1 КӘсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық ЖҮйенің негізгі буыны ретінде



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі27,03 Kb.
#181033
1   2   3
Байланысты:
1 Лекция

Холдинг-компания – құрамына кіретін кәсіпорындардың акцияларының бақылаушы пакетке ие болатын бірлестік. Холдингке кірген кәсіпорындар өздерінің заңдық, шаруашылық, өндірістік дербестігін сақтап қалады.
Консорциум – бірнеше банктер немесе өндірістік кәсіпорындардың инвестициялық жобалардың ірі қаржылық және коммерциялық операцияларын жүзеге асыратын уақытша келісім.
Консорциумды ірі монополия басқарады, ол келісімге қатысушыларды таңдайды. Комиссиондық сыйақының мөлшерін анықтайды.
Пул – картель типті бірлестік. Пулдың айырмашылығы мұнда пайда пул мүшелеріне ерекше тәртіппен бөлінеді. Пул мүшелерінің пайдаларын ортақ қорға жинайды, одан кейін оны алдын-ала белгіленген пропорция бойынша бөледі.
Кәсіпорындарға қажетті заттар: материал, шикізат, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар, есептеу құралдары, ақпарат, отын, отын-энергия, жер ресурстары, ғимараттар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтар, ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның шығаратын заттары: белгілі бір ассортименттегі, номенклатурадағы, көлемдегі дайын өнім, өндіріс қалдықтары, өндіріс шығындары, ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның құрылымы: негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, қызмет етуші және қосалқы бөлімдер.
Кәсіпорын жүргізетін процесттер: ғылыми зерттеулер, жобалау, конструкциялау, дайындау, жөндеу, бақылау, қызмет ету, сақтау, тасымалдау, түптеу, орау, басқару.
Кәсіпорынның басқару қызметтері: статистика, есеп, талдау, жоспарлау, шешім қабылдау, ынталандыру, бақылау, реттеу.
Кәсіпорындардың ұйымдастыру қызметтері: нормалау, оперативтік жоспарлау, диспетчерлеу, басқару фукциясын орындау, ресурспен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын жоспарлау, ыңғайлы жұмыс жағдайларын жасау, дайын өнімді сату.
Кәсіпкер:

  • жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасауы керек;

  • өндірістің жаңа әдісін енгізуі керек;

  • жаңа өткізу рыногына шығуы керек;

  • шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табуы керек.

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Пайда болу саласына байланысты тәуекел: табиғи, экалогиялық, саяси, көліктік, мүліктік болып бөлінеді.
Табиғи тәуекел табиғат апаттарынан (жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, жел) болатын тәуекел.
Экологиялық тәуекел қоршаған ортаны газбен, басқа да тастандылармен ластаумен баиланысты тәуекел.
Саяси тәуекел экологиялық процестерді мемлекеттік реттеу әдістерімен жалпы саяси жағдайлармен анықталады.
Көліктік тәуекел жүктерді автомовиль, су, темір жол, әуе көліктерімен тасымалдауға тән.
Мүліктік тәуекел жұмысшылардың жауапсыздығының арқасында мүліктің ұрлануымен, бүлінуімен байланысты тәуекел.
Кәсіпкерлік тәуекел- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде ресурстарының бір бөлігін жоғалту, қосымша шығындардың пайда болу ықтималдығы.
Кәсіпкерлік тәуекелді өндірістік, қаржылық, инвестициялық, сыртқы экономикалық қызмет тәуекелдігі болып бөлуге болады.
Өндірістік тәуекел кәсіпорынның коммерциялық қызметімен байланысты. Өндірістік тәуекел дегеніміз кәсіпорынның тапсырыс берушімен жасаған контракт бойынша өз міндеттемелерін орындамау мүмкіндігі, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетудегі тәуекел, баға саясатындағы қателік, банкроттылық тәуекелі.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік қызметінде төмендегі тәуекелдерді ажыратуға болады.

  • қажетті материалдарды, қүрастырушы бөлшектерді және басқа да өнімдерді жеткізуге шарт жасасу мүмкіншілігі болмаған жағдайда кәсіпорнының толық тоқтап қалу тәуекелі.;

  • жеткізу бойынша жасасқан шарттардың орындалмағандықтан материалдардың кәсіпорынға жетпеу және жеткізушіге алдын-ала төлеген ақшаның қайтпау тәуекелі;

  • өндірілген өнімді өткізуге шарттар жасалмау тәуекелі;

  • тұтынушының төленген немесе алған өнімін қайтару тәуекелі;

  • баға тәуекелі;

  • ақаулық нәтижесінде жабдықтың тұрып қалу тәуекелі;

  • материал ресурстарының бұзылу тәуекелі және т.б.

  • Қаржы тәуекелі, қаржы-несие, биржа сферасында, бағалы қағаздармен операция жүргізу барысында болатын тәуекел.

Қаржы тәуекеліне:
- несие тәуекелі
- паиыз тәуекелі
- валюта тәуекелі
- кәсіпорынның қаржы қызметінің және қаржы паидасын жіберіп алу тәуекелі жатады.
Инвестициялық тәуекел- кәсіпорынның инвестициялық қызметімен байланысты тәуекел. Инвестициялау түрі немесе бағыты бойынша:
- бағалы қағаздарды инвестициялау тәуекелі немесе”портфельдік тәуекел”. Ол нақты бір бағалы қағаздардың немесе қалыптасқан бағалы қағаздар портфельінің табыстылығының төмендеу тәуекелі сипаталады.
Кәсіпорын қызметінен тәуелсіз сыртқы факторлардың өзгеруі нәтижесінде нақты инвестициясының табыстылығының төмендеуі тәуекелің
Жаңашылдық (новосторство) тәуекелі, техникалық жаңалық енгізумен, өндірістің экономикалық немесе ұйымдастырушылық жағымен байланысты тәуекел.
Сыртқы экономикалық тәуекел тұтынушы және сатушы тәуекелі болып 2-ге бөлінеді.
Тұтынушы тәуекелінде ол тауарға ақша төлеп, тауарды кешіктіріп немесе сапасы төмен тауар алады.
Сатушы тәуекелі жеткізілген тауарға ақы төлеумен, экспорт өнімге баға белгілеумен,валютаны таңдаумен байланысты тәуекел.
Кәсіпорынның банкроттығы
Банкроттық дегеніміз кәсіпорынның өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым.
Кәсіпорынның банкроттығына ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Кәсіпорынның банкроттығы төмендегідей болып бөлінеді.
- кәсіпорынды тиімсіз басқару, маркетинг стратегиясын дұрыс жасамауға байланысты банкроттық;
- кәсіпорынның дамуына арналған инвестициялық қорлардың жетіспеуінен болатын банкроттық;
- бәсекелестігі төмен өнім өндірумен байланысты банкроттық;
- банкроттықтың басқа да түрлері.
Банкроттылық тәртібі.
- Бақылау
- Қаржылық сауықтыру
- Сыртқы басқару
- Конкурстық өндіру
- Бейбіт келісім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет