Сабақтың тақырыбы Интернетте жұмыс істеу кезінде қандай қауіптер бар



бет1/3
Дата30.06.2022
өлшемі342,66 Kb.
#147223
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сабақ жоспары Интернеттен қандай қауіптер бар


Пән: информатика
Бөлім 5.4 Компьютерлік қауіпсіздік

Мектеп:

Күні:



Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 5

Қатысқандар:



Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Интернетте жұмыс істеу кезінде қандай қауіптер бар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.4.2.1 өзгенің жұмысын ұрлау заңсыз екенін негіздеу



Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды интернетте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Интернетте жұмыс жасау кезіндегі ыңғайсыз және қауіпті жағдайлардың болуын көрсету. Интернет желісінде болатын қауіпті жағдайларды бағалай алатын дағдысының қалыптасуына ықпал ету.

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну:
Интернетте байланыс кезінде болатын тәуекелдерге мысалдар келтіру.
Қолданылуы:
Осы тәуекелдер кезіндегі қауіпсіз стратегияны таңдай алады.
Бағалау:
Интернет ресурстарды қолдану кезіндегі болуы мүмкін тәуекелдердің қауіптілігін бағалай алады

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминдер:
Аватар, жеке ақпараттар, браузер, іздеу жүйесі, спам, форум, чат.
Диалог және хат жазуға керекті сөз тіркестері:
Жеке құжаттар дегеніміз …
Интернеттегі басқа қолданушыларға айтуға болмайтын нәрселер …
Сіз танымайтын мекен-жайдан хат келіп түссе …

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Құрмет және ынтымақтастық.
Бұл құндылық оқушылардың бір-біріне деген жұмыс уақытындағы сыпайы қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Интернетте ақпарат іздеу. Мәтіндік құжаттарды құру, өзгерту және форматтау.

Ресурстар

«Сабаққа арналған ресурстардың тізімі» файлын қарау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
5 мин



(К) Интернет: пайдасы немесе зияны?
Аталған жаттығу оқушылардың Интернет ресурстарды позитивті тәжірибе ретінде тақырыпқа актуальді кіріспе болып табылады.
Жаттығу шеңбер ішінде жүргізіледі. Жүргізуші (мұғалім) осыған дейін интернетті қолданбаған адам рөлінде болады. Ол интернет туралы қанша естісе де ол қызықсыз, адамға пайдасы жоқ деп есептейді. Жүргізуші оқушыларға осы ойын өзгертуге шақырады. Міндетті шарттар: аргументтер қайталанбай келесі сөздерден басталуы керек «Интернетте сіз … таба аласыз ».
Жүргізуші жаттығуды келесідей бастайды: ол допты алып «Менің ойымша Интернетте қызықты және пайдалы ештеңе жоқ» деп доп кез-келген оқушыға лақтырады. Допты қағып алған оқушы Интернетті қорғау мақсатында келесі сөздерден бастап «Интернетте сіз таба аласыз …» ойын білдіреді де допты кері жүргізушіге лақтырады. Жүргізуші допты келесі оқушыға лақтырады және т.с.с. Ойын барлық оқушының ой ойын жеткізгеннен кейін аяқталады.

Презентация
Доп

Сабақтың ортасы
3-7 мин


(Г) Танымайтын достары
Әр топ ситуациялық карточкаларды соған байланысты сұрақтарымен алады. (Қосымша 1).
Әр топ берілген 10 минуттың ішінде келесі тапсырмаларды орындау керек:
1. берілген оқиғаны талқылау;
2. негізгі кейіпкерге не істеу керек екенін ұсыну;
3. сұрақтарға жауап беру.
(К) Талқылау
Оқушылар топтағы жұмыстың нәтижесімен таныстырады.
(Г) Интернеттегі қауіпсіздік ережесі
Оқушылар топта Интернетте жұмыс кезіндегі қандай ережелерді сақтау керектігін талқылайды.
ФИЗИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет