1 Кейс Қазақ мәдениетін таныту мақсатында апроприация жасайтын өзге мәдениетті таңдайды



Дата07.11.2022
өлшемі16,1 Kb.
#156805
Байланысты:
Кейсы дебат


1 Кейс
Қазақ мәдениетін таныту мақсатында апроприация жасайтын өзге мәдениетті таңдайды
Ең алдымен бастамас бұрын апроприацияның не екенін қарастырайық.Апроприация-мәдени иемдену деген мағынаны береді, ағыл. Cultural appropriation.Бір мәдениет элементтерінің басқа мәдениет мүшелерімен иемденіп, меншіктелуі немесе пайдалануын теріс құбылыс ретінде қарастыратын социологиялық тұжырымдама. Оның негізінде мәдени белгілері тартылып алынатын жақ эксплуатация мен қысымға ұшырайды деген пікір жатыр. The Beatles — жеке қатысушылары "битл", сонымен қатар топ "керемет төрттік" және "ливерпульдік төрттік" деп аталады) Ливерпуль (Англия) қаласында 1960 жылы құрылған британ-ағылшын рок тобы болған. Музыка тарихында ең сәтті әрі сыншылардың тарапынан ең қадірленген топтардың бірі.Яғни Англияда құрылған топ,қысқаша айтқанда батыстың орындаушылары.Ал бәріміз білетініміздей,еліміздегі ең танымал әрі ең ауқымды орын алған топ бар.Ол ВИА Дос-Мұқасан.Өзінің ерекше инструменталды біліктілігі мен ешкім ойламаған Политехтың нағыз әншілері мен аспапшылары.Ел аузында қазақтың Билтзы деген сонау 1967 жылдары пайда болған кезінен-ақ айтылып келеді.Не үшін және қандай бірқатар себептер үшін оларды олай атаған?Сол уақыттың өзінде-ақ Дос-Мұқасан Кеңес үкіметіне өздерінің репертуары мен жасап жатқан өлеңдерінің лирикасы,ырғағы мен әуені жақпады.Олардың пікірінше,олар жас сананы,елдің жас буын қатарларының ойларын улап,батысқа еліктеп жатыр деген көптеген айыптаулар мен наразылықтар болды.Цензураның өзі де ол уақытта айтарлықтай орын алған,соның нәтижесінде олар советтік сипаттағы орысша өлеңдерді талап еткен.Ал Дос-Мұқасан тобы бұл айыпты елемеді.Ме не үшін осы екі топтың арасын біріктіргім келіп отыр? Себебі біріншіден,олар рок-н ролл жанрына ұқсас етіп,өлең жазған,оған дәлел ретінде олардың әндерінде инструменталды жағынан кездесетін осы жанрдың элементтері айқындайды,мәселен, «Сағындым сені» өлеңінің интросы,екіншіден,сол уақыттың өзінде-ақ үлкен у-шу мен тіпті төңкеріс тудыртқан бұл топты сол кезде олардың жаңашылдығын қабылдамаған.Демек олар үшін таныс емес нәрссе жат болған.

2 Кейс
Прометейдің отты ұлағаны ақталады деп есептейді
Ең алдымен Прометейдің отты ұрлағандағы басты мотиві мен сол кездегі ойын қарастырайық.Ол қаншалықты дұрыс болды және қандай нәтижеге әкеліп соқты?Жалпы,негізінде Прометейдің іс-әрекетін алып қарасақ,оның жасаған әрекеті тек Зевспен келіспеушілік пен өзгелердің ойымен санаспай,адамдарды олардың аспандарында тұрғызу болатын.Ал кейін оларға тамақты басқа әдіспен бқлеміз дегенде Прометей опасыздық жасап,өз әкесін қарсы шығып,ең төменгі деңгейдегі бөліктерін берген,нәтижесінде Зевс адамдар тамақты оңай алмасы үшін оларды өзінің отынан айырып,еңбек етуге стимул береді десек те болады.Алайда мұны да әділетсіз көрген Прометей ұрлыққа бел буады.Оның жасаған іс-әрекеті дұрыс емес.Неге?
Себебі,біріншіден «Ұрлық түбі - қорлық.» демекші ұрлық ешқашан ақталмайды,ұрлықтың нәтижесі адамдарға ауру түрлерін,қиындықтар мен әлемдегі ең нашар азаптарды алып келді.
Екіншіден,бұл адамдар тарапынан ақталмайды,себебі олар дайын нәрсеге бейімделіп,прогрессіз негізде өмір сүріп жатты.Ол өмір сүру емес,ол жай ғана тіршілік етумен тең сипатта болды,ал Зевс отын алып,оларға өз азығын өздеріне табуға міндеттеді,демек қиналған адам өмірден озады,ал тырысқан адам,өмірін жалғастырып,табандылыққа үйренеді. Еңбек етпесең, не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың деген Лев Толстойдың сөзінің өзі аша түскендей.Адамдарға басына осы сынақ түспегенде олар еріншек болып,ешбір іске бейімделмейтін еді және Құдайлардан еңбек етпегенінң нәтижесінде олар да ұрлыққа бармайтынына кім кепіл?
Сол себепті Прометейдің отты ұрлағаны ақталмайды.
3 Кейс
Әлсіз демократияға қарағанда,күшті диктатураны қолдайды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет