131
–
біліктілігі жоғары маман кадрлардың және ғылыми-техникалық жетістіктердің бар
болуын жатқызады. Жалпы өңдеуші өнеркәсіп және машина жасау экспортында әлсіз
жақтарды тудыратын факторларға:
–
өндірісті ұйымдастырудың тиімсіз технологияларына және әдістеріне ие болуы,
оның ресурсты көп қажет ететіндігі, ал бұл өнеркәсіп өнімін әлемдік нарықтарда бәсекеге
қабілетсіз етеді;
–
негізгі қорлардың өте жоғары дәрежеде тозуы және оларды жаңартудың
шектеулі мүмкіндіктері;
–
алдыңғы қатарлы озық индустрияны дамыту бойынша нақты мемлекеттік
бағдарламалардың болмауы;
–
өндірісті орналастырудың тиімсіздігі және жоғары көліктік шығындар;
–
бизнес пен маркетингте тәжірибенің жетіспеушілігі, бірегей инфрақұрылымның
болмауы жатқызылады.
Бірқатар сарапшылар Қазақстан экономикасының
және оның бәсекелік
қабілеттілігінің әлемдік шаруашылықтағы қазіргі және болашақтағы орнын анықтауға
талпыныстар жасауда. Мұндай болжамдық бағалаулар негізгі үш талапқа жауап беруі тиіс:
елдің ішкі мүмкіндіктерін нақты бағалай алудан; жалпы әлемдік үрдістерді нақты бағалай
алудан; қолданыстағы көрсеткіштер мемлекеттік реттеудің объектісі бола алуы үшін ішкі
мүмкіндіктерді бағалаудың әдістемесін жеткілікті түрде анықтай алудан тұруы қажет.
Қазіргі әлемде болып жатқан экономикалық дағдарысқа қарамастан, сарапшылар 2030
жылдан 2050 жылға дейін әлемдік экономиканың белсенді түрде өсуі байқалады деп
болжайды. Мұндай экономикалық өсу ең алдымен, жоғары технологиялы салалар мен
қызметтер аясы есебінен қол жеткізіледі және
өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс
және ауыл шаруашылығы салаларында өсу бәсеңсиді және олардағы жұмысбастылық
қысқарады деген пікірлер көп айтылады. Мұндай құбылыстар бір топ дамыған елдер үшін
қазірдің өзінде шынайылыққа айналып отыр. Дамыған елдерде әлемдік халықтың 20%-ы
тіршілік етеді. Қалған 80%-ы халқы бар дамушы мемлекет- терде азық-түлікке, дәрі-
дәрмекке, ұзақ пайдаланылатын заттарға, машиналар мен құрал-жабдықтарға
қажеттіліктерді
қанағаттандыру
деңгейі
төмен.
Сәйкесінше,
ұзақ
мерзімді
басымдықтарда өнімнің осындай түрлерін жедел қарқынмен арттырудың әлеуетті
мүмкіндіктері пайда болып отыр. Бірақ осындай мүмкіндіктерді іске асыру мәселесі әлі де
болса дамыған елдер тұрғындарының төлем қабілеттілігі бар сұраныстарына келіп
тіреледі. Егер келешек уақыттарда дамушы мемлекеттер өздерінің төлем қабілеттілігі бар
сұраныстарын дамыған елдерге қарағанда тез қарқынмен кеңейте алса,
онда әлемдік
деңгейде өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс саласы жоғары технологиялар мен қызметтер
көрсету салаларының өсу қарқынынан қалмайтын болады. Қазір
БРИКС
деп аталатын
ұйымға мүше, өте тез қарқынмен дамып келе жатқан Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай
және Оңтүстік Африка Республикасы сияқты бес мемлекеттің жиынтық ЖІӨ көлемі 2050
жылға қарай АҚШ, Германия, Англия, Франция, Италия, Канада және Жапония сияқты
Достарыңызбен бөлісу: