1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет159/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова
Лексиканы оқыту әдіст.
3.
 
Басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жүйесі 
(Ямайкалық 
валюталық жүйе) (1971 ж.). Жаңа валюталық жүйеде оның алтынмен байланысы заң 
жүзінде жойылды. Ешқандай да валютаның алтындық мазмұны болмайтын болды және 
алтынға айырбасталмайтын болды. 
Валюта жүйесін реформалау долларды резервтік валюта ретінде шеттетуге 
бағытталды. Ұлттық валютаны ұжымдық валютамен ауыстырудың қажеттілігі туындады. 
Қазіргі заманғы әлемде екі ұжымдық валюта: арнаулы өзара қарыз құқықтары (SDR – 
Special Drawing Right) және еуропалық валюта бірлігі (еуро) орын алып отыр. 
SDR 
– бұл 
Халықаралық валюталық қорға қатысушы елдердің өзара есеп айырысуы үшін осы қор 
1969 жылы ұйымдастырған материалдық формасы жоқ ұжымдық валюта өлшемі. СДР-ды 
бағалау құрамында доллар – 42%-дан, батыс еуропалық ақша бірліктері (стерлинг фунты, 
франк, марка, олар қазіргі уақытта еуро) – 45%- дан, йена – 13%-дан құралатын валюта 
«қоржыны»6 негізінде жүзеге асырылады. 
Еуро 
– бұл Экономикалық және валюталық одаққа мүше болып санала-тын 12 
елдің ұжымдық валютасы. Еуроның теориялық негіздерін Нобель сыйлығының иегері
оңтайлы валюта зонасы үлгісін құрушы Роберт Манделл қалаған. Еуроның әрекет ету 
тәртібі Еуропалық Одақтың Орталық банкімен анықталады. Басқа елдердің еуровалюталық 
одаққа қосылуы үшін бірқатар шарттарды орындауы қажет. Біріншіден, мемлекеттік бюджет 
тапшылығы ЖІӨ-нің 3%-нан, екіншіден, мемлекеттік қарыз көлемі ЖІӨ-нің 60%-нан аспауы 
керек. Үшіншіден, инфляция деңгейі өзінің минималды деңгейінен тек 1,5% аралығында ғана 
аса алады. 
Сонымен, жаңа валюталық жүйе құбылмалы валюта бағамдарын енгізеді. Ұлттық 
экономиканың сыртқы экономикалық байланыстарға бейімделуі валюта бағамын өзгерту 
арқылы жүріп отырды. Аталмыш валюта жүйесінде валюта бағамдары нарықтық күштер 
арқылы құбылып қана қоймай, мемлекет арқылы да олар басқарылып отыра- ды. 
Сондықтан валюта бағамдарының тұрақтылығы ұлттық эконо- миканы бірлесіп 
реттеу шараларына жүгінуі тиіс. Ал валютаның тұрақсыздығы экономикалық 
құрылымның бұзылуының көрінісі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет