1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет154/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

1.
 
Индустриалды елдер
, оларға әлемдік экспорттың 2/3-сі және әлемдік ЖІӨ-нің 
50%-дан астамы келеді. Бұл – Солтүстік Америка- ның, Батыс Еуропаның және Тынық 
мұхит бассейнінің 24 мемлекеті. 
2.
 
Дамушы мемлекеттер 
– бұл Азияның, Африканың және Латын Америкасының 
132 елі. 
3.
 
Өтпелі экономикалы елдер 
– бұл Орталық және Шығыс Еуропаның, бұрынғы 
КСРО-ның 28 мемлекеті. 
Дүниежүзілік банктің (ДБ) жіктемесіне байланысты әлемнің 209 мемлекеті 
табыстар деңгейі бойынша: 
1.
Табысы аса жоғары дамыған мемлекеттер; 
2.
Табысы жоғары мемлекеттер; 
3.
Табысы орташа дамушы мемлекеттер; 
4.
Табысы төмен дамушы мемлекеттер, болып негізгі төрт топқа бөлінеді. 


124 
Әлемнің барлық мемлекеттері экономикалық дамудың қандай деңгейінде тұрса да 
олар бүгінгі күні барлық адамзаттың мүдделеріне қайшы келіп отырған жаһандық 
мәселелермен соқтығысып отыр. Қазіргі уақытта жаһандық мәселелерге демографиялық, 
азық- түліктік, экологиялық мәселелерді және әлемдік ядролық соғыс қаупін жатқызуға 
болады. Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық экономикалар ашықтылық дәрежесіне 
байланысты экономикалық дамудың әртүрлі деңгейін бастан кешіп отыр. 
Жаһандану 
– бұл әлемдік экономикаға бірігуді күшейтудің үдерістері. 
Жаһанданудың пайда болу нысандары халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі 
түрлерімен тығыз байланысты болып табылады. Оларға тауарлар мен қызметтердің 
әлемдік саудасы, экономикалық интеграция, өндіріс факторларының әлемдік жылжуы, 
ғылым мен техника саласындағы айырбас, халықаралық валюталық-несиелік қатынастар 
жатады. Жаһанданудың арқасында әлемдік шаруашылық: фирма ішілік айналымның 
әлемдік саудадағы үлесінің өсуі, сияқты аса күрделі, әрі терең өзгерістерге ұшырады 
тікелей инвестициялардың, банктік операциялардың және қаржылық активтердің өсуі. 
Жаһанданудың қазіргі теориясы еркіндік моделіне, яғни мемлекет қызметін шектеуге, 
нарықты жан-жақты қолдауға және дамытуға, әлемдік бағалар негізінде ресурстарды тиімді 
бөлуге және қолдануға сүйенеді. Бұл жерде мұндай шаралар ұлттық саясаттың 
мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс. Алайда, жаһандану жағдайында осылай дамудың да 
өзіндік кемшіліктері бар. Соңғы 30 жылдың ішінде бай елдер мен кедей елдер 
арасындағы алшақтық көбейе түсті, жұмыссыздық әлемдік деңгейде өсе түсті, табыстағы 
пайданың үлесі артып жалақы деңгейі төмендеді, экономикалық өсудің қарқыны 
бәсеңдеді. Дегенмен, жаһанданудың артықшылықтары да бар: біріншіден, адамдар 
арасында – олар меншік иелері, табыс алушылар, біліктілігі бар жұмыскерлер; екіншіден, 
фирмалар арасында – олар ірі, халықаралық, жаһандық бизнес өкілдері, технологиядағы 
көшбасшылар; үшіншіден, мемлекеттер арасында – капитал мен технологияны 
экспорттаушылар, таза кредиторлар, инфрақұрылы-мы жақсы дамыған және тиімді 
экономикасын құра білген мемлекеттер. Қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық сауда 
мен әлемдік шаруашылықтың даму стратегиясының мақсаты болып әлем елдерінің ұлттық 
мүдделерін қорғаштау және даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді экономикалық 
кеңістікті жасау табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет