4.Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау.
Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі кезеңдері:
жұмыс күшін пайдалану жағдайын талдау;
еңбек өнімділігін талдау;
- еңбек ақы төлеу жағдайын талдау.
5.Өнімнің өзіндік құнын талдау.Өзіндік құнды талдау кезінде келесі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
- өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау;
- тікелей материалдық және еңбек шығындарын талдау.
6.Пайда мен табыстылық (рентабельділік) деңгейін талдау.
7.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деп оның өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін (қабілетін) айтамыз. Ол кәсіпорынның дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін,олардың ұтымды орналастыру мен тиімді пайдалануды,басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық өзара қарым -қатынасын ,төлем қабілеттілігін мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау кезінде бірқатар нақты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады.Оларды төмендегідей топтарға бөліп өарастыруға болады
1 ) кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсеткіштері;
2) кәсіпорынның өтімділігін бағалау көрсеткіштері;
3) кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері;
4) кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау көрсеткіштері;
5) кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіштері;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерін топтарының бірінші тобына мүліктік жағдайды бағалау көрсеткіштерін жатқызамыз.
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау оның өз мүлкін пайдалану тиімділігін сипаттайды.
Қаржылық тұрақтылық- табыстың шығыннан тұрақты дәрежеге артуы. Ол ақша қаражаттарын пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру және өткәзу үрдісінің үздәксәз болуына жағдай жасайды.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі оның өз капитаының қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын көрсететін бірқатар айналымдылығын коэффициенттермен сипатталады.
Сапалық өлшемдерге - өткізу нарықтарының (ішкі және сыртқы) кеңдігі, кәсіпорынның іскерлік беделі,оның бәсекеге қабілеттілігі,тұрақты жабдықтаушылары мен сатып алушыларының болуы және т.б. жатады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелерінің салыстырмалы сипаттамасы рентабельділік болып табылады. Кәсіпорын қызметін талдау кезінде табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері (сатудан түскен табыс,жалпы табыс ,қардыландырудан түскен табыс т.б.) оның қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанын (жақсы немесе жаман) толық сипаттай алады.