жылу сыйымдылық - дененің температурасын бір кельвинге арттыру үшін оған жұмсалатын жылу мөлшеріне тең шама;
жылдамдық – қозғалыс тездігін сипаттайтын векторлық физикалық шама;
өлшемдерімен формасын ескермеуге болатын массасы бар дене;
еркін жүріс жолының ұзындығы- газ молекуласының кезектес екі соқтығысуларының арасындағы уақыт ішінде жүріп өтетін жолы;
инерттілік – сыртқы әсер тоқталған кезде дененің тыныштық қалпын сақтау қасиеті;
инерциалдық санақ жүйесі – еркін материалдық нүкте бірқалыпты және түзу сызықты қозғалатын жүйе;
инерциалдық емес санақ жүйесі – инерциалдық жүйеге қатысты үдеумен қозғалатын санақ жүйесі, мүнда Ньютон заңы да, импульстың сақтау заңы да, инерция заңы да , импульстың сақталу заңы да орындалмайды;
инерция (массалар центрі) – осы жүйенің массаларының таралуын сипаттайтын нүкте орны;
кинетикалық энергия – еркін қозғалып өшетін дененің механикалық энергиясы;
күш – денелердің бір-біріне әсерінің өлшемі бола алатын векторлық шама;
консервативті емес күш – егер осы күштердің істеген жұмысы нүктенің орын ауыстыру траекториясына тәуелсіз болған кездегі әсер ететін күш
идеал газ – бөлшектердің өзара әрекеттесуі есептке алынбайтын газдың теориялық моделі
математикалық маятник – салмақсыз. Созылмайтын жіпке ілінген және ауырлық күшінің әсерінен тербеле алатын материалдық нүкте;
материалдық нүкте – берілген жағдайда идеал сұйық – ішкі үйкеліс күштері жоқ сұйық;
механика – материалдық нүктелердің механикалық қозғалысын қарастыратын физиканың бөлімі;
молекулалық физика – заттың құрылысы мен қасиеттерін барлық денелер үздіксіз хаосты қозғалыстағы молекулалардан тұрады дегенге негізделген молекулалық – кинетикалық түсініктерді басшылыққа лаып қарастыратын физиканың бөлімі;
моль – молекулаларының немесе атомдарының саны Авогадро санына (моль) тең зат мөлшер;
нақты газ – қасиеттері молекулалардан өзара әрекеттесуіне тәуелді газсанақ жүйесі – басқа материалдық нүктелер қозғалысы қатысты қарастырылатын дене мен координаттар жүйесі және уақыт;
статика – күштің әсерінен материалық денелердің тепе-теңдік шартын қарастырады;
қозғалыс траекториясы – дененнің кеңістіктегі қалдырған ізі;
орын ауыстыру – дененің бастапқы және соңғы орындарын қосатын вектор;
орташа үдеу – жылдамдық өзгерісінің сол өзгеріс болған уақытқа қатынасына тең шама;
үдеудің тангенсал құраушысы – жылдамдық шамасының өзгеру тездігін сипаттайтын шама;
үдеудің нормаль құраушысы – жылдамдықтың бағыты бойынша өзгеру тездігін сипаттайтын шама;
ішкі күштер – механикалық жүйенің материалық нүктелері арасындағы әсерлесу күштері;
когерентті толқындар – уақыт бойынша фазалар айырымы тұрақты болып қалатын толқындар;
потенциалдық күш – орын ауыстыру жүмысы орын ауыстыру траекториясына тәуелсіз болатын жұмыс кезіндегі күш;
потенциалдық энергия – денелер жүйесінің өзара орналасуына және әсерлесу күштеріне қатысты анықталатын жүйенің механикалық энергиясы;
сыртқы күштер – жүйенің материалық нүктелеріне сыртқы денелердің әсер ету күші
термодинамика – жылулық қозғалыстың заңдылықтарын және оның заттың физикалық қасиеттеріне тигізетін ықпалын энергетикалық тұрғыдан қарастыратын ғылым
термодинамикалық жүйе - көп материалдық нүктелердің қосындысы деп саналады. Материалдық нүктелер ылғи хаотикалық қозғалысқа қатнасадыда, бір- бірімен кинетикалық энергиямен, жылдамдықпен, импульспен алмасады, бірақ олардың ішкі күй жағдайы өзгерілмейді
тепе-тең күйлер – үлкен уақыт аралығында тұйықталған жүйенің тепе-тең күйге көшкен күйі. Бұл уақыт релаксация уақыты деп аталады
термодинамиканың бірінші бастамасы – жылулық құбылыстарға арналған энергияның сақталу заңы
термодинамиканың екінші бастамасы – өздігінен температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге жылудың ауыса алмауы
термодинамиканың үшінші бастамасы – абсолют нөлге ұмтылғанда тепе-тең күйде дененің энтропиясының нөлге ұмтылуы
тепе-тең емес процестердің термодинамикасы – тепе –тең емес процестерді макроскопиялық сипаттаудың жалпы теориясы
термостат – тұрақты температураны ұстайтын прибор
толқындар интерференциясы – когерентті толқындардың қабаттасуы кезінде бірін-бірі күшейту немесе әлсірету құбылысы;
тұйық жүйе – сыртқы күштер әсер етпейтін жүйе;
толқын ұзындығы – бірдей фазада қозғалатын екі нүктенің ара қашықтығы
қуат – бірлік уақытта істелетін жұмысқа тең шама;
тыныштық энергиясы – дененің ішкі энергиясы, дененің барлық бөлшектерінің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы;
физика – материаның жалпы формалары және өзара түрленуі туралы ғылым, ол дәл ғылымдарға жатады және айналамыздағы процестермен құбылыстардың сандық заңдылықтарын зерттейді;
физикалық заңдар – табиғатта болатын тұрақты қайталанатын объективті заңдылықтар;
флуктуация – көп бөлшектерден тұратын жүйені сипаттайтын физикалық шамалардың орта мәндерінен кездейсоқ ауытқулары
электростатика- қозғалмайтын зарядтардың кеңістікте туғызған электр өрістерінің қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімі;
электр өрісі - көмегімен кеңістікте зарядтар арасындағы өзара әсерлесу жүзеге асатын материалдық орта;
электр өрісінің кернеулігі- өрістің берілген нүктесіндегі бірлік оң зарядқа әсер ететін күшпен анықталатын шама;
электр өрісінің потенциалы- өрістің берілген нүктесіндегі бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясымен анықталатын шама;
электр өрістерінің суперпозиция принципі- электр зарядтары жүйесінің қорытқы өрісінің кернеулігі әрбір жеке заряд туғызған өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең;
электрлік диполь- бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықта орналасқан шамалары тең, таңбалары қарама-қарсы екі зарядтың жүйесін айтады.
электр тогы- зарядтың қандай да бір бет арқылы өтуі;
Тақырып: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары (3 сағ)
Негізгі сұрақтары: Заттың МКТ-ның эксперименттік негізделуі
Газдың МКТ-нің негізгі теңдеуі
Температура, термометрлер, температуралық шкала
Газ заңдары
Идеал газ күйінің теңдеуі идеал газдың ішкі энергиясы
Идеал газдың молекулалық – кинетикалық теориясы.
Молекулалық физика және термодинамика макроскопиялық денелердің, былайша айтқанда, өте көп микробөлшектерден ( молекулалар, атомдар, иондар, электрондар т.с.с.) тұратын денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімдері. Осы қасиеттерді зерттеу үшін сапалы түрде алшақ және бірін-бірі толықтыратын екі әдіс қолданылады: молекулалы-кинетикалық (статистикалық) және термодинамикалық.
Жүйелерді құрайтын микробөлшектердің қозғалысы сипаттамаларының орташаланған мәндері негізінде макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі, молекулалы – кинетикалық (статистикалық) әдіс деп аталады.
Жүйелерде жүретін энергияның алмасу заңдарына сүйене отырып макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі термодинамикалық деп аталады.
Газдың күйі үш макроскопиялық параметрлермен сипатталады. температура – макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.