Химия2203 1. Калий гидроксиді ерітіндісіне фенолфталеин тамызып, оған тұз қышқылының ерітіндісін қосамыз.
Нәтижесінде индикатор түсі өзгереді
A) көк түс қызыл түске ауысады B) сары түс қызғылт түске ауысады
C) қызыл түс көк түске ауысады D) таңқурай түс түссізденеді
E) қызғылт түс сары түске ауысады
2. Тұз ерітіндісінде фенолфталеин таңқурай түсті, түссіз және түссіз болатын қосылыстар қатары
А) К2SO4, Na2SіO3, AlCl3 В) К2SO4, AlCl3, Na2SіO3 С) Na2SіO3, К2SO4, AlCl3 D) Na2SіO3, AlCl3,К2SO3 E) AlCl3, Na2SіO3, К2SO4 3. Тотияйынның формуласы
A) CuSO4*5H2OB)Cu(NO3)2 C)Na2CO3*10H2OD)FeSO4*7H2OE) Na2SO4*10H2O
4. Құрамында 15,75 г азот қышқылы бар ерітіндіні бейтараптау үшін белгісіз металдың 9,25 г гидроксиді
жұмсалды. Металдың тотығу дәрежесі +2. Гидроксидтің химиялық формуласын анықтаңдар
A) Mg(OH)2B) Zn(OH)2C) Ba(OH)2D) Fe(OH)2 E)Ca(OH)2 5. 17,5 г І топ элементіне 65 мл су қосқанда 28 л газ түзілді.Түзілген сілтінің ерітіндідегі массалық үлесін
есептеңдер
A ) 75 % B ) 80 % C ) 65 % D ) 85 % E ) 60 %
6. Гиллеспи әдісі бойынша SF4молекуласының типі
A ) АХ2Е2 B ) АХ4Е0C ) АХ4Е2 D ) АХ3Е1 E ) АХ4Е1 7. Br2O5оксидіне сәйкес келетін гидроксидтік қосылыс
A ) HBr B ) HBrO4 C ) HBrO2 D ) HBrO3 E ) HBrO
8. Массалары 13,8 г этанол мен 28 г мыс (ІІ) оксидін әрекеттестірді. Нәтижесінде массасы 9,24 г альдегид
түзілді. Реакция өнімінің шығымын есептеңдер.
А ) 24 %В ) 72 %C ) 48 % D ) 64 % E ) 36 %
9. Массасы 120 г 20%олеумнен25 %-дық күкірт қышқылының ерітіндісін алу үшін қажетті судың массасын
есептеңдер.
A ) 367,2 г B ) 381,6 г C ) 376,1 г D ) 316,8 г E ) 326,7 г
10. Егер таза сынауыққа күміс (І) оксидінің Ag2O аммиактағы ерітіндісін құйып, оған альдегид ерітіндісін
қосып абайлап қыздыратын болсақ, сынауық қабырғасында күміс пайда болады. Бұл тотығу-тотықсыздану
реакциясында
A) альдегид спиртке дейін тотықсызданады B) күміс тотығады
C) альдегид қышқылға дейін тотығадыD) аммиак тотығады E) күміс тотықсызданады
11. Қаныққан бірнегізді карбон қышқылынбейтараптауға массасы 4 г натрий гидроксиді жұмсалды.
Нәтижесінде массасы 9,6 г тұз түзіледі. Қышқылдың формуласын табыңдар.
A)С2Н5СООН B) НСООН C)С3Н7СООН D)СН3СООН E)С4Н9СООН
12. Төменде берілген мәліметтерге сүйеніп, берілген реакцияның 298 К температурадағы Гиббс энергиясын
анықтаңдар. СО2(г)+Н2(г)=СО(г)+H2O(с)
СО2
Н2
СО
Н2О
∆Н°f кДж/моль
-393,5
0
-110,6
-286
S°298 Дж/моль*K
214
130
197,7
70
A)18,6 кДж B) 19,6 кДж C)15,6 кДж D)17,6 кДж E)10,6 кДж
13. 300 мл суда 20 г CuSO4*5H2O (мыс купоросын) ерітті. Пайда болған ерітіндідегі CuSO4массалық үлесін
есептеңдер
A ) 6,25 % B ) 8 % C ) 4,25 % D ) 5,75 % E ) 4 %
14. Берілген мәліметтерге сүйеніп, Т=298К болғандағы N2O5(г) түзілу энтальпиясын есептеңдер.
a) 2NO(г)+O2(г)=2NO2(г), ∆Н°1= -114,2 кДж;
б) 4NO2(г)+О2(г)=2N2O5(г), ∆Н°2= -110,2кДж;
в) N2(г)+О2(г)=2NO(г), ∆Н°3= 182,6 кДж;
A) +13,3 кДж B)-16,3 кДж C) + 10,3 кДж D) + 16,3 кДж E) -13,3 кДж
15. Күрделі эфирлерге класаралық измерлер
A) қанықпаған монокарбон қышқылдары B) қаныққан біратомды спирттер
C) қаныққан дикарбон қышқылдары D) қаныққан монокарбон қышқылдары
E) қанықпаған біратомды спирттер
16. Гамма γ-сәулелену кезінде
A) нәтижесінде ядро заряды 1 бірлікке кемиді, ал массалық сан өзгермейді және рентген сәулесі
түзіледі
B) изотоптың массасы мен заряды өзгермейді, энергия азаяды
C) онда оның массалық саны 4 бірлікке, ал ядро заряды 2 бірлікке кеміп, периодтық жүйеде 2
нөмір кейін орналасқан жаңа элемент изотопының ядросы түзіледі
D) онда, массалық саны өзгермейді, ядро заряды 1 бірлікке артып, периодтық жүйеде 1 нөмір алда
орналасқан жаңа элемент изотопының ядросы түзіледі
E) нәтижесінде 1 протон нейтронға айналады, ал ядро заряды 1 бірлікке азаяды
17. Кальций атомының құрамы
A) (20р+, 21 n0 ) 20ē B) (20р+, 20n0 ) 20ē C) (20р+, 20n0 ) 21 ē
D) (21 р+, 20n0 ) 20ē E) (21 р+, 20n0 ) 21 ē
18. Ерітіндіде 1,27 г темір (ІІ) хлориді және 1,335 г алюминий хлоридінің қоспасы бар.Оған жеткілікті
мөлшерде күміс нитратының ерііндісі қосылды. Түзілген тұнбаның массасын есептеңдер.
A) 5,717 г B) 7,175 г C) 5,177 г D) 7,517 г E)7,715 г
19. Са(ОН)2калориметрде кальцийді, оттекті және сутекті тікелей араластырып алуға болмайды.
Мұндай жағдайда тізбектей бірінен кейін бірі жүретін реакциялар санын анықтаңдар
A) 3 B) 5 C) 2 D) 4 E) 1
20. Массасы 17,6 г көмірқышқыл газындағы молекулалардың санын есептеңдер
A) 1,505*1023 молекула B) 2,408*1023 молекула C) 6,02*1023 молекула
D) 1,204*1023 молекула E) 3,01*1023 молекула