Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, түрлері
Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуындағы қиындықтар.
Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері.
Стиль құрайтын тілдік құралдар екі топқа бөлінеді. Біріншісіне тілдің стилистикалық парадигматикасын құрайтын тілдік құралдар (стилистикалық бояуға ие құралдар, стилистикалық синонимдер мен варианттар) кіреді. Екіншісіне функционалды-тілдік құралдар жатады, яғни әр стиль түрінде басым қолданылатын тілдік құралдар болады. Функционалды стильдер стилистикалық бояулы және функционалды-тілдік құралдар мен бейтарап тілдік құралдардың бірігуі арқылы жасалады. Осы тұрғыдан функционалды стильдердің ерекшелігі төмендегідей сипатқа ие болып келеді
Ғылыми стиль жазба стильге жатады, оған әр ғылым саласында жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар кіреді. Ғылыми стиль өз ішінде шағын стильдерге де бөлінеді. Ғылыми стильде зерттеу нысаны болған зат пен құбылыс ғылыми негізде сипатталып, белгілі теориялык негіздермен дәлелденіп, логикалык жағынан негізгі ой мен кұбылыстың байланысы нақтыланып белгілі жүйеге кұрылған хабарлы,өзекті, дәлелді, ой қисыны қорытындыланған ғылыми тұжырым жасалынады.
Ғылыми стильдің ірі және шағын жанрлары болады. Ірі жанрларына жеке автордың және ұжымдык ғылыми еңбектер жатады: диссертация, энциклопедия, сөздік, оқулык, оқу құралы. Ғылыми стильдің ұсақ жанрларына мақала, реферат, тезис, рецензия т.б. жатады.
Ғылыми стильдің жанрлары бір-бірін толықтырып, бірінің идеялық мазмұнын ашып, стилистикалық бағалау категориясымен жүйелеп түсіндіруді негіз етіп, стилистикалық гипотезиялық категорияны басшылыққа алып отырады.
Ғылыми стильдің кіріспе бөлімінде ғылыми зерттеудің тарихын, жазылу себептерін, жаңалығын қысқаша баяндап берді. Ғылыми стильдің тарауларында зерттелінген құбылыс пен заттың жан - жақты тарихи мәні ғылыми тұрғыдан сараланып, толық мәлімет жинақталып, белгілі түйінмен тараудың негізгі мазмұнын логикалық жағынан аяқтап беріп отырады. Ғылыми мәтіннің сыртқы элементтерінің бірі - қорытынды. Қорытынды бөлімде зерттеудің толық сипатын жан - жақты қорытындылап, зерттеудің негізгі мақсат - міндетінің нақты мәнін қысқаша мазмұндайды.
Ғылыми стильдің негізгі сөздік қоры - терминдер. Бір қоғамның, бір мемлекеттің ғылыми стилін толық қалыптастыру ұлттық әдеби тілдің лингвистикалық белгілерінің көп қырлы құбылыс екенін танып, оның функционалдық қызметін толық көрсету болып табылады.
Ғылыми стильдің терминдік атауларымен қатар сөздік қорында мағыналық ауысу баламасы табылған сөздер де кездесіп отырады. Ғылыми стильде метафоралар кездескенмен, оның бейнелілік, көркемдік қасиеті бәсең болады. Мысалы: Франция - көне мәдениет ошағы, философия - барлық ғылымдардың түп атасы. Әдеби тілді байытып, қорландырып отыратын нәрлі бастаудың бірі- халық тілі. Ғылыми мәтіндерден алынған Франция - ошақ, философия - түп атасы бастау - халық тілі метафоралық қолданыста алынып тұрғаны байқалады. Бұл ғылым тілінде концептуалдык метафора деп аталынады, ол өзінің бейнелілігін жоғалта отырып, жаңа лексикалық мағына мен терминдік атауға ие бола алатын сөздер тобы.
Ғылыми стильдің негізгі тілдік бірлігі терминдер болғанмен, деректі-дерексіз уәж атаулары болып келеді. Мысалы: өлең, тармақ, бунақ, шумақ, дыбыс, әріп, флекция, категория, көлем, мөлшер. үдеу} жылдамдық т.б. деректі зат есімдер жаратылыстану ғылымдарында көп кездеседі. Сын есім жиі қолданысқа түседі, себебі ғылыми негізге алынған зат пен құбылыстың айрықша белгілері мен қасиеттерін анықтау үшін стилистикалық бағалау категориясы ретінде жұмсалады.
Ғылыми стильдің негізгі тілдік бірлігі терминдер болғанмен, деректі-дерексіз уәж атаулары болып келеді. Мысалы: өлең, тармақ, бунақ, шумақ, дыбыс, әріп, флекция, категория, көлем, мөлшер. үдеу} жылдамдық т.б. деректі зат есімдер жаратылыстану ғылымдарында көп кездеседі. Сын есім жиі қолданысқа түседі, себебі ғылыми негізге алынған зат пен құбылыстың айрықша белгілері мен қасиеттерін анықтау үшін стилистикалық бағалау категориясы ретінде жұмсалады.
Басқа фуңкционалдық стильдерге қарағанда сөзді байланыстырушы, дәнекерлік қызмет атқаратын сөз оралымдары ғылыми стильге тән болып келеді: назар аударайық, қорытынды шыгарамыз, қорыта айтқанда, баса көңіл бөлетін нәрсе, тагы да айта кету керек, ерекше мәселе т.б. Ғылыми стильде рай категориясы стильдік мәнде көп колданылады. Сөйлеушінің кимыл, іс-әрекетке көзқарасын, кимылдың, іс әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріпбелгілі парадигматикалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы болып табылады. Белгілі қимыл іс-әрекеттің іске асу-аспауы, көзкарасы, пікірі, бағасы, анық тығы, акикаттығы, шарттылығы (ғылыми стильде сөйлеуші айтылмаса да) рай категориясы арқылы жүзеге асады. Ғылыми стильде ашык рай қимыл, іс-әрекет үш шақтың бірінде болу-болмауын білдіретін рай түрі. Ашық райдың басты семантикасының ерекшелігі мынада; іс-әрекеттің объективті шындыққа катысты өту-өтпеуі шақпен байланысты өтеді. Ашык рай шақ категориясымен бірлікте болғандықтан, ғылыми стильдегі құбылыс пен заттың толық жүзеге асуына негіз болып, оның ақиқат шындығын көрсету үшін жұмсалынады. Ғылыми стильде шартты рай тұлғасы жиі байқалады.
Ғылыми стильдің ауызша түріне ғылыми ортада өтілетін ғылыми пікірталас, ғылыми ой-сұхбат жатады. Ғылыми стильдің ауызша түрінің жазбаша түрінен ерекшелігі оның стилінің еркіндігі деп айтуға болады. Себебі, бір сөздің бірнеше синонимдік катары кайталанып айтылып отырады. Әдіс сөзіне бірнеше контекстік синонимдерді қолдана алады: әдіс, тәсіл, ұстаным, принцип, жолы, межесі т.б. Ғылыми стильдің ауызша түрі сөйлеу мәдениетімен тығыз байланысты. Функциональдық стильдердің әдеби тілін толық меңгерген, сөйлеуде өзін-өзі бақылай алатын, өз мамандығының төңірегінде ғана емес, басқа да салаларда еркін сөйлейтін, әр түрлі пайымдаулар мен этикалық тұжырым жасай алатын жеке тұлғаның сөйлеу мәдениеті - сөйлеу мәдениетінің толық функциональды түріне тән басты белгілердің бірі.