Әлі талай азаптайды алда сын



Дата02.07.2018
өлшемі16,58 Kb.
#45275
Тақырыбы: "Әлі талай азаптайды алда сын" Темірхан Медетбектің туғанына 70 жыл толуына орай I курс студенттер арасында дөңгелек үстел

Мақсаты: Темірхан Медетбектің өмірімен таныстыру, шығармашылығына жан-жақты мәліметтер бере отырып танымдық көзқарастарын қалыптастыру,шығармашылыққа баулу;

2) Поэзиялық шығармаларды оқытуға ынталарын арттыру,Темірхан Медетбек арқылы қазақ әдебиетіндегі жалынды поэзиялық туындыларды үйрете отырып,кітапқа деген сүйіспеншілігін артыру;

3) Қаламгердің ұлттық сөз өнері тарихындағы зор еңбегін қамти отырып оқушылардың Отанын,елін,ұлтын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Темірхан Медетбектің фото суреттері слайтарымен,өмір баяны көрсетіледі.

Барысы

Жүргізуші:Темірхан Медетбек-ардақты ат ! Медетбек туралы мың сөзден "Медетбек" деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең,мазмұны әлдеқайда бай.Демек,Медетбекті мақтаудың керегі жоқ,Медетбекпен мақтану керек. Қадірлі жазушыларымыздың қырық жылға жуық қаламгерлік құлқына қарап отырсақ,қалай мақтануңа болады.



"Қос шалқардан" "Соның ізіне"дейін,"Қыз жібектен" "Амангелдіге"дейін,"Туылған толқыннан" "Оянған өлкеге"дейін өмірге өнер төгумен,өнерге өмір берумен келген шіркін шебер ірі мақсатсыз қыбыр етіп көрген кісі емес.

Және ғұмырда асықпаған,ылғи ғана салмақпен,сабырмен нық басқан,өнер өрісінің әр белеңінде жаңа сыр ашқан,әр кезеңде жаңа түр тапқан.Қағаз бетіне түскен қолының дір еткен тұсы болмаған,әрқашан еркін,батыл,байсалды қозғалған,әр сөз орнында шебер құрлышының кірпішіндей берік қаланған да отырған. Бұл зергердің қолынан шыққан бұйымдарының жұрт таныған асыл қасиеті осында жатыр деген екен.Зейнолла Қабдолов ағамыз.



1-курс студенті:Зиядинова Сара Темірхан Медетбек - ұлттық сөз тарихындағы зор тұлға.Ол 1945жылы 6 наурызда Түркістан ауданындағы Амангелді ауылында қазіргі Нұртас Оңдасынов атындағы ауылда дүниеге келген.Заманында болып жатқан құбылыстардың қай-қайсына да өзінің ақындық,азаматтық пікірін білдірген. "Болмасаң да ұқсап бақ" дейді ғой.Заманының ұлы ақындарының бәрі де осындай болған.Абайдың уақытысындағы оқиғалар бүгін болмайды деп ойлайсыз ба? Өсек өтірік айту,өз ұлтының мүдессіне қарсы шығу үшін бүгін де ондай оқиғалар болып жатыр. Ертең де болады.Бірақ соны азайту,соның ықпалын кеміту,деңгейін төмен түсіру сол үшін күресу қажет.Әйтпесе сол келеңсіз оқиғалардың жойылып кетуі мүмкін емес.Қазір шынында да "шегірткелер"талауында тұрмыз деген екен. Темірхан Медетбек мектеп бітірген соң сол ауылда яғни Нұртас Оңдасынов атындағы ауылда колхозшы болып бір жыл жұмыс істеген.Әке-шешесінің жалғыз ұлы болған.Әкесі хал үстінде деген соң ауылына қайтқан.Ол содан соң жұмыссыз қалған содан вагоннан жүк түсіруші және тағы да басқа көптеген жұмыстарды игерген.Ол көптеген қйыншылықтарды бастан кешкен.Өз балаларын асырау үшін 1968 жылы Манғыстауға жұмыс жасауға келген.Жиырма бес жыл сонда жұмыс жасаған.Облыс ашылғаннан кейін газетке барған.Еңбегіңнің ерленгені шығар,"Егемен Қазақстанның"Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі болды.Облыстық телеарнаны басқарды.саналы ғұмырлардың көбісі Маңғыстауда өтті дейді.Темірхан Медетбек Маңғыстау менің екінші Отаным деген екен.1966жылы Алматыға ауысты.Шығармаларының көбі Маңғыстауда дүниеге келген.Темірхан Медетбек былай айтқан:"Маңғыстаудың жері қанша шөлейтті,шөлді болғанымен мен үшін ол жер жәннаты.Мені рухани байытқан жігерлендірген осы өлке деген екен.1968-2002жылдары Радио мен телеведенинде,әр түрлі газет-журналдарда,шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған.Қазақстан Одағында екінші хатшы болды,2003жылы "Ақиқат" журналының бас редакторы болды.Алғашқы жыр жинағыәЖанымның жас құрағы"деген атпен 1970жылы жарық көрді.Оннан астам өлен жинақтары жарияланып,оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды."Абай әлемі"(түркілер 1995)және "баба дәстүрдіңмұрагері кім:туған әдебиет туралы ойлар".(2001)атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абай әлемінің поэтикалық тереңдігін,қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап,ақындық психологияның ішкі болмысына баға береді. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты."Көк түріктер сарыны"атты жинағында (2002)замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған,ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған.Пішін ұтымдылығынан гөрі ой ұшқырлығына көбірек иек артатын ол өлеңдерінде ерекше еркіндікті аңсайды,көне түркілердің өрөлөгөн сағынды,рухани тоғышарлықты,ұсақталуды мінейді.Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды.Жауға деген өктемдік "Қуат жырында","Асқанның орманын отындай өртедім.Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім"деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі.Оның "Махамбет рухының монологы","күлтегін","Тонықкөк"дастандары-ұлттық бояуы қанық,күрескер,қайсар әрі мұңшыл романтик.болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар.Ол Украйн,Өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидов,өлеңдерін тәржімалдады.Медетбекке "Тағдырлы жылдар жырлары"жинағы үшін Қазакстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді(2000).

Шағын Жанр Өрінде.Әдебиетке ертеден келген Темірхан Медетбек алғашқы жыр жинағы"Жанымның жас құрағы"деген атпен 1971жылы жарық көрді.Ұлтымызда ұлықты жырлау дәстүрі бұрыннан бар.Бүкіл жырын хан,патшаларға арнаған сарай ақындары болғаны тарихта белгілі.Жеке басқа табыну дәуірінде өткердік.Олар тек Горбачев пен Колбинге ғана жыр арнап үлгере алмады.Ал енді.сіздің уақыт тезіне баға берген"Колбин келгенде"атты өлеңіңіз бөздің дәуіріміздің, ел бастайды деген зиялыларымыздың шын бет бейнесін дөп басты.Ал Сталинге арнаған өленінде ол өлгенде оны жоқтамаған Қожанның 20 жылға сотталуы да шынайы өмірден алынған шындық.Ақын халықтың өкілі ғой.



Қорытынды:

Темірхан Медетбектің міне, біз бүгін өр жазушының туралы көптеген естеліктермен таныстық,оның талай құнды мәліметтерді оқып,оның өмір жолымен,шығармашылығымен жеке таныстық,Тәуезділігін,құлпырмалы қуатын паш еткен зергер.Темірхан ағаның әрбір жазған әңгімесі,шығармалары Темірхан Медетбек-ана тіліміздің әсемдігін, әуезділігін,құлпырмалы қуатын паш еткен зергер.Темірхан ағаның әрбір жазған әңгімесі,шығармалары мәңгі есте қалады және Қазақстан халқының оку мекемелері, газет,журналдар басылысмдарда, үнемі жарияланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет