиелонефрит диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. 1 жылдан кейін тексеру барысында пиелонефриттің клиникалық және зертханалық белгілері сақталғандығы анықталды.Созылмалы пиелонефриттің өршу кезеңі деген диагноз қойылды. Ауруханаға жатқызылды, жүргізілген емнен кейін стационардан толық клиникалық-зертханалық ремиссияда шығарылды.
Тапсырма: Диспансерлік бақылау кезінде учаскелік педиатрдың бақылау жиілігі:

А) Бірінші жылда айына 1 рет, одан кейін тоқсанына 1 рет

B) Бірінші жылда айына 2 рет, одан кейін жарты жылда 1 рет

C) Алғашқы 3 айда айына 1 рет,одан кейін тоқсанына 1 рет

D) Алғашқы 6 айда айына 1 рет , одан кейін 2 айда 1 рет

E) Алғашқы 6 айда тоқсанына 1 рет , одан кейін жарты жылда 1 рет




Есеп №5
Бала 6 жаста, диспансерлік есепте жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит диагнозымен тұрады. Жарты жыл бұрын стационарда жатқан. Учаскеге толық клиникалық-зертханалық ремиссияда шығарылды. Учаскелік дәрігер және нефролог диспансерлік есепке алды:
Тапсырма:Диспансерлік бақылау кезінде осы баланы маман дәрігерлер қарау жиілігін көрсетіңіз:

А) Лор және стоматолог жылына 2 рет, басқа мамандар көрсеткішіне қарай, нәжісті құрт жұмыртқасына тапсыру жылына 2 рет

B) Лор жылына 2 рет, стоматолог тоқсанына 1 рет, окулист жылына 1 рет ынша

C) Лор, стоматолог, окулист жылына 1 рет

D) Лор,окулист – жылына 2 рет, стоматолог тоқсанына 1 рет

E) Лор, окулист тоқсанына 1 рет, стоматолог жылына 2 рет



Ситуациялық есептердің

ЖАУАП ЭТАЛОНЫ:

1 – D


2 – C

3 – Е


4 – D

5 – А



беттен бет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет