Лекция2.Трансформаторлардың параметрлерін есептеу.
Негізгі теориялық мәліметтер
Трансформатор деп қандай да бір параметрлі (кернеу, ток, формасы және бастапқы фазасы) айнымалы токтың электр энергиясын магнит өрісінің көмегімен басқа бір параметрлі электр энергиясына жиілігін сақтай отырып түрлендіруге арналған электромагниттік құралды айтады. 1.1 (а, б) суреттерде трансформатордың шартты графиктік белгіленуі мен электромагниттік сұлбасы берілген.
а) б)
1.1 сурет. Трансформатордың шартты графиктік белгіленуі (а)
электромагниттік сұлбасы (б)
Тұйықталған ферромагниттік өзектшеде екі орам орналасады. Бір орам, бірінші реттік деп аталатын, электр энергиясының ток көзіне жалғанады. Ал басқа, екінші реттік орамнан, энергия қабылдағыш - жүктемеге беріледі. Осы орамдарға қатысты барлық шамалар (токтар, Э.Қ.К-і және т.б.) сәйкес бірінші немесе екінші реттік деп аталады. Келтірілген U1 айнымалы кернеудің нәтижесінде бірінші орамда i1 пайда болады және өзекшеде айнымалы магнит ағыны пайда болады. Осы ағын трансформатор орамдарында e1 және e2 Э.Қ.К-терін тудырады. e2 Э.Қ.К-і трансформатордың шыға беріс қысқыштарында U2 кернеу тудырады. Екінші реттік тізбектегі орамды тұйықтаған кезде пайда болатын i2 ток, өзекшеде, бірінші реттік орамдағы ағынға қабаттасатын, меншікті магнит ағынын тудырады. Нәтижесінде, трансформатордың екі орамдарымен тұтасқан, өзекшенің Ф жалпы ағыны пайда болады да, оларда e1 және e2 Э.Қ.К- н тудырады. Кернеулердің U1/U2 (бос жүріс кезінде) және токтардың I2/I1 (қысқаша тұйықталу тәжірибесінде) қатынастары бірінші және екінші реттік орамдардағы сымдарды орау сандарының қатынастарымен анықталады. Бірінші және екінші реттік орамдардағы сымдардың оралу сандарының қатынастарымен анықталатын шама трансформация коэффициенті деп аталады:
K= = = (1.1)
мұндағы и - бірінші және екінші реттік орамдардағы сымдардың оралу сандары.
Трансформатор жеке тізбектерді байланыстыратын буын болатын электр тізбектерін есепген кезде орын басу сұлбасы қолданылады. Осы кезде есептеу сұлбасында бірінші жіне екінші реттік тізбектердегі магниттік байланыс электрлікпен алмастырылады (1.2-сурет).
1.2-сурет. Электромагниттік (а) и Т-сияқты (б)
нақты трансформатордың орын басу сұлбалары
мұнда R0 – өзекшенің болатындағы шығынға қатысты актив кедергі; Xo – негізгі магнит ағыны тудыратын индуктивтік кедергі; X1 и X2- бірінші және екінші орамдарда ағындардың шашырауынан пайда болатын индуктивтік кедергі; R12- екінші орамдағы актив кедергі; X12 - екінші орамдағы келтірілген индуктивьік кедергі.
Белгілі бір жұмыс тәртіптерінде трансформатордың жұмысын бос жүріс пен қысқаша тұйықталу тәжірибелері сипаттайды. Жүктеме тәртібі: жүктеме болмаған жағдайда (I2=0) және екінші орамдағы номиналь ток жағдайларында: I2=I2H немесе I1=I1H.
Осы тәжірибелер нәтижесінде трансформатордың негізгі пайдалану сипаттамаларын есептеуге қажетті алғашқы мәліметтер мен оның орын басу сұлбаларының параметрлетін анықтайды. Трансфоматордың үктеме тоғын арттырған жағдайда оның екінші орамының қысқыштарындағы U2 кернеу төмендейді. U2 шамасының бос жүріс U20 кернеуінен ауытқуын (U1=const болғанда) кернеудің пайыздық өзгерісімен сипаттайды:
= 100% (1.2)
шамасын берілген жүктеме бойынша және трансформатордың бірінші орамның қысқыштарындағы U1 кернеу өзгермейтін жағдайдағы паспорттық мәліметтері бойынша есептейді.
к% = ß (Uка% cosφ2+Uкр% sinφ2), (1.3)
мұндағы ß = - трансформаторды жүктеу коэффициенті;
Uка% - қысқаша тұйықталу кернеуінің пайыздық актив құраушысы;
Uкр% - қысқаша тұйықталу кернеуінің пайыздық реактивтік құраушысы.
Uка% = және Uкр% = (1.4)
Осы кезде екінші орам қысқыштарындағы кернеу:
U2 = (100-ΔU2%). (1.5)
U2 екінші реттік кернеудің ß - трансформаторды жүктеу коэффициентіне байланыстылығы сыртқы сипаттама деп аталады: (1.3-сурет).
1.3-сурет. Трансформатордың сыртқы сипаттамалары
Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті (П.Ә.К) өте жоғары (0,95-0,925) және P1 и P2 шамаларының пайыздық айырмашылықтары қуатты өлшеуге арналған құрылғылардың қателіктерімен салыстырарлықтай. Сондықтан шамасын трансформатордың паспорттық мәліметтерін қолдана отырып есептеу арқылы анықтаған жөн, яғни оларды бос жүріс пен ққысқаша тұйық
Бақылау сұратары:
1. Трансформатордың параметрі деп нені айтады?
2. Тұйықталған өзектш екі орам қандай материалдан тұрады?
3. Трансформация коэффициенті деп неге айталады?
4. Кернеудің пайыздық өзгерісін қандай формула сипаттайды?
5. Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті (П.Ә.К) қанша пайызда өте жоғары болып есептеледі?
Достарыңызбен бөлісу: |