Спорттық сауықтыру фитнес факультеті



Дата03.10.2024
өлшемі26,6 Kb.
#205612
Байланысты:
Нурлан — копия


Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Спорттық сауықтыру фитнес факультеті


БӨЖ
Тақырыбы: Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы


Қабылдаған: Ералиевна А
Орындаған: Нуржігіт Нурлан
Тобы: ССФ – 24 01


Түркістан 2024

Жоспар
1.Ерік туралы түсінік;
2.Әрекет-қылықтық реттелуіндегі ерік маңызы
3.Еріктің физиологиялық негіздері

1. Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.


Әрбір жеке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған бағындырып, өзінін жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-құлқы .мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.
Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың, қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады, Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың"өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да — адам еркінің бір көрінісі.

2. Ерік – әрекет-қылықтың саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет қылық белсенділігін жұмылдыру. Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі – ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.


Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шарттары, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоциялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді.

Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды.

Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:
-ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.
-тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.
-тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.
Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді. Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады.
Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет:
- мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс;

- мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу;


- мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы;
- сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау;
- мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау;
- қабылданған шешімді іске асыру;

- қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп беру.

Іс-әрекетті саналы реттеп беру үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді.

Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық:

- Ынталылық – бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы.

- Батылдық – бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты.

- Тартыншақтық – жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын білдіретін психикалық қалып.

- Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді.



- Сенімділік – бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс-әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы.
- Табандылық – психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті.
-Ұстамдылық – біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз эмоцияларды басуға жұмсалады.
3. Еріктік мінез-құлық, еріктік әрекеттердің физиологиялық механизмдері - мына төмендегідей болып келеді. Үлкен ми сыңарларының төбелік бөлігінде қимыл қозғалысты басқаратын учаске орналасқан. Ол ми қыртысының барлық учаскелерімен, соның ішінде барлық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгілі бір учаскесінде пайда болып қозудың қимыл-қозғалыс учаскесіне жетіп, онда да осындай процесс туғызу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мысалы, көру талдағышының ми қыртысы ұшындағы қозу қимыл-қозғалыс учаскесіне беріледі де, онда қозу туғызады. Талдағыштан қозғалыс учаскесіне келетін хабар қозғалыс реакциясын іске қосатын механизм міндетін атқарады. Қозғалыс учаскесі үнемі талдағыштардың ми қыртысы ұштарынан келіп түсетін хабарлардың «атқылауы» астында болады. Хабар алған соң қозғалыс клеткалары кез келген сәтте қимыл жасау жөнінде бұйрық беруге мүмкіндік алады.
Сонымен, ми қыртысының қозғалыс учаскесінің мидың басқа учаскелерімен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерінің алғы шарты болады. Бірақ мұндай байланыс мінез-құлықты еріктік реттеу механизмін толық қамти алмайды. Бұл жерде информацияның талдағыштан ми қыртысының қозғалыс учаскесіне өтуінің және ииформацияның қозғалысқа айналу мүмкіндігінің қарапайым жолы ғана көрсетіліп отыр. Ал адамға информацияны жинақтау және соның негізінде әрекет жасау тән. Оның үстіне ол сырттан алынған мағлұмат, білімдерді қорытып талдауға қабілетті, ал мұның екінші сигналдық көмегімен жүзеге асатыны белгілі. Екінші сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесіне қосылады да, ойын қызметін әлдеқайда күрделілендіріп жібереді. Мидың күрделі өрнегі тәріздес тұрақты және уақытша байланыстарды оңайлата қарастыратын болсақ, екінші сигналдық байланыстарды талдағыштардың ұштары мен мидың қозғалыс учаскесі арасындағы дәнекер буын дер едік.
Екінші сигналдық байланыстар негізінде адам мінез-құлқының барлық жалпы және мақсатты реттелуі жүзеге асады, алынған информацияның орнын, мезгілін, сипатын, тәсілін, қарқынын т. б. анықтау атқарылады. Екінші сигнал жүйесінің тітіркендіргіштері адам мінез-құлқының қимыл-қозғалыстық бөлігінің ғана белсенділігін арттырып қоймай, ой, қиял, ес тәрізді көптеген психикалық процестердің басталуының сигналы болады, зейінді реттейді, сезімді туғызады. Екінші сигналдар (сөздер) көмегімен адамның бүкіл саналы әрекеті жүзеге асып реттелінеді. Екінші сигналдық байланыстар қимыл әрекеттерді бөгеу, ерікті тежеу қызметінде шешуші роль атқарады.

Сонымен, екінші сигналдық байланыстар информацияның талдағыштан қозғалыс учаскесіне жылжудың бағытын өзгертеді. Бұл информация өте күрделі жолдан өтеді. Қимыл-қозғалыстың ырықты болуы бүкіл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесі деп И. П. Павлов терең пікір айтты.


Сананың реттегіш жағы ретінде, ерік шартты рефлекстік табиғатқа ие. Уақытша нервтік байланыстар негізінде сан алуан ассоциациялар мен олардың жүйелері қалыптасып, нығаядыда, Арулардың өздері мақсатты мінез-құлыққа жағдайлар жасайды.
Ми дәл қазіргі сәтте, қай жерде не болып жатқаны жөнінде үздіксіз хабар алып тұрады. Бұл деректер қолма-қол әрекет программасына енгізіледі. Егер әрекет алдын ала белгіленген программамен үйлесіп жатса, онда әрекет барысына ешбір өзгеріс енгізілмейді. Егер ми қыртысында жасалынған программаға сай емес хабар келіп түсетін болса, не практикалық әрекет, не алдын ала жасалынған программа өзгеріске түседі. Сонымен осындай өзіндік ерекшелігі бар салыстыру механизмі программа мен оның негізінде өрістейтін әрекеттің сай келуі «күзетінде» тұрады.
Тәжірибе ерікті реттеуде ми қыртысының маңдай бөлігінің айрықша маңызы бар екенін көрсетіп отыр. Сәт сайын жүзеге асқан нәтиже мен алдын, ала жасалынған мақсат программасының салыстырылуы тап осы жерде өтеді. Маңдай бөліміне зақым келу абулияға (еріктің әлсіреу ауруы) әкеп соғады. Мінез-құлықтың еріктік реттелуінің рефлекстік табиғаты ми қыртысында қозудың оптималдық орны жасалуының алғы шарты. Оптималдық қозу орны — бұл ми қыртысындағы жұмыс орны. Ол адамның осы сәттегі негізгі іс әрекетін жүзеге асырады. Егер оқушы дене шынықтырумен шұғылданып жатса, қозудың оптималдық орны ми қыртысының қимыл-қозғалыс учаскесінің бір жерінде орналасуы мүмкін. Егер оқушы көрме экспонаттарын қарап жүрген болса, онда мұндай орын көру учаскесінде орналасқан деп жорамалдауға болады.
Бірақ қозудың оптималдық орны дәл қазіргі сәттегі әсер етуші тітіркендіргіштен ғана тумайды. Ол бұрын алған әсерлер негізінде де пайда болады. Мысалы, мектеп оқушысы газеттен конкурстік есепті көрді делік. Алғашқыда бұл есеп бір рет қана әсер еткен тітіркендіргіш болды. Үйге келген соң, оқушы ойланды да есепті шығарып көрді. Бұл оптималдық қозу орны жасалғанын дәлелдейді. Егер оқушы есепті шығаруын жалғастыра берсе, бұған бірнеше күн жұмсаса, онда қозудың біршама тұрақты оптималдық орны пайда болғаны. Демек, әрекет мақсаттарын қамтитын бейнелердің, ойлардың негізінде тұрақтылығы кептеген объективтік және субъективтік себептерге тәуелді оптималдық қозу орны жатады.
Мінез-құлықтың еріктік реттелуінің жалпы механизміндегі ретикуляр формациясының маңызды мәнін атамай кетуге болмайды. Ретикуляр формациясының ми қыртысына баратын белгілі бір импульстерді іріктеп алып, өмірлік мәні жоқтарын бөгеп отыратын ерекше сүзгі тәрізді екені қазіргі кезде мойындалған жайт. Ретикуляр формациясы бұл импульстерді електен өткізеді. Сол сияқты ретикуляр формациясының ми қыртысын энергиямен қамтамасыз ететін өзіндік аккумулятор және басқару пульті екендігі де жалпыға белгілі.
Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатының белсенділігін және адамның өзің меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық саналы түрде түсінікті болуы қажет. Алға тұтқан мақсаттарын жүзеге асыру үшін, адам алдындағы ұшырайтын бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды. Ерік — саналы әрекеттен туындайды. Мысалы, адамда өзінен-өзі пайда болатын қимыл (жатқанда козғалу, дене мүшелерінің қимылдауы т. б.) еріксіз қозғалысқа жатады. Мұндай қозғалыстардың ерік-жігерді көрсетуге қатысы жоқ. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:
а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету;
ә) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді женуі;
б) мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т. б.
в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т. б.
Міне, осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті, қажыр-қайраты бар кісі деп айтуға болады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет