Жеке кәсіпкерлік – бір адам ғана айналысатын бизнес. Оның мүлігі мен жауапкершілігі шектелмеген. Жеке кәсіпкерліктің кемшілігі – капиталдың аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсысы барлық пайданы иемденеді, кез келген өндірісті өзі жасай алады, ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән бизнестің кең тараған түрі.
Толық серіктестік – бір-біріне жеке сенім артқан заңды ұйымдардың немесе жеке адамдардың бірлестігі, онда қатысушылардың бәріне серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің барлық мүлкімен ынтымақты жауапкершілік жүктеледі. Қатысушылардың жарналық үлестері, алынған табыстар мен басқа да заңды көздер есебінен құралған серіктестік мүлкі ортақ меншік құқығы негізінде оның барлық қатысушыларына тиесілі. Толық серіктестікке қатысушылар заңды ұйымдар дербестік пен заңды ұйым құқығын сақтайды. Жарғылық қоры минималды есептік коэффициент 25 өлшемінен кем болмауы керек.
Коммандиттік серіктестік – сауда немесе коммерциялық қоғамның бір түрі, оның қатысушылары кәсіпорын бойынша қауіп қатерді өзінің барлық мүлкімен толық мойнына алушыларға және коммандистерге немесе кәсіпорынға жұмсалғаны үшін ғана жауап беруші және пайдадағы үлесін ғана алушы салымшыларға бөлінеді (100 айлық есептік көрсеткіш).
Жауапкершілігі шектеулі қоғам – фирма қызметіне қатысушы адамдардың бірлестігі, бұл бірлестікте қатысудлардың әрқайсысының фирманың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі оның барлық қатысушылары үшін әрбір қатысушы үлесінің мөлшеріне бірдей қосқан үлесімен шектеледі.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам – қатысушылары өздерінің жарғы қорына қосқан үлесіне байланысты міндетемелерге жауап беретін қоғам.
Акционерлік қоғам – жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтежисінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шектеледі.
Өндіріс кооперативтері – азаматтардың еркін түрде біріккенін білдіретін заңды тұлға.
Кәсіпорындар бірлестігі. Кәсіпорындар ассоциацияларға, концерндерге, холдингтерге, салааралық, аймақтық және басқа да бірлестіктерге біріге алады. Бірлестіктер келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік әс-әрекетті үйлестіру, ортақ мүліктік қызығушылықтарын қорғау және кәсіпорынды кеңейту мақсатында құрылады.
Картель – монополистік бірлестіктер нысандарының бірі, оған қатысушылар монополиялық пайда табу мүддесін көздеп, баға туралы, өткізу рыногы туралы, өндіріс көлемі туралы, патенттер алмасу туралы, жұмыс күшін жалдау шарттары туралы келісім жасасады.
Синдикат – кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік және заңды дербестігін сақтай отырып, бүкіл коммерциялық қызметті жүзеге асыруды мойнына алады.
Трест – кәсіпорындарды біріктіру нысаны, мұнда олар өзінің шаруашылық және заңды ұйым дербестігінен айырылады, бірыңғай жоспар бойынша жұмыс істейді. Басқаруды орталықтандырудың неғұрлым жоғары дәрежесімен, сондай-ақ, қызметтің едәуір дәрежеде әртараптандырылуымен сипатталады.
Концерн – көп салалы монополистік өнеркәсіп бірлестігінің қазіргі экономикалық жағынан үстем нысаны. Өндірісті әртараптандыруға сүйене отырып, концерндер өзінің құрамында ондаған, жүздеген әр түрлі кәсіпорындарды, ғылыми-зерттеу мекемелерін, оқу орталықтарын және орасан зор экономикалық кешеннің қызметін қамтамасыз ететін басқа да көптеген буындарды біріктіреді. Концернге кіретін кәсіпорындар сөз жүзінде дербес кәсіпорындар болып қалады, ал іс жүзінде концернді басқаратын қаржы алпауыттарының бақылауына бағынады.
Конгломерат – қазіргі зманғы монополистік бірлестіктер нысандарының бірі. Алған рет 1960 жылы АҚШ-та пайда болды. Басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік.