2.1 Типтік есептер
2.2.1 Негізгі капиталдың қалдық құнын анықта. Кәсіпорын 4 жыл бұрын заводтан шығарылған бағасы 15 мың тенге, жеткізу шығыны 3 мың тенгемен иелігіне алған болса, және жылдық тозу құны 1,5 мың тенгеге тең.
2.2.2 Экскаватордың амортизацияға жетпей жарамсызданған (авария нәтижесінде) құнын анықта. Бухгалтерлік мәлімет бойынша алғашқы баланстық құны – 32 мың тенге, амортизациялық жарна нормасы – 12%, соның ішінде күрделі жөндеу – 5%, экскаватордың аварияға дейінгі жұмыс уақыты – 5 жыл, металдарының істен шығу құны – 5 мың тенге, басқадай бөлшектер – 1,5 мың тенге.
2.2.3 Еңбек құралының моральдық тозудың 1 түрі әсерінен төмендеу құнын анықтау. Ескірген машинаның баланстық құны – 38 мың тенге; сондай модельдегі жаңа машинаның баланстық құны – 32 мың тенге; жылдық өнімділік – 10 мың м3; амортизациялық мерзімі – 10 жыл.
2.2.4 Моральдық тозудың 2 түрі әсерінен жабдықтың төмендеу құнын анықтау. Ескірген құралдың баланстық құны – 38 мың тенге; жаңа жабдықтың баланстық құны – 50 мың тенге; ескі жабдық өнімділігі – 20 мың м3/жыл, ал жаңа техниканың өнімділігі – 40 мың м3/жыл; мерзімі – 10 жыл.
2.2.5 Машинаның қалпына келтіру құнын анықта. Баланстық құны 30 мың тенге, қоғамдық еңбектің орташа жылдық өсімі 2%, моральдық тозу бағасы 4 жылдан кейін беріледі. Сондай жаңа машинаның баланстық құны 35 мың тенге, өнімділігі 1,5 есе жоғары. Олардыңң қызмет мерзімі бірдей.
2.2.6 Жол-құрылыс машинасы паркінің жаңалау коэффициентін анықта.
Кесте 1 – Берілген мәліметтер
Машина аты
|
Баланстық құны, мың тенге
|
Жыл басындағы саны
|
Шығыстаған саны, бірлік
|
Кірген саны, бірлік
|
Экскаватор
|
30,0
|
30
|
5
|
3
|
Грейдер
|
10,0
|
20
|
3
|
2
|
Бульдозер
|
20,0
|
30
|
-
|
1
|
Каток
|
15,0
|
10
|
2
|
-
|
2.2.7 Қор қайтарымы мен қормен жарақтанудың өсуін анықта, егер негізгі өндірістік капиталдың орташа жылдық құны 8,5 млн. тенге, есептік жылдағы өнім көлемі 14,2 млн. тенге, кәсіпорында есептік жыл бойынша бір жұмысшының өнімділігі 3,5 мың тенге болса. Жоспарлы кезеңде өнім көлемін 0,2 млн. тенгеге, ал бір жұмысшы өнімділігін 0,3 мың тенгеге арттыру қарастырылды.
2.2.8 Негізгі капиталдың алғашқы құнын анықта. Амортизациялық норма 23,6%, ал жылдық амортизация 65,8 мың тенге.
2.2.9 Техниканың экстенсивті пайдалану көрсеткішін анықта. Жылына жоспар бойынша машина 1300 аусымды жұмыс істеуі керек. Кезек ауысым ұзақтығы (есеп бойынша) 6 сағат, жыл ішінде есеп бойынша орташа жөндеуде тұруы 120 сағат, күрделі жөндеуде – 450 сағат.
2.2.10 Машинаның интенсивті пайдалану көрсеткішін анықта. Құжатындағы сағаттық өнімділігі 60 м3 , жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті 0,85. Машина 5 күн жұмыс жасады. Кезек ауысымының ұзақтығы 8 сағат, 5 күн ішінде 2600 м3 грунт өңдеді.
2.2.11 Машинаның интергальді пайдалану коэффициентін есептер 2.3.9 және 2.3.10 берілгендері бойынша анықта.
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ, ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
3.1 Теориялық мағлұматтар
Өнеркәсіптің айналым капитал өндірістің бір циклінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады. Айналым капиталының негізгі элементтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын,ыдыс,өндірісте аяқталмай қалған өнім, шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдар шығындары, т.б.
Айналым қаржысының меншікті нормативі
Соб =QgxTн (19)
мұнда Qg – күнделікті тұтыну қажеттігі;
Tн – айналым қаржы капиталының күнделікті нормасы, күн.
Qg = (20)
мұнда Qпл – жоспарланған жылдық айналым қаржысы;
Fпл – жоспарланған кезең бойынша күнтізбедегі күндер саны.
Tн = Ттр + Тпдг+Ттек + Тстр (21)
мұнда Ттр – тасымалдау запасы;
Тпдг - өндірісте тұтынатын материалдарды дайындау уақыты;
Ттек – ағымдағы запас;
Тстр – сақтық запас.
Ағымдағы запас Ттек материал жеткізудің орташа интервалының жартысына тең. Сақтық запас ағымды запастың жартысына тең.
Аяқталмаған өндірістегі айналым қаржыларының нормативі
Носнп = Сд Тц Кнз (22)
мұнда Сд – орташа бір күндік шығындар, тенге;
Тц – өнім дайындаудағы өндіріс циклінің ұзақтығы, күн;
Кнз – шығынның өсу коэффициенті.
Шығынның біркелкі өсуі кезінде:
(23)
мұнда См – негізгі материалдардың жоспарлық шығыны, тг;
Спроч – шығынның басқа элементтері, тг;
С – өнім бірлігін өндіруге кеткен жалпы шығын, тг.
Айналым қаржыларының пайдалану тиімділігін айналымдылық коэффициенті, айналу ұзақтығы және қаржылардың айналымдағы жүктелу коэффициентімен сипаттайды.
Айналым қаржыларының айналымдылық коэффициенті:
(24)
мұнда Qp – кәсіпорынның көптеп сату бағасындағы өткізілген өнім көлемі;
Сос – кәсіпорынның айналым қаржыларының жалпы нормативі.
Айналым ұзақтығы:
(25)
Айналым қаржыларының айналымдағы жүктелу коэффициенті:
(26)
мұнда Qтп – өнімнің тауарлық көлемі, тг.
3.2 Типтік есептер
1. Материал А капитал нормасын анықта, егер оның қойылымы бірқалыпты 30 күннен кейін орындалып отырса және тасымал запас3 күн, өндіріске қабылдау, дайындау 2 күн.
2. Өндірістік запастағы материалдың бір түрі бойынша айналым қаржыларының нормативін анықта. Өнімді шығару бағдарламасы жылына 2000 шт., бір өнімнің шығын нормасы 80 кг., бағасы 160 тенге болса, материалды әкелу аралығы 25 күн, сақтық запас кезеңі 10 күн.
3. Квартал бойынша материалдағы айналым қаржысының нормасын анықта. Материалдардың шығындары сәйкесінше: А – 10 мың тг., В – 2 мың тг., С – 6 мың тг.
Кесте 2 – Айналым капитал нормативі
Материал аты
|
Уақыт (ұзақтық), күн
|
Қаржылық айналым нормасы
|
Жолда
|
Түсіріу
|
дайындау
|
ағымды запас
|
сақтық запас
|
А
|
3,2
|
1
|
3
|
20
|
10
|
37,2
|
В
|
1,0
|
1
|
-
|
7
|
-
|
9,0
|
С
|
4,0
|
2
|
2
|
30
|
15
|
53,0
|
4. Айналым қаржысының өндірістік машина бойынша күрделі жөндеу жоспарының артық орындалу нәтижесінен болған босатылу өлшемін анықта. Жоспар бойынша күрделі жөндеу 100 мың тенге, күнтізбелік күн 360, жоспардағы айналым қаржысының нормативі 10 мың тенге, есептік жылда жоспарды орындау 120 мың тенге болды.
5. Болат тросындағы қаржы айналымын, айналымдылық коэффициентін және айналым ұзақтығын сонымен қатар, айналым уақытының 20% қысқаруы нәтижесінен айналым қаржыларының босатылу мөлшерін анықта.
Жоспар бойынша шығын – 14600 м. Жыл бойынша күнтізбелік күн саны – 365. 100 м/тг. келетін құн – 200 тенге. Ттр + Тпдг+Ттек = 6 күн
Кесте 4 – Есеп кітапшасындағы көрсеткіштер
Түскен күні
|
1.03
|
1.05
|
15.07
|
1.08
|
1.10
|
15.12
|
Саны
|
3000
|
1000
|
4000
|
200
|
5000
|
4000
|
6 Өнім F дайындауға 1000 шт материал кеткен. Әрбір материал санын анықта егер өндірісте бөлшектер келесі түрде жұмсалса:
Кесте 5 – Материалдар шығын мөлшері
Бөлшектер аты
|
Бір өнімге кеткен саны, шт.
|
Бөлшектің таза салмағы, кг.
|
Материалдарды пайдалану коэффициенті
|
А
|
1
|
180
|
0,80
|
В
|
2
|
25
|
0,85
|
С
|
4
|
30
|
0,60
|
Д
|
3
|
10
|
0,60
|
Достарыңызбен бөлісу: |