Сабақтың тақырыбы Интернетте жұмыс істеу кезінде қандай қауіптер бар



Дата25.12.2021
өлшемі340,03 Kb.
#105354
түріСабақ
Байланысты:
5 сынып


Пән: информатика

Бөлім 5.4 Компьютерлік қауіпсіздік

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5

Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Интернетте жұмыс істеу кезінде қандай қауіптер бар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.4.2.1 өзгенің жұмысын ұрлау заңсыз екенін негіздеу


Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды интернетте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Интернетте жұмыс жасау кезіндегі ыңғайсыз және қауіпті жағдайлардың болуын көрсету. Интернет желісінде болатын қауіпті жағдайларды бағалай алатын дағдысының қалыптасуына ықпал ету.

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну:

Интернетте байланыс кезінде болатын тәуекелдерге мысалдар келтіру.

Қолданылуы:

Осы тәуекелдер кезіндегі қауіпсіз стратегияны таңдай алады.

Бағалау:

Интернет ресурстарды қолдану кезіндегі болуы мүмкін тәуекелдердің қауіптілігін бағалай алады



Тілдік мақсаттар

Лексика және терминдер:

Аватар, жеке ақпараттар, браузер, іздеу жүйесі, спам, форум, чат.



Диалог және хат жазуға керекті сөз тіркестері:

Жеке құжаттар дегеніміз …

Интернеттегі басқа қолданушыларға айтуға болмайтын нәрселер …

Сіз танымайтын мекен-жайдан хат келіп түссе …


Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Құрмет және ынтымақтастық.

Бұл құндылық оқушылардың бір-біріне деген жұмыс уақытындағы сыпайы қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.



Осыған дейін меңгерілген білім

Интернетте ақпарат іздеу. Мәтіндік құжаттарды құру, өзгерту және форматтау.

Ресурстар

«Сабаққа арналған ресурстардың тізімі» файлын қарау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин



(К) Интернет: пайдасы немесе зияны?

Аталған жаттығу оқушылардың Интернет ресурстарды позитивті тәжірибе ретінде тақырыпқа актуальді кіріспе болып табылады.

Жаттығу шеңбер ішінде жүргізіледі. Жүргізуші (мұғалім) осыған дейін интернетті қолданбаған адам рөлінде болады. Ол интернет туралы қанша естісе де ол қызықсыз, адамға пайдасы жоқ деп есептейді. Жүргізуші оқушыларға осы ойын өзгертуге шақырады. Міндетті шарттар: аргументтер қайталанбай келесі сөздерден басталуы керек «Интернетте сіз … таба аласыз ».

Жүргізуші жаттығуды келесідей бастайды: ол допты алып «Менің ойымша Интернетте қызықты және пайдалы ештеңе жоқ» деп доп кез-келген оқушыға лақтырады. Допты қағып алған оқушы Интернетті қорғау мақсатында келесі сөздерден бастап «Интернетте сіз таба аласыз …» ойын білдіреді де допты кері жүргізушіге лақтырады. Жүргізуші допты келесі оқушыға лақтырады және т.с.с. Ойын барлық оқушының ой ойын жеткізгеннен кейін аяқталады.



Презентация

Доп


Сабақтың ортасы

3-7 мин



(Г) Танымайтын достары

Әр топ ситуациялық карточкаларды соған байланысты сұрақтарымен алады. (Қосымша 1).

Әр топ берілген 10 минуттың ішінде келесі тапсырмаларды орындау керек:

1. берілген оқиғаны талқылау;

2. негізгі кейіпкерге не істеу керек екенін ұсыну;

3. сұрақтарға жауап беру.



(К) Талқылау

Оқушылар топтағы жұмыстың нәтижесімен таныстырады.



(Г) Интернеттегі қауіпсіздік ережесі

Оқушылар топта Интернетте жұмыс кезіндегі қандай ережелерді сақтау керектігін талқылайды.



ФИЗИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ

Формативті бағалау.

(И) Постер құру

Тапсырма:

Дайын мәтіндік редактордағы нұсқаны қолданып, Интернетте жұмыс жасау ережелеріне постер жасау.

1 жағы:

2 жағы:





Қосымша 1

Ситуациялық карталар

Дәптерлер

Мәтіндік редактор және жұмыс үстеліндегі суреттер салынған папка



Сабақтың соңы

3 мин


И) Рефлексия. «Тілектер тізбегі» технологиясы

Тізбек (белгіленген рет бойынша) бойынша әр оқушыға интернетте қауіпсіз жұмыс істеу үшін өзіне және достарына деген тілегін білдіру. Тізбектің соңын мұғалім өз ойымен қорытындылайды.



(К) Үй тапсырмасы

1. «Бесконечный лес» шығармасын оқу

https://www.microsoft.com/eesti/education/veebivend/koomiksid/rus/html/oppilaille.htm

Өз қалауы бойынша. 2* тапсырмасын орындау: «Интернеттегі саяхат» тақырыбына шығарма жазып келу. Шығармада әртүрлі қауіпті жағдайлар және одан қалай шығу жолдары болуы керек.









Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)





Мәтіндік редакторда тапсырманы орындау барысында қиналған оқушыларға арнайы нұсқаулық картасын ұсыну. Тәжірибелік жұмысты келесі сабақта аяқтауға болады. Ол сабақтың тақырыбы «Авторлық құқық».

Шығармашылық жұмыс ретінде кей оқушылар Интернеттегі саяхат атты шығарма жазып әкеледі.

«Интернет: пайдасы немесе зияны?» тапсырмасын орындау кезінде, бағалау критериялерін бірге құру арқылы «Танымайтын достар» тапсырмасы бағалау мақсатында оқушыларға мұғалім қосымша сұрақтар қою арқылы жүргізіледі

Оқушылардың жалығып немесе ұқылы ояу отырмасы үшін топтық жұмыстар және физикалық минуттар ұйымдастырылды.

Комьютермен жұмыс кезінде оқушылар өздерінің ТҚ ережесін сақтай отырып іс әрекет жасап отырғандығына көз жеткізу.





Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.








Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет