1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру


Балалар тәрбиесіндегі емдік дене шынықтыру



бет70/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Балалар тәрбиесіндегі емдік дене шынықтыру.

Балалардың жас кезіндегі физикалық дамуы, үлкейгендегі функционалдық мүмкіншіліктері мен денсаулық денгейлерін айқындайды. Жас нәрестелердің қозғалу белсенділіктері туа біткен рефлекстердің негізінде қалыптасады да, өсе келе басым бөлігі шартты қозғалыс рефлексі болып біртіндеп жойылады. Мектепке дейінгі және мектеп жасында өмірлік кезеңдік қозғалыстар қалыптаса бастайды. Дене тәрбиесі жас балалардың денсаулықтарын нығайтуға, қоршаған ортадағы қолайсыз әсерлерге әсіресе жұқпалы ауруларға қарсылығын оятуға, қозғалыс мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталады. Балаларға дене жаттығулары 3(үш) түрге бөліп жасалады:

1. Тітіркендіру жаттығулары.

2. Баяу жаттығулар.

3. Қарқынды жаттығулар.

Дене жаттығуларын жасау үшін қозғалыс аппараттары мен организмдерінің ерекшеліктеріне байланысты жасына қарай 4 топқа жіктейміз.

1,5 айдандан - 4 айға дейін,

4 айдан - 6 айға,

6 айдан - 9 айға,

9 айдан - 12 айға дейін

Гимнастикалық жаттығулар жас нәрестелерге массажбен бірге температурасы 20º-22ºС болатын бөлмеде кәдімгі стол үстінде жасалады. Оған 4 қабатталған жұмсақ төсеніш төселіп бетіне таза жаялық жайылады. Жаттығу кезінде баланы толық жалаңаштандырады. Жаттығу күнделікті жасалады. Науқас балаларға күніне 2-3 реттен, ұзақтығы 6-8 минут. Анасының немесе жаттығу жасайтын мейірбикенің қолдары құрғақ әрі таза, тырнақтары алынған болуы керек. Балаларға жаттығу кезінде жылы сөз айтып аялау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет