Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (ЕДШ)
ЕДШ орындарын ұйымдастыру.
Емдік денешынықтыру және медициналық бақылау пәнінің оқыту мақсаты дені сау және ауру адамдарға денешынықтыру шараларының әсерінің механизімін білу негізінде, жаттығу әдістерін қалпына келтіру және емдеудің барлық кезеңдерінде қолдану. Сонымен қатар спортпен және денешынықтырумен шұғылданған кезде денсаулықтың қалпына дәрігерлік бақылау жасау.
Емдік гимнастика- қазіргі кезде көп тараған емдеу әдістерінің түрлерінің бірі. Ерте кездерде бойдағы дерттен арылу үшін, адам табиғиттың сыйы- суды, жарық сәулені, әр-түрлі қимыл қозғалысты пайдаланған. Денешынықтыру ХVІ-ХVІІ ғасырларда емдік бағытта қолдана бастады. Бұл кездерде Ресейде қозғалыс пен жылуды қатар беру арқылы (травматалогияда) қолданды. ХVІІІ ғасырдың аяғында көптеген ғалымдар аурудың алдын алу бағытында дамыту жолында еңбек етті. ( М.В. Ломоносов, А.П.Протасов) 1923-1924 жылы емдік денешынықтыру шынығу орындарында ( профилактория , санатория, курорт)-ға енгізілді. 1926 жылы И.М.Саркизов-Серазини емдік денешынықтыру кафедрасын ашты. Осы жерде үлкен дайындықтан өткен алғашқы докторлармен кандидаттар (В.Н.Машков,Д.А. Винокуров) болды. Сол кездегі бірінші денсаулық сақтау Халық комитеті Н .А.Семашконың бағыт бағдар беруімен отызыншы жылдың басында ЕДШ бөлімдерімен бөлмелері ашылды.
ЕДШ-дың медицина саласында денсаулықты қалпына келтіруде, аурудың алдын алуда, мүгедекті азайтдға үлкен маңызы бар. ЕДШ - бұл ағзаның биологиялық қасиеті қозғалысты қолдану тәсілі. Қозғалыс негізінен ағзалардың қалыптасуын, жетілуін реттейді. Денешынықтырудың биологиялық маңызы адамның іс- қимылын және жұмыс қабілетін арттыру. Дене жаттығулары- емдік гимнастиканың басты құралы. Ішкі ағзалар мен сыртқы бұлшық еттер тығыз байланыста болғандықтан жоғары нерв жүйесі (ми қыртысы) қадағалып жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл- қозғалыстың тапшылығы (гиподинамия) әр түрлі ауруға әкеп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |