1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру


Ішкі ағзалар ауруларында емдік денешынықтыруды



бет7/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Ішкі ағзалар ауруларында емдік денешынықтыруды

қолдану.
Басқа індеттерге қарағанда ішкі ағзалардың ауруы жиі кездеседі. Оларды жүрек қан тамырлары, өкпе тыныс жолдары, ішек қарын, бауыр-өт жолдары, зат алмасу ауруларына бөледі. Ауру жедел, жәй, созылмалы түрде өтеді.

Адам организмі біртұтас дүние екенін ежелден білеміз, сондықтан бір мүше сырқатқа шалдықса , басқа ағзаларға да кері әсерін тигізуі ықтимал. Бір жер ауырса, адамның тұла бойын зіл басып, әлсіздік, селқостық, жұмысқа деген ықылас азайып, немқұрайдылық пайда болады.

Осыған байланысты тек бір ауруды ғана емес, бүкіл организмді, адамды толық емдейді. Сол үшін бірден күрделі емдеу әдісін қолданады. Оған дәрі – дәрмек, тоқпен емдеу, балшықпен емдеу, ине, массаж, хирургиялық операциялар және емдік гимнастика жатады.

Емдік гимнастика өзінің әлдендіретін (сергітетін) механизмі арқылы адамға күш жігер беріп, көңіл – күйін көтереді. Бұл адам ауыр жараланғанд, қатты науқастанғанда, қайғыға душар болып өзінен-өзі түңілген кезде өте пайдалы.

Ішкі ағзалар ауруында емдік гимнастиканың қоректендіру механизмі де маңызды роль атқарады. Қимыл – қозғалыс ауру салдарынан туған кемтікті толтырып, қан айналымын жақсартып, зат алмасуын күшейтеді.Соның нәтижесінде организм қалпына келеді.Адамның қызметке деген қабілеті артып, ширақтық пайда болады.

ЕДШ жаттығулары әр аурудың немесе ағзалардың ерекшеліктеріне байланысты қолданылады. Тыныс алу жүйелерінде тыныс жолдарының ауа айналысын жақсартуға, қан айналысын, зат алмасуын жақсартуға, тыныс жолдары бұлшық еттерін нығайтуға, плевра қуысына жиналған сұйықтықтарды тарқатуға бағытталады. Ас қорыту ағзаларында емдік жаттығулар іш қысымын азайтып ағзалардың қызметін жақсартуға , маторлық секреторлық функциясын қалыпқа түсіруге арналады. ЕДШ науқастардың ауырсынулары басылып дене қызуы және қан анализдері қалыпты жағдайға жеткенде жасалады. Жүрек қан тамыры жүйелерінде ЕДШ науқастардың қан айналысын жақсартып , қалыпқа түсіруге , өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталады.

Жаттығу кезінде қан қысымы артып, тамыр соққысы жиілеп, қан айналымы ұлғаяды. Сондықтан АД, РS өлшеп , қадағалап отыру қажет. Е.Г. баяу үзіліс жасап, тыныс алу жаттығуларымен алмастырып отырады. Зат алмасу жүйелері араларында комплекстік емдеуде ЕДШ –ң маңызы зор. ЕДШ-ң өзіндік әдістері бар. Қант диабетінде жаттығуды науқастың жағдайына қарап, бақылап отырып тағайындалады. Қандағы қанттың құрамын, зәрдегі құрамын қадағалап отырып жасайды. ЕДШ-ң әсері зат алмасуды реттеу , қан айналысын жақсарту және жүрек тамыр жүйесі, тыныс алу , ас қорыту жүйелері ағзаларының жұмысын арттыруға арналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет